Саяси мәдениет: түсінігі, құрылымы, функциялары


Қазақстандық саяси мәдениеттiң ерекшелiктерi



бет3/3
Дата10.11.2023
өлшемі25,2 Kb.
#190729
1   2   3
Байланысты:
10 дәріс. Саяси мәдениет (1)

Қазақстандық саяси мәдениеттiң ерекшелiктерi. Егемендiк алған сәтте Қазақстанның дамуына барлық қажеттi алғышарт бар сияқты көрiндi. Атап айтқанда, негiзiнен шикiзаттық сипатта болса да республиканың жеткiлiктi дамыған индустриялдық базасы бар едi. Екiншiден, Қазақстан халқының жоғарғы бiлiм денгейi, тiптi дамыған Батыс елдерiнен олқы түспейтiн. Демек, сол уақытта Қазақстанның экономикалық және саяси жүйесiн реформалаудың халықтық азаматтық белсендiлiгiнiң көтерiлуiне ықпал ететiнi жөнiнде ешбiр күмән болған жоқ. Нәтижесiнде саяси мәдениеттiң демократиялық үлгiсiнiң қалыптасуынан үмiттенуге болатын едi. Алайда, ақиқатында, Қазақстанның саяси мәдениетi басқа бағытта дамыды, республиканың саяси мәдениетi ендi тоталитарлық үлгiге жатпайды. Қазiр Қазақстанда да, бұрынғы кеңес республикаларының қай-қайсысында да коммунистiк режим тұсындағымен салыстырғанда мақұлдаушылық саяси мәдениеттi ұстанушылардың мүлдем аз екендiгiн кесiп айтуға болады. Алайда кеңестiк кезеңнен кейiнгi Қазақстанның саяси мәдениетiнде мақұлдаушылар үлесiнiң азаюы, олардағы белсендiлер санының күрт өсуiне әкелген жоқ. lс жүзiнде патриархалдардың үлесi айтарлықтай ұлғайды. Өтпелi кезең басталғаннан берi (тәуелсiздiкке қол жеткiзген сәттен басталады) бiздiң мемлекетiмiз нарықты қатынастар мен қоғамды демократияландыру жолына түскен болатын. Бұл дегенiңiз саяси мәдениеттiң демократиялық типiн таңдап алу деген сөз. Оған бiршама негiздер болатын: халықтың сауаттылығының жоғарылығы, көптеген қалалардың индустриялануы, кен байлығының молдығы, халықтар достығы дәстүрi, көп мемлекеттермен қарым-қатынас жасауға ашықтық және т.б. Бiрақ шын мәнiнде, саяси мәдениеттiң дамуы Қазақстан үшiн (барлық ТМД-i елдерiндегiдей) күрделi құрылымға ие болды.
Кеңестiк режимде мақұлдаушылар құрамында жүрген азаматтардың бiр бөлiгi ғана жаңа демократиялық құндылықтарды жақтаушы белсендiлердiң қатарына көштi де, халықтың бiршама бөлiгi патриархалды типтегi саяси мәдениеттi қолданушыларға айналды. Бұл жағдай кездейсоқ қалыптасқан жоқ болатын. Өйткенi, социалистiк дамудың принциптерi этникалық-мәдени дамудың маңыздылығы бар құндылықтарына терең мән бермей келген болатын. Мiне, сол жүзеге аспаған мүмкiндiктер мен мүдделер өз уақыты келгенде әлеуметтiк кеңiстiкке босап шығып отыр. Ендi тек сол қайшылықтардың тиiмдi шешiмiн тауып қана алға жылжудың ретi келедi. Сырт қарағанда артқа кету болып көрiнгенмен бұл процестердiң де заңды негiздерi бар. Саяси мәдениеттiң құрылымындағы патриархалданудың элементтерi тек қазiргi Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресей мемлекетiнде және көптеген бұрынғы Кеңестiк республикаларда байқалады. Азаматтардың бұлай саяси құндылықтардан алыстай түсуi, өздерiнiң тұрмыстық хал-жағдайларын күйттеп кетуi саяси жүйенiң қарапайым халықтан оқшаулау тұруына да байланысты. Саясаттану ғылымындағы танымал ғалымдардың барлығы дерлiк шығыстық және батыстық мәдениетке тән өзiндiк ерекшелiктер болатындығын мойындаған. Мәселен, көпшiлiкке белгiлi қазақстандық ғалымдар Ж. Алтаев, Т. Ғабитов және А. Қасабеков өз еңбектерiнде Шығыс пен Батыс мәдениетiне тән сапалық айырмашылықтарды атап көрсетедi. Бұл талдауда екi бiр-бiрiнен айырмашылығы бар дүниетанымдық ұстаным (даралық пен көпшiлдiкке бағдарланған) салыстырылады. Қазiргi Қазақстан жерiнде екеуi тоғысқанға ұқсайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет