Негізгі әдебиеттер: 17[стр. 433,494,519], 32[стр. 50,72]
Қосымша әдебиеттер: 1 [15-26], 13ч.1[16-36], [79-101], 4 [5-20], 7 [ 5-19], 8 [ 11-23]
Бақылау сұрақтары 1.Саясат дегенiмiз не?
2.Саясат пен экономиканың өзара байланысы қандай?
3.Саясат пен діннің өзара қарам-қатынасы қандай болуы керек?
4.Саясат пен моралдың өзара байланысы туралы айтыңыз?
5.Саясат пен құқықтың ара қатнасы қандай болуы керек?
4 - Дәріс Саяси билік
Билік саясаттану ғылымының негізгі зерттеу мәселесі және оның басты категориясы болып табылады. Ғылыми әдебиетте биліктің соның ішінде саяси биліктің бір-біріне қарама-қайшы көптеген анықтамалары белгілі. Бұл осынау құбылыстың күрделілігі және сан-алуан аспектілігінен туындайтын жағдай. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде билік қоғамдық сипатта болды да оны рудың, тайпаның мүшелері бірге жүзеге асыратын, олар өздеріне көсемді сайлап алатын. Әлеуметтік жіктелудің артуы мен мемлекеттің пайда болуының нәтижесінде көсемнің беделі ресми биліктің беделіне орын береді. Билік аппараты, айрықша мәжбүрлеу мекемелері пайда болады. Олар мемлекет бейнесінде қоғамнан бөлініп, оған үстемдік жүргізе бастады. Саяси билік пен билік түсінігінің бір емес екендігі белгілі. Үйткені билік ұғымының мағынасы кең, біз билік дегенде оның дін басыларына, кәсіподақтарға, от басына, әсіресе ата-аналардың балаларға қарым-қатынасына да тән құбылыс екенін білеміз. Билік теңеу (метафора) ретінде де кең қолданылады. Мысалы дәстүрдің, жол-жоралғылардың, идеялардың, махаббаттың және т.б билігі туралы айтылып жатады. Биліктің анықтамасының алуан түрлілігі, оны зерттеуде түрлі тәсілдерді қалыптастырды: теологиялық (діни), құрылымдық, құрылымдық-функционалдық, реляционалистік және т.б. Саяси ғылымда биліктің саяси сипаты бірінші кезекте сөз болып, билік негізінен саяси билік ретінде қарастырылады. Сонымен бірге зерттеушілердің басым көпшілігі, билік - соның ішінде тек қана мемлекет, оның институттары мен лауазымды тұлғалары жүзеге асыратын билік қана саяси билік бола алатындығына баса назар аударады. Ол өзінің ішкі ұйымдасуының мінсіздігі мен тәуелділердің өзіне бағыныштылығының деңгейімен ерекшеленеді. Мемлекет – саяси биліктің бірден – бір және негізгі қайнар көзі болып табылады.
Мемлекет саясат бар жерде ғана өмір сүреді, ал саясат мемлекетсіз де жүзеге асуы әбден мүмкін. Мұның жарқын мысалы ретінде – сан алуан халықаралық ұйымдардың өзара саяси қарым-қатынастарын айтуға болады, үйткені олар өздерінің іс әрекеттерінде басым мәселелер бойынша ең болмағанда ресми түрде мемлекеттен тәуелсіз екендігі даусыз. Сонымен “мемлекет” және “саясат”, “мемлекет” және “саясилық” түсінігінің бір – бірімен біте қайнасып кеткендігі белгілі болды. К. Шмитт “... мемлекет дегенімізде саясилық еске түседі” –деп, әділ атап өткен болатын Оның айтуы бойынша, - “мемлекет дегеніміз халықтың территориялық тұйықтықта ұйымдастырылған саяси статусы. Мемлекет осы сөздің мағынасы мен мәні бойынша да, сондай-ақ оның тарихи құбылыс ретіндегі көрінісі бойынша да халықтың белгілі бір статусы ”. Шмиттың пайымдауы бойынша “статус” пен “халық” түсінігі саясилық елегінен өткізгенде өзара тең бір мағынаны білдіреді.
Бірқатар авторлар саясилық анықтамасын ашуға талаптанғанда басты категория ретінде “билік” түсінігін пайдаланады. Мысалы американдық саясаттанушы Дж.Кетлин “саяси ғылым биліктің қоғамдағы орнын анықтау болып табылады дейді.”
Биліктің жалпы белгілері төмендегідей:
Біріншіден, ол қоғамдық сипатта болады, себебі ол қоғамдық қатынастан туындайды (адамдар, топтар, таптар, және т.б. арасындағы қатынастар,).
Екіншіден, ол авторитарлық сипатқа ие, себебі биліктің объектісі қандай нысанда жүзеге асырылуынан тәуелсіз (бедел, құқық, зорлық және т.б.) оның субъектісінің жігеріне бағынады.
Үшіншіден , ол тарихи әмбебаптылық сипатына ие, себебі билік адамзат тарихына ұдайы бар болуы нәтижесінде, қоғамдық өндірісті биліктен тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Билік жоқ жерде қоғамдық тұтастықтың болуы да мүмкін емес.
Биліктің жалпы белгілерінен басқа оған тән элементтерде бар:
билік қатынастарында кемінде екі әріптестің болуы, бұл әріптестер ретінде жеке адамның, топтың, таптың болуы мүмкін;
билікті жүзеге асырушы жарлықтың болуы, яғни билікті жүргізушінің билік жүргізілушіге деген еркінің көрінуі, сондай-ақ тапсырма орындалмаған жағдайда шара қолданылатындығы туралы ескертудің болуы қажет;
Билік жүргізушінің жарлықта көрінген еркіне бағыныштылықтың болуы;
Жарлық берушінің оны беруге құқылығы мен оған бағынудың міндеттілігі туралы қалыптасқан қоғамдық қағиданың болуы.
Бұл төрт элементтің болуы билікке анықтама беру үшін қажет:
Билік – жалпы айтқанда өзіңнің еркіңді жүзеге асыру, яғни адамдардың іс-әректі мен мінез-құлқына белгілі бір құралдар: бедел, құқық, зорлық және т.б. арқылы ықпал ете алу мүмкіндігі.
Билік - саясаттың жүзеге асыру негізі және құралы болып табылады. Билік пен саясаттың өзара байланысына диалектикалық сипат тән, олар өзара себептік-салдарлық тәуелді байланыста; Егер билік саясатты жүзеге асыру құралы болса, ал сол биліке жету және оны сақтау саясаттың басты мазмұны болып табылады.
Саясат секілді, билікке де әмбебаптылық сипат тән:
Жалпыға бірдейлік (қоғамдық өмірдің барлық салалары мен саяси үрдістің өн бойында қызмет етеді);
Инклюзивтілік, яғни іс-әректтің барлық салаларына кіріс кетуге, адамдарды, топтарды және таптарды жұмылдыруға яки бір-біріне қарсы қоюға қабілеттілік.
Билік саясатты жүзеге асырудың бірден-бір ұйымдастырушы, реттеуші-бақылаушы құралы және тәсілі ретінде қызмет ету барысында сан-алуан көріністерде көрінетін әмбебап, тұтас бір бастау болып табылады.
Саяси билік нақты нәтижелерге жетуі үшін, яғни алдына қойған мақсаттарын орындауы үшін, ол бірқатар ресурстарға арқа сүйеуі қажет.
Ресурстардың төмендегідей жіктелуі белгілі:
Экономикалық (өндіріс пен тұтынуға арналған материалдық құндылықтар);
Әлеуметтік (әлеуметтік құрылымдағы орнының, дәрежесінің, әлеуметтік статусының өсуі яки төмендеуінің мүмкіндігі);
Куштеу (қару, мәжбүрлеу аппараты және т.б.)
Демографиялық (адам ресурс ретінде, басқа ресурстарды жасаушы);
Ресурстар, объекті мен субъектілермен бірге биліктің маңызды негіздерінің бірі болып табылады. Оны марапаттау, жазалау яки сендіру құралы ретінде қолдану мүмкін. Биліктің негізі деп оның базасын, субъектінің биліктік ерік-жігері арқа сүйейтін негіз және бастауды айтамыз.
Саяси билік бірқатар белгілерімен: жариялылығымен, үстемділігімен, бұқаралығымен, орталықтандырылғандығымен, ресурстардың сан-алуандылығмен ерекшеленеді.
Саяси биліктің қабілеттілігінің механизмін: үстемдік, басшылық, басқару, ұйымдастыру және бақылау құрайды.
Биліктің функционалдық міндеті басқарудың мақсатарын жүзеге асыру болып, бұл арада үстемдікті қамтамасыз ету және билік жүргізуші мен бағыныштының ара қатынасын реттеу болып табылады. Мемлекетті билік жүргізусіз, үстемдік етушілер мен тәуелділерсіз көз алдыңа келтіру мүмкін емес. Оның үстіне билік құбылысы қоғамдық қатынастарға тән. Дегенмен биліктің сан алуан бастау көздері мен тіректері болуы да ғажап емес, ол сонысымен ерекешеленіп, ерекше бір құбылыс болып табылады.
Биліктің жарыққа шығуының алуан түрлері мен жүзеге асырылуының көп қырлылығы айтылады:
Зорлық пен мәжбүрлеу;
Жазалау мен марапаттау;
Бақылау мен басқару;
Бәсекелесу мен бірлесіп істеу;
Ол сондай-ақ кертарпа болуы да, сонымен бірге позитивті сипатта болуы да мүмкін. Сондықтан да биліктің функциясын тек қана зорлық – зомбылыққа жатқызу дұрыс болмаған болар еді. Оның үстіне көптеген саясаттанушылардың пікірі бойынша заңмен санкцияланбаған зорлықтың билікке ешқандай да қатысы болуы мүмкін емес. Мысалы М.Дюверже күш пен (puissance) биліктің ара жігін (pouvoir) бөліп қарастырады:
Бірінші жағдайда әңгіме тек қана өзгелерді міндеттеу мен мәжбірлеу мүмкіндігіне негізделсе;
Екінші жағдайда әңгіме мәжбүрлеушінің өзінің амалдарының заңдылығы мен орындалудың міндеттілігіне деген сеніміне негізделеді.
Күш пен табиғи мәжбүрлеу - бұл күштінің өзінің қара күшінің артықшылығына сүйеніп әлсізге өзінің өктемдігін өткізудің анайы “заңдылығы” болса, саяси билік жағдайында мәжбүрлеудің кез келген түрі – оның жүзеге асырылуының заңды механизмдерінің бірі болып табылады.
Биліктік қарымқатынаста тәуелді жанның осы қатынастардың бір элементі, құрамдас бөлігі екендігін есте ұстағанымыз жөн. Үйткені тәуелділерсіз билік процесінің өзі болуы тіптен мүмкін болмаған болар еді. Сол себепті те билік тек үстемдік жүргізу барысында ғана көрініп қоймай, сондай – ақ адам мен адам, адам мен қоғам, әлеуметтік топтар, таптар, мемлекеттер, мемлекеттік одақтар арасындағы тәуелділіктің, тәуелсіздік пен өзара қарымқатынастың динамикалық формалары арқылы да көрініс береді.
Биліктің әлеуметтік жүйесі
Саясаттануда саяси биліктің төмендегідей функциялары айқындалған:
Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру;
Қоғамдық саяси қатынастар мен саяси өмірді ұйымдастыру;
Түрлі деңгейлердегі мемлекеттік және қоғамдық істерді атқару;
Билік органдарына, саяси және саяси емес процестерге басшылық жасау;
Саяси және басқа да қатынастарды бақылау;
Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік топтың үстемдігін қамтамасыз ету;
Адамдардың қоғамдық өмірін басқару, белгілі-бір әлеуметтік үлкен топтардың мүдделері тұрғысынан қоғамдық тәртіпті сақтау;
Қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Биліктің легитимділігі (латынша заңдылығы)
Биліктің легитимділігі дегеніміз – қызмет атқарып отырған билік тұтқасының басқару құқығын, оның заңдылығын халықтың мойындауы және оның талаптары мен мақсаттарының әділдігін оң қабылдауы. Неміс ғалымы М.Вебер легитимділікке жетудің үш жолын атап көрсетеді:
Дәстүрлі легитимділік. Ол дәстүр жалғастығына сүйенеді. Билікке бас ию, бағыну әдеті бұлжымас әрі қасиетті борыш есебінде қарастырылады.
Харизматикалық легитимділік. Ол билік басындағы адамның, көсемнің айрықша дарынына, ерекше қасиетіне, күшті беделі мен құдіретіне деген сенім мен бас июді білдіреді.
Либералдық демократиялық, конституциялық легтимділік. Оның негізінде қалың көпшіліктің билік тұтқасы тарапынан атқарылып жатқан істің оңдығына деген сенім мен ынтасы, саналы бағынуы жатады. Легитимділіктің бұл түрі демократиялық даму бағытын ұстанған қоғамға тән.