Саттар Куандык жмка-03-19



Дата18.12.2021
өлшемі30,5 Kb.
#102999
Байланысты:
Sattar Quandyq 8pz
14пз несеп шыгару жүйесі, 14пз несеп шыгару жүйесі, Глоссарий, тест, есеп.docx, қазақ пат мі Назарбаев құжат — копия


Конфликтінің қатысушыларыменжүргізушілері, олардың қажеттіліктері,мүдделеріменмақсаттары. Конфликтінің кеңістік-уақыттық шекаралары. Конфликтінің типтіккезеңдері. Конфликтінің функцияларымензардаптары.

Саттар Куандык ЖМКА-03-19

Конфликт - күрделі және көпсалалы әлеуметтік феномен болып табылады. Мұнда бірнеше тараптан бір немесе бірнеше ортақ қызығушылықтармен біріккен қатысушылар болады: индивидтер, әлеуметтік топтар, ұлттық-этникалық топтар, мемлекеттер, мемлекеттер тобы. Конфликттер әр түрлі себептерге және мотивтерге байланысты болады, мысалы: психологиялық, экономикалық, саяси, құндылықты, діни және тағы да басқа. Онымен қоса әрбір тұлға іштей қарама-қайшылықтар мен стресстерге жақын келетінін де ескеруіміз керек. Мысалы, бірнәрсені бар ынтаңмен қалай тұра, олай жасауға болмайтын жағдайлар кімде болмайды? немесе жаңадан бастап өз ісіңмен айналысқың келеді, бірақ, барыңнан айрылып қалмаймын ба? немесе қолымнан келмей қалмайды ма? деген қорқыныш кімде болмайды? Маңыздылығы бойынша екі бірдей құндылықтың біреуін таңдау керек болады т.б.

Конфликттердің осындай негіздерінің, формаларының, кезеңдерінің, мақсаттарының көптүрлілігі әсерінен конфликт түсінігі мен оның типологиясын анықтауда қиындықтар туындайды.

«Конфликт - қызығушылықтары (қажеттіліктері, мақсаттары, идеалдары, түсініктері) мен көзқарастары қарама-қайшы келетін субъектілердің қатынасы әсерінен туындайтын әлеуметтік құбылыс»

Конфликтінің мәнін түсіну үшін оның пайда болу жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтап алу керек. Конфликт әрқашан өзара қарама-қайшы келетін қызығушылықтар мен көзқарастардың әсерінен пайда болады. Конфликтінің пайда болуына әсер ететін жағдайлардың қатарына қарама-қайшылықтарды жатқызуға болады.

Конфликтіге бір-біріне өзара зақым(моральды, материалды, психологиялық) келтіру арқылы көрініс табатын әлеуметтік қарым-қатынас субъектілерінің күресі тән.

Әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері арасында қарама-қайшы келетін көзқарастарының, қызығушылықтарының және келіспеушілік жағдайының болуы конфликтінің пайда болуына қажетті және жектілікті жағдай болып табылады.

Конфликтінің негізгі құрылымдық элементтері:

- конфликтіге түсуші жақтар;

- конфликтінің пәні;

- конфликтілі жағдайдың кейпі;

- конфликтінің мақсаттары;

- конфликтіге түсуші жақтардың позициялары.

Конфликтіге түсуші жақтар деп тікелей қызығушылықтары бұзылған әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері немесе ашық түрде конфликтіні қалап тұрған субъектілер есептеледі.



«Конфликтінің пәні - қарама-қарсы жақтардың арасындағы күрестің туындауына себепкер болатын объективті түрде бар немесе бар секілді болып көрінетін мәселе (билік, қарым-қатынас мәселелері, қызметкерлер арасындағы бәсекелестік және т.б.)».

Конфликтіге түсуші жақтардың позициялары - конфликт кезінде немесе келісім процесінде бір-біріне айтылатын нәрсе.

Мысалы: кез-келген ресурсты бөлу. Егер, бұл ресурсты бөлудің ережесі болып, барлық қатысушылар сол ережемен келісетін болса, онда ешқандай мәселе де, дау-дамай да туындамайды.

Егер, ереже болмаса немесе бар ережемен бір қатысушы келіспесе,  ресурсты қалай бөлу керектігі туралы сұрақ туындайды. Бұл мәселе уақытылы шешілмеген жағдайда ресурсты бөлу кезіндегі қарым-қатынас ережелерінің болмауы басты себеп болатын конфликт туындайды.

Конфликтілік жағдай және қандай да бір оқыс оқиға – конфликтінің туындауына алғышарт ретінде.

Екі немесе одан да көп субъектілер көзқарастарының айырмашылықтары бар екенін түсініп қана қоймай, өзара қарсы күрес жүргізгенде ғана конфликт пайда болады. Көзқарастар мен қызығушылықтардың бір-біріне қарама-қайшы келуі және екі жақтың оны саналы түрде the

конфликтінің шығуына жеткіліксіз. Конфликтінің басталуына әлеуметтік жүйедегі шиеленісті жағдайдың туындауы алғышарт болады.

Болуы мүмкін шиеленісті жағдайдың шынайы, яғни, айқын көрінетін шиеленіске айналуы конфликтілік жағдайды туындататын даулы әрекеттің субъектісі пайда болғандығының айқын көрінісі.

Субъект дегеніміз - билікке, материалды немесе рухани байлыққа байланысты қарсыласына қарағанда өзінің әділетсіз қатынасын саналы түрде түсінетін әлеуметтік топ немесе индивид.

Бірақ, конфликтілік жағдайдың субъектісі конфликтінің обьектісін құрайтын өмірлік маңызы бар ресурстың жетіспеушілік фактісін индивид немесе белгілі бір топ саналы түрде түсініп немесе сезінгенде пайда болады. Оның үстіне конфликтінің пайда болуы үшін өздерінің мақсаттарына жету үшін субъекті тарапынан жасалатын активті іс-әрекет болу керек.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет