Жоспар: 1. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар;
2. Биліктің қызметтері мен жіктелуі;
3. Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің легитимділігі.
4. Биліктің түрлері;
5. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік. Негізгі институттар мен билік тиімділігінің критерийлері.
Билік деп біреудің екіншілерге өз әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеттеріне, қызметіне, тағдырына ықпал етуін айтады.
Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен.
Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген.
Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс {1902 - 1979) экономпкалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған.
Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар Телеологиялық
бихевиористік
инструменталистік
структуралистік
конфликтілік