Сауат ашу пәні бойынша 1-сыныпқа арналған дидактикалық тапсырмалар



Дата08.09.2017
өлшемі177,19 Kb.
#31527
Сауат ашу пәні бойынша 1-сыныпқа арналған дидактикалық тапсырмалар
1 Берілген әріптерден сөз құра. А,с,м,л,р, к, ж, е

2. Мына сөздерді тиісті әріптермен толықтыр. Алм...рт, өр..к, көш..., ж...зім, көз...лдірік.

3. Өрнек, жас, бет, қай сөздерінің бір дыбысын өзгерту арқылы бірнеше сөз жаса.

4. Аяз, қар, боран сөздерін қатыстырып сөйлем құрастыр.

5. Берілген сөздерде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Көгершін, қызғалдақ, қоян, лақ, дала, раушан.

6. Мына дыбыстардан сөз құрастыр. 1) р,қ,а 2)а,л,а,қ. 3) к,е,м,п,т,е. 4) л,а,б,а

7. «Қай әріпті жоғалттым?» ...есе, ан..., кем..., мекте..., шан..., баты...

8. Дауысты дыбыстан басталатын сөз ойла, дауыссыз дыбыстан басталатын сөз ойла, сөйлем құра

9. Көп нүктенің орнына дауысты немесе дауыссыз дыбыстарды қой.

Ба...ық, қ...лам, ...урет, қай...ң, бишіл...р, ақ...у, мы...ық, алқ..., жұл...ыз.

10. Мына сөздердегі дыбыстарды екіге бөліп жаз. Алуа, ине, шөп, жылқы, сарай. Дауысты, дауыс-з

11. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды бөліп жазу

Жаз. Күн шайдай ашық. Балалар аулаға серуендеуге шықты.

12. Толықтыру тесті. Ұйқасын тап.

Ұстаған жерде қолы ...

Тістеген жерде тісі қалады.

Дауысты дыбыстардың астын сыз.

13. Сәйкестендіру тесті. Мына берілген сөздерге тиісті дауысты дыбыстарды сәйкестендір.

Кіт...п Ой...ншық ...шіргіш (ө, а, ы)

14. Шығармашылық диктант. Мына сөздерді пайдаланып, сөйлем құра

Білім, бұлақ, оқу

15. Төменде берілген сөздерді жіңішке дауысты дыбыстармен толықтыр.

Әт...ш, ...рм...кш..., ерт...г..., әд...п, к...ш, ...ңб...к, әңг...м..., ес...к,

16. Мына сөйлемдерді оқыңдар, неше сөйлем бар екенін анықтаңдар.

Күн суытты қар жауды аяз болды су қатты.

17. Мына өлең жолдарын әрі қарай жалғастыр.

Ауыл алды ақша қар,

Ақша қарда балалар,

..................................

18. «Қай әріп жоғалды?» Т...л, т...с, ...р, к...лт, к...л, ш...п.

Осы әріптер қандай дауысты дыбыстар?

19. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра.

Қызығы, қыс, басталды. Айбол, киінді, жылы.

20. Толықтыру тестісі. Жіңішке дауысты дыбыстар: ....................................

21.Толықтыру тесті. Сәйкес сөздерді бағытпен көрсетеді. (→)

Балалар ... ұстады. сүт

Оқушылар ... терді. инелік

Сиыр ... береді. Жидек

И дыбысының жуан, жіңішке естілуін ажырат.
22.Толықтыру тесті.

Батыр туса - ............................

Жаңбыр жауса - .....................................

Осы мақалдан у дыбысы бар сөзді тауып, ол қандай дыбыс екенін ажырат.

23. Мына сөздерді жуан, жіңішке дауысты дыбыстарына қарай ажырат

Тіл, білім, өнер, ақын, күлкі, қалам, дәптер, ата, әже, немере.

Жіңішке дауысты дыбысы бар сөздер: ..........................................................

Жуан дауысты дыбысы бар сөздер: .................................................................

24. Мына сөздерді екі жаққа тиісінше қыстыр: ғажап, гүл, алға, биік, оқушы, әнші

Жуан дауысты Жіңішке дауысты

25. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, мақалды оқы.

Өт...р...к сөз – ұят,

Ш...н сөз мият.

26. Толықтыру тесті. Ұйқасын тап.

Білмейтұғын ұзауды,

Шақырамын ...

27.Тиісті әріптерді қой.

Сызғ...ш. Кірп...ш. Өш...рг...ш. Қ...рғ...ш. ...лг...ш. С...йл...қ. (ы, і)

28. Мына сөздердің ішіндегі дауысты дыбыстардың астын сызып, жуан немесе жіңішке екенін айт.

Түйе, күн, бала, Жанар, есік, ту, бұлт, өнерлі.

29.Мына сөздердің дауысты дыбыстарын ажырат: сыпырғы, құрт, домбыра, үкі, бидай, асық.

30. Адасқан әріптерден мағыналы сөз жаса.



  1. Қ, у, о, ы, ш. 2) т, п, і, к, а. 3) і, і, б, м, л. 4)м, м, а, ғ, ұ, л, і.

5) о, н, а, т. 6) а,т,а,л,п

31. Тиістісін қой ұ-ү, ы-і, а-ә

Жуан жіңішке

С...р с...р

С...н с...н

Қ...р к...р

32. Аспан, қыран, бүркіт сөздерін созып айту арқылы буындарға бөл.

33. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра.

Біз, доп, мектепте, ойнаймыз.

Сөйлемдегі сөздерді буынға бөл.

34. Әке, күн, бала сөздерін буынға бөліп жаз.

35. Толықтыру тесті. Төмендегі өлеңді толықтыр:

Кел, балалар, .............................................

Оқығанды көңілге

Ықыласпен .........................................

Көп нүктенің орнына қойылған сөздерді буынға бөл.

36. Халық, пырақ, аңыз, шаңырақ сөздерін буынға бөл
37. Сәйкестендіру тесті. Екі бағандағы буындардың сәйкес келетінін сәйкестендіріп сызады.

Бал лам


Дәп ға

Қа тер


Ша но

Ки на


Сыр ла

Су ға


38. Буынға бөл: тауық, гүл, алма, піл, көбелек, жаға, жалау, топ, балалар.

39. Бір буынды, екі буынды, үш буынды сөздер ойлап жаз.

40. Сөз ішінен буындар түсіп қалыпты. Ас-...-нам, о-қу-...-лар, мұ-ға-...

41. Жақсылық сөзін тасымалда

42. Тасымалдауға келмейтін сөздің астын сыз.

1. Күн шашуын бізге шашып тұрғандай керемет!

2. Ана – өмір шырағы.

3. Ит – адамның досы.

4. Су – өмірдің мәні.

5. Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі.

43. Мына сөздерді бөліп көрсет. Аға, қалам, іні, дәптер, кітап, әже, қаламұш

Тасымалданатын сөздер: .............................................................................

Тасымалданбайтын сөздер: .....................................................................................

44. Ең, ал, аса сөздерін тасымалдауға бола ма?

45. Өлеңді оқып, тасымалданбайтын сөздердің астын сыз.

Су ағады, қар еріп

Қуалап сай жыраны

Көгереді тал, өрік

Жұпар шашып тұрады.

46. Мына сөздерді өзеннің ар жағына қалай тасымалдауға болады?

Сулары, өзен тасыды.

Сөздерді тасымалдап болған соң, әрқайсысын өз орнына қойып, сөйлем құра

47. Жаңылтпаш сөзін тасымалда.

48. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құра.

Күн, шашып, сәуле, тұрады, бізге.

Тасымалданатын сөздің астын бір сызықпен, тасымалданбайтын сөздің астын екі сызықпен сыз.

49. Өлеңді оқып, ішінен тасымалданбайтын сөздерді тауып, астын сыз.

Отан үшін, халық үшін

Талмай еңбек етеміз

Оқып-біліп құлшынамыз

Жеңістерге жетеміз.

50. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра.

Отан, отқа, үшін, түс, күймейсің

51. Толықтыру тесті. Жоғалған буынды тап.

Өзеннің арғы жағына қа...пен өттік. Та... балапандарымен бірге көгалда жүр.Біз дәмді қа... жедік.

52. Орны ауыстырылып берілген әрріптерден сөз құрастырып, оларды әліпби ретімен орналастыр. 1) л, ү, г 2) ә, і, р, п 3)л, і, ә, п, и, б

53. Мектеп сөзінің әрбір әрпіне сөз құрап жаз. М-.............. Е-............... К-................. Т-..................

54. Төмендегі екі бағанадағы сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.

Ақылды

Әдепті бала тәртіпсіз



Білімді

Әдепсіз бала салақ

Өсекшіл

55. Мына сөздерді орнына қойып жаз. Дәптер, сурет, кітап, парта









Ә






















Р
















І
















п













56. Әріп деген сөздің әрбір әрпіне сөздер жаз.

57. Толықтыру тесті. К...тап, ж...зу, оқ,,,лық, дәпт...р, к...гершін

58. Екі бағандағы сөздерді қолданылуына қарай сәйкестендір, толықтыр.

1) Кешіріңіз а)Халіңіз қалай?

2) Сәлеметсіз бе? Ә) Кітапты алып бересіз бе?

3)Ренжімесеңіз б) Кіруге бола ма?

59. Төмендегі ережені толықтыр. Мәтін - ............................................................

А) Дұрыс құрылған сөйлем

Ә)Өзара мағыналық байланыста айтылатын бірнеше сөйлем

Б)Өзара мағыналық байланысқан бірнеше сөз.

60. Менің Әсем деген сіңлім бар. Ол сурет салуды ұнатады. Ол менен үлгі алады. Сондықтан мен жақсы оқушы болуым керек.

(Мәтінде неше сөйлем бар? Мәтінге ат қой)

61. Сәйкестендіру тесті

1) Мәтін А) Ай, апа, дәптер, жол

2) Сөз Ә) Ақан мен Асан тау басына шықты.

3) Сөйлем Б) Әлемде алуан түрлі құстар бар. Олардың біразын су құстары дейді.Себебі олар

көбінесе суда мекен етеді.

62. Мейірімділік деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

Бағыт бойынша жаз.



















Мейірімділік


















63. Мәтіңдегі сөйлемдерді рет-ретімен орналастыр. Түймелерді рет-ретімен қада.

۝-түйме. Оның сырты сары.

۝-түйме. Қауын аса дәмді.

۝-түйме. Қақ тәтті.

۝-түйме. Қауыннан қақ жасалынады.

64. Өзі кішкентай, саңырауқұлақпен қоректенетін, үсті тікенекті орман жануары. Менің жасырғаным не?

65. Төменде берілген мәтіндегі қалып кеткен сөздерді толықтыр.

«Жаз. Орман іші самал жел. Ағаштарға қонған ... әуені мен шөп арасындағы ... сыбдыры орманға ерекше көңілді рең беріп тұр.»

66. Керекті сөздерді таңдап жаз. (атам, ағам, қарындасым, қыздан, жиен)

Биыл менің нағашы ... сексен жасқа келеді. Нағашы ... 5-сыныпты бітірді. Ал мен 1-сыныпты аяқтадым. Нағашы ... балабақшаға барады. Мен нағашы жұртыма - ... туған баламын. Оларға ... боламын.

67. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра.

1. Қыз, Айман, сұлу

2. Мектепке, кеше, бардым, мен.

3. Сүйікті, ана, тілі, пәнім, менің,

68. Төмендегі сөздерді сөйлем шығатындай етіп орналастыр.

1. Асан, ойнады, доппен. 2. Қызықты, Айман, кітап, оқыды.

69. Төменде берілген сөйлемдерге тиісті тыныс белгісін қой.

Сен бүлдірген тергенді ұнатасың ба

Көктем қандай көңілді

Алма ағашының ар жағында шие өсіп тұр

Қош келдіңдер, достар

70. Төменде берілген сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерімен толықтыр.

Арман жақсы бала Сен қандай қызықты кітап оқыдың

Алақай апам келді Мен анамды жақсы көремін

71. Көктем туралы сұраулық мағына беретін үш сөйлем жаз.

72. Төмендегі сөздермен сөйлем құрастыр. Бала, жаңбыр, көбелек, құстар.

73. Берілген сөзден сөйлем құрап жаз.

Жауды, ауылға, биыл, Сара, сіркіреп, барды, жаңбыр.

74. Екі сөзді сөйлемдерді үш сөзді сөйлемге айналдырып жаз.

