Сабақтың кең тараған түрі біріккен сабақ болғандықтан аз кем тоқтатылып өтелік:
1)Біріккен сабақтың әр бөлігі өзара жымдасып, қабысып,жүйелі бір тұтас сабақ болып өтеді
2)Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын анық түсіндіреді:
3)Сабаққа қажетті материал алдын ала іріктеліп жан жақты толық дайындалады:
4)Сабақтың жоспары да алдын ала дайындалады.Біріккен сабақ бірте үй тапсырмасын қайталап өткен материалды жаңа материалмен байланыстырудан басталса, енді бірде жаңа материалды түсіндіруден, ал кейде жаттығу жұмыстарынан басталады.