2)Сөздік қорын, тілін дамыту.
3) Г дыбысына қатысты сөздерді сауатты оқуға, жазуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-Өткенде қай дыбыспен таныстық?
- Й й дыбысы мен әрпі.
-қандай дыбыс?
-Жіңішке дауысты дыбыс.
Ережені еске түсіру.
Дыбыс деген не? Әріп деген не? (Дыбысты- естиміз, айтамыз,
әріпті- көреміз, жазамыз, оқимыз).
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ шешу.1. Жетіден кейін сан. 2. Түнде ұшатын құс. 3. Ешкінің төлі.
-Гүл дегенде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? -Г г дыбысы.
-Бүгінгі біздің танысатын әрпіміз…. (хормен айту) -Г-г-г
-Айтылуына қарай қандай дыбыс?
Дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз. Дауыссыздардың үйіне саламыз.
Баспа ,жазба түрімен таныстыру.
Баспа түрімен қайда жазылады?
Жазба түрімен қайда жазылады?
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
1. Г дыбысына байланысты суреттер көрсету. Суреттер бойынша сөйлету.
2. Буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату.
Гүл – 1 буын, 1 дауысты, 2 дауыссыз дыбыс бар.
-Гүлді сендер жақсы көресіңдер ме?
-Мереке, мейрамдарда ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, достарымызға гүл сыйлаймыз.
Гүлдің түрлері өте көп.Түстері әртүрлі болады. Гүл хош иісті, әдемі болады. Гүл адамға қуаныш, шаттық сыйлайды. Көңілімізді көтереді.
1. «Ай мен әтеш» мәтінің мәнерлеп оқу.
2. Тізбектей оқу.
3. Шығарманың қай түріне жататынын айту.
ҮІ. Дәптермен жұмыс.
1. Жазба әріптің үлгісін тұтас көрсету.
2. тақтада жазу.
3. Ауада жазу.
4. Көзді жұмып жазу.
5. Дәптерге түсіру.
Сергіту сәті. «Гүл өсірем үйде».