Күн ашық. Балалар шықты. Олар келді. Коньки тепті.

75. Қой, сиыр, түйе, ешкі, жылқы сөздерінде неше дыбыс, неше буын бар?

76. Дыбыстардан құралады. Сөйлем құрап, ойды жеткіземіз. Санның атауы. Нәрселердің атауы. Қимылдың атауы. (Біз не туралы ой айтып отырмыз?)

77. Мына сөздерді қатыстырып сөйлем құра: түйе, жылқы, ешкі, жайлау шөп, сүт, төрт түлік, сиыр

78. Мына сөздерге қарама-қарсы сөздерді тап. Ақ-... . Ұзын-.. Жіңішке- .

79. Қыл сөзінің ортасындағы дыбысты өзгерту арқылы бірнеше сөз жаса.

80. Ішінде мағынасы қарама-қарсы сөзі бар сөйлемді көрсет.

А) Сынып өте таза ә)Әжем ақ, қара жіппен тігеді. Б) Ауа-райы қандай тамаша!

81. Үлкен сөзіне мағынасы қарама-қарсы болып келетін сөзді белгіле. А)жіңішке ә) биік б) кіші

82. Балалар сөзінің буынға дұрыс бөлінгенін көрсет.

А) бал-а-лар ә)ба-ла-лар б)Б-ал-а-лар

83. Қыл сөзі қандай мағына береді?

А)Жалдың, құйрықтың ұзын талы ә)жылқының құйрығы б)жылқының тұяғы

84. Қарсы мәндегі сөздерді тап: жарық, таза, үлкен, ақ.

85. Ұсынылған сөйлемдердің ішінен қарсы мәндес сөздерді тап.

Бөлмелерің тар екен. Біздің бөлме кең. Айгүл ақ кофта киіп келді. Мен қара сөмке алдым. Біздің бөлме жарық. Мұнда қараңғы екен.

86. Мақалды толықтыр. Еріншектің ... бітпейді. Мақалдың мағынасын түсіндір. Еріншек сөзіне мағынасы жуық сөзді тауып айт.

87. Шыдам сөзінің мағынасын түсіндір.Шыдам сөзіне мағынасы жуық сөздерді тауып айт.

88. Әдемі, таза, батыр сөздеріне мағынасы жуық сөздерді тауып жаз.

89. Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

1. Өте, бұлақтың, таза, суы.

2. Ерасыл, батыр, ержүрек, әрі.

3. апасымен, ұзақ, сапарға, Асан, шықты.

4. Әдепті, Айман, оқушы.

90. Берілген сөздерге мағынасы жуық сөздер тауып жаз.

Зәулім, ізетті, жаңбыр, батыр.

91. Мына сөздерден сөйлем құрастыр.

Бақ, өнер, мұғалім, балық, еңбек, дәптер, жылқы, нан, ана, шаң, жалқау, ит.

92. Адам, талап, еңбек сөздеріне сұрақ қой.

93. Толықтыру тесті.

...мөңіреді, ...кісінеді, ...маңырады, ... үрді, ...қарқылдады.

94. Жақшаны аш.

(Қуыршақ) шашы әдемі. (Бақша ) жүзім өседі. Дидар (әдеп) оқушы.

95. Төмендегі екі бағанадағы берілген сөздерді бір-бірімен сәйкестендір.

гүл тәтті

алма хош иісті

Қуат қызықты

кітап ақылды

96. Жасырын тұрған әріпті тап. Т...ле би, Әйт..ке би, Қа...ыбек би.

97. Мына сөздерді қатыстырып сөйлем құра: Ұшқыш, мұғалім, теміржолшы, аңшы, биші, суретші, құрылысшы.

98. Көп нүктенің орнына жаз. Ыбырай Алтынсарин - ...

99. Берілген сөздерді кімдер сұрағына жауап беретін сөздерге айналдыр.

Іні, дос, дәрігер, жазушы, зергер, шопан

100. Берілген сөздер ішінен заттың атын білдіретін сөздерді бөліп жазыңдар.

Әдемі, жүгірді, алмұрт, күлді, үй, ертең, ағаш, жасыл, гүл.

101. Мына сөздерге сұрақ қой. Шешен, ана, сұрақ, сүт.

102. Мәтіннен кім? Не? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.

Айман құрбысының үйіне барды. Оның құрбысы биші еді. Құрбысы Айманға би үйретті.

103. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз. Заттың атын білдіретін сөздердің астын сыз.

1. Асанның, апасы, еді, сылақшы.

2. сүті, ананың, бал.

3. бала, Жиренше, шешенмен, бір, кездесті.

104. Төмендегі сөздердің ішінен бас әріппен жазылатын сөздердің астын сыз.

Айгүл, Орындық, Қанат, Сәуле, Кітап, Нан, Жұлдыз, Гүл, Орман, Жанар, Айдос.

105. Мына сұрақтарға жауап жаз.

Сенің атың кім? Сенің тегің кім? Сен қайда туып өскенсің?Сенің ата-анаң кім?

106. Сөйлемдегі сөздерді көшіріп жаз. Бас әріппен жазылған сөздерді сыз.

Алматы – әсем қала. Балқаш – үлекн көл. Медеу – әлемге әйгілі мұз айдыны.

107. Өлеңнен бас әріппен жазылатын сөздерді теріп жаз.

Сырдария

Білем сені, сүйем сені, Жазса Тарас Днепрді,

Сырдың суы – қарт анам! Жазса Пушкин Еділді,

Сенсің мені әлдилеген, Неге маған жырламасқа

Туған сенен мен - балаң. Сырда туған елімді. (Әбділда Тәжібаев)

108. Көп нүктенің орнына өлеңдегі кісі және өзен аттарын теріп жазыңдар.

Кісі аттары: ... Өзен аттары: ...

109. Жер-су аттарын көшіріп жаз.

Семей, жылқы, Азамат, кітап, радио, Түркістан, Алатау

110. А, Қ, Ж-дан басталатын жер-су атауларын жаз.

111. Мына сөйлемдегі бас әріппен жазылатын сөздерді тауып көр.

Мендей шығайбай деген ірі байдың ботабай деген түйесі мен адал жолбарыс деген тазысы бар екені баршаға белгілі.

112. Бас әріппен жазылатын сөздерді теріп жаз:

қарындас, қайрат, шопан, нұрсұлтан, ақтөс, сырттан, үй, туысқан, аға, қаныш, қой, ақтабан.

113. Қ,С,Т әріптерінен басталатын жер-су аттарын жаз.

114. Берілген сөйлемдерді қажетті жер-су аттарымен толықтыр.

1. ... – әсем қала.

2. Досымның әжесі ... көлінің жанында тұрады. 3. Арман демалыста .. қыдырып барды.

115. Төменде берілген сөздерді оған тиісті қимылдармен сәйкестендір.

Малдар оқиды

Кітап жүзеді

Балық жайылады

Телефон ұшады

Ұшақ шырылдады

116. Берілген сөздерді заттың қимылын білдіретін сөздермен толықтыр.

Бұлақ..., өшіргіш ,,, қалам ..., от...

117. Төменде берілген сөздерді оған тиісті қимылдармен сәйкестендір.

Қаламмен жүзеді

Доппен жазады

Суда ойнайды

118. Әр сөзге қатысты заттың қимылын білдіретін сөздерді тез жаз. Көбелек ..., аю ..., әже ...

119. Берілген сөйлемді тиісті сөздермен толықтыр.

1. Әсел дүкенге ... . 2. Асыл бүгін дүкенннен қызықты кітап ... . 3.Мен сабаққа ...

120. Қимылды білдіру үшін қолданылады, оларға не істеді, неғылды, қайтті деген сұрақтар қойылады, мысалы, ойнады, билейді, жүреді.

Қандай сөздер туралы ой қозғалды?

121. Мәтіннен заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жаз.

Марат есік алдында отын жарып отыр. Ал Асан жарылған отынды тасып жүр. Марат пен Асан – еңбекқор балалар.

122. Берілген сөздердің ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жаз.

Марал, жүзді, әдемі, өсті, доп, ақылды, қуанды, қуыршақ, ойлады.

123. Мына ертегіден аңшы мен қоянның қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді тап.

Бірде аңшы орманда келе жатып, жолда қоянды кезіктіреді. Ал қоян адамды көре салып, қаша жөнеледі. Сонда аңшы:


  • Қоян қашқын, қайда қаштың?

  • Тоғайға қаштым.

  • Неге қаштың?

  • Сенен састым, ізімді бастың.

  • Ендеше қашпа

  • Мылтығыңды таста

Осылайша келіскен аңшы мен қоян жақын дос болып кетеді.

124. Мақалдың жалғасын тап. 1. Еріншектің ертеңі ... . 2. Үндемеген үйдей пәледен ... .

125. Жұмбақтың ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді тап.

Жұпар иісі еседі, Қалың киімді ұнатады,

Жайнап бақта өседі. Шешіндірсең жылатады.

126. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз, өаттың қимылын білдіретін сөздердің астын сыз.

1. Марат, шашты, жем, тауыққа. 2. Болады, тиін орманда. 3. Апам, пісірді, тамақ.

127. Берілген сөйлемді тиісті сөздермен толықтыр.

1. Көктемде жаңбыр көп ... . 2. Күзде жапырақтар ... . 3. Қыста боран ... .

128. Қимылды білдіретін сөздерді теріп жаз.

Атай торғайды үйіне әкелді. Терезе жақтауына отырғызды. Алдына жем әкеп қойды. Торғай жем жеді. Біраз күннен кейін торғай қанатын жазып ұшып кетті.

129. Сөйлем құра. 1. Жүзеді, ұшады, ойнайды. 2. Кеме, қаз, балалар, доппен, ұшақ, торғайлар.

130. Не істейді? Және не істеді? Сұрақтарына жауап беретіндей етіп сөздерді сәйкестендір. Барады, ойнады, жазады, жазды, сызды, сызады.

Не істейді? Не істеді?

131. Өлеңнен құлыншақтың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді тап.

Құлыншағым – құндызым Жылтылдаған жұлдызым

Құлдырайды, шабады. Құстай қанат қағады.

132. Мәтіннен заттың қимылын білдіретін сөздерді тап.

Ерлан ойнауға аулаға шықты. Ол келе жатып, өзінің досы Еламанның құлап қалғанын көрді. Сол мезетте досына көмектесуге жүгірді.

133. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз. 1. Тұрды, Еркін, ерте. 2. Өркен, жиды, төсегін. 3. Ол, аңға, ертіп, шығады, тазыларын.

134. Көп нүктенің орнына заттың қимылын білдіретін сөздерді тауып жаз.

1. Айсұлу есікті көк сырмен ... . 2. Бүгін дүкеннен қызық кітап ... .

135. Төменде берілген сөздерді заттың сынын білдіретін сөздермен толықтыр. ... доп, ... қыз, ... гүл, ... сағат, ... алма, ... сақал.

136. Қандай? Деген сұраққа жауап береді, заттың сынын, түрін, түсін білдіреді.

Мен қандай сөздер туралы ойымды жинақтап айттым?

137. Маржан сабақты жақсы оқиды. Ол сыныптың үлгілі оқушысы. Маржан кітаптарын ұқыпты ұстайды.

Сөйлемдерден заттың сынын білдіретін сөздерді табыңдар.

138. Төменде берілген сөздердің сынын білдіретін тиісті сөздерін сәйкестендір.

Ыстық қар

Тәтті тау

Биік алма

Ақ жаз

139. Төменде белгісіз заттардың сынын білдіретін сөздер жазылған. Белгісіз заттардың атын тап.



1. .... – аппақ, суық

2. .... – түзу, ұзын

3. .... – жыртқыш, қорқау

4. ... – домалақ, тәтті, қызыл

140. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра. Айнұр, қызыл, алды, көйлек.

141. Сары, ұзын, әдемі сөздеріне сөйлем ойла.

142. Мына сұрақтарға жауап жаз. Алманың түсі қандай? Алманың дәмі қандай? Оның көлемі үлкен бе, әлде кішкентай ма? Алманың пішіні сопақтау ма, әлде домалақ па?

143. Төменде берілген сөздерді заттың сынын білдіретін сөздермен толықтыр. Жапырақ, доп, бала, үй, ат, кітап, ата.

144. Төменде берілген сөздердің ішінен заттың сынын білдіретін сөздерді теріп жаз.

Алатау, қызыл, дөңгелек, бал, жүйрік, сырға, дәптер, сары, доп, кітап, жұқа, қалың, гүлдер.

145. Аталған заттың түсін, мөлшерін, пішінін атап жаз.

Доп, кітап, қасқыр, қоян, аю, қарындаш, қалам, сәбіз, гүлдер.

146. Екі бағанда орналасқан сөздерді заттың атауы мен сыны бойынша сәйкестендір.

Алма сары

Алмұрт ақылды

Кітап қызыл

Дәптер қалың

Ата жұқа


147. Әр жыл мезгіліне қандай айлар тиесілі?

Көктем айлары: ..........................................................................................

Жаз айлары: ......................................................................................

Күз айлары: ...........................................................................

Қыс айлары: .............................................................................................

148. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Айдын .... қарындаш алды. Айман есікті ... сырмен сырлады.

149. Қызыл түсті қандай заттар болуы мүмкін?

Қызыл ... , қызыл ... , қызыл ... , қызыл ... , қызыл ...

Биік ... , биік ... , биік ... , биік .....

150. Сәйкестендіру тесті. Төменде берілген заттар атауы мен оған тиісті сынын білдіретін сөздермен сәйкестендір.

Алма таяз

Тау қызыл

Су биік


151. Мына сұрақтарға жауап жаз.

1. Сен нешінші сыныпта оқисың? 2. Сенің жасың нешеде? 3. Бүгін аптаның қай күні? 4. Сан бізге не үшін қажет? 5. Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

152. Терме диктант. Төменде берілген сөздердің ішінен заттың санын білдіретін сөздерді теріп жаз.

Асан, екі, футбол, оқушы, бес, жапырақ, үш, қоңыр, жиырма.

153. Берілген сөздердің ішінен заттың санын білдіретін сөздерді теріп жаз.

Жүйрік, тоғыз, доп, алты, саусақ, үш, әдемі, бес.

154. Ішінде санды білдіретін сөзі бар мақал- мәтел, жұмбақ ойлап жаз.

155. Заттың санын білдіретін сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғанын көрсет.

Жеті қарындаш, сегіз оқушы, бес алма, тоғыз қазы, алты бөлме.

156. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз. Заттың санын білдіретін сөздерді тап.

Айгүл, сыйлады үш кітап Асанға. Мектепке дейін екі жүріппіз сағаттай. Бізідң мектепте оқиды бала алты жүздей.

157. Мақалдың әр сөзіндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырат.

Туған жер – алтын бесік.

158. Бағанда орналасқан сөздерге тиісті дауысты, дауыссыз дыбыстарды сәйкестендір.

Мы...ық ү

Торғ...й п

Жа..ырақ а

Б...ркіт с

159. Мына сөздерді топтап жаз.

Қарлығаш, кітап, алма, шағала, бұлбұл, ілгіш, бүркіт, сұңқар, емен.

Жуан айтылатын сөздер: .............................................

Жіңішке айтылатын сөздер: ............................

160. Дауысыз дыбыстардың астын сыз.

Қой, ешкі, серке, қозы, есек, тоқты, теке, лақ, қошқар.

161, ы, а, е, ө, и, і дауысты дыбыстары бар жуан және жіңішке айтылатын сөздер ойлап жаз.

162. Шығармашылық диктант.

1. Дәр..гер ау..уға д...рі берді.

2. Әс..ер күз...тте тұр.

3. Әбішұлы Әріп – тәр...іпті, ...қыпты оқушы.

163. Төменде берілген сөздердің ішінен кімдер? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жаз.

Адам, балалар, оқушы, Айнұр, дәптерлер, кітаптар, қалам, қалалар, киік, адамдар.

164. Ойлан. Не жайлы айтылған?

Бұдыр-бұдыр, кіртілдек, ұзын, жасыл - ...

Нәзік, хош иіс аңқиды - .........

Ұзын құлық, сұр, қорқақ - ...

Азулы, сұр, ашқарақ - ...

165. Төмендегі екі бағанада берілген қарама-қарсы сөздерді бір-бірімен сәйкестендір

Ақ кішкентай

Жақын арық

Үлкен қара

Семіз алыс

166. Төмендегі сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып жаз.



Тәтті - .... , төмен - ... , биік - ... , жақсылық - ... , суық- ... , жаз - ...

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет