Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет53/78
Дата23.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#177472
түріСборник
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78
Байланысты:
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)

Клиникалық жағдай №25

Соңғы 2 жыл ішінде тамағының жыбырлауымен қосақтасатын құрғақ жөтел мазалайтын 38 жастағы жүк тасушы, емхана дәрiгерiне келдi, сұрастыру барысында анықталғаны: төс артының төменгi үштiгiнде орналасқан, оң және сол жағына тарайтын, тамақтан соң 15-30 минуттан кейiн дамитын, еңкейгенде, жүк көтергенде күшейетiн, төс артында орналасқан ашитын сезiммен, кейде қышқылмен кекiрумен қабаттасатын ауырсыну. Ауырсыну мен қыжыл 20-30 минутке созылады, кейде өзi бiртiндеп басылады, кейде ас содасын, сүт iшiп басады.


Өзiн 1,5 жылдай науқас санайды, осы уақыт iшiнде жедел жәрдем дәрiгерi 3 рет миокард инфарктiнен күдiктенiп, стационарға алып кеткен. Стационарда тексеру барысында бұл диагноз жоққа шығарылып, науқасты жоғары қышқылды созылмалы гастриттен емдеген. Соңғы 2 аптада ауырсыну ұстамасы түнде дамып, қыжылмен, аузының құрғауымен, ащы дәмнiң келуiмен, жөтелмен ұштасты.
Об-тi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене бiтiмi гиперстеник, терi жамылғылары қалыпты түстi. Тiлi қоңырлау, ақшыл өңезбен жабылған. Өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖЖС 62 минутына, АҚ 130/70 мм сын. бағ., пульс толуы мен кернеуi қалыпты. lшi дұрыс пiшiндi, тыныс актiне қатысады, эпигастрий аймағы мен төс сүйегiнiң төменгi үштiгiн басқанда ауырсыну бар.
Қан мен несеп анализдерi қалыпты.
ФГДС: асқазан кардиі жабылмайды, өңештiң төменгi үштiгiнің кілегей қабаты қызарған, көптеген эрозиялар көрiнедi. Асқазанның кардиiнде iсiну мен гиперемия бар.



  1. Жетекшi синдромының ерекшелiктерiне сүйенiп, дифференциялайтын аурулар тiзiмiн жасаңыз. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  2. Болжам диагнозын анықтаңыз.

  3. Емiн жоспарлауда келесі мамандар кеңесі қажет.

25. Жауаптары:


1. Жетекші синдромдары мен симптомдары: прекардиаль аймағының ауырсыну; рефлюкстік; одинофагия; асқазандық диспепсия; өңеш пен асқазан кілегей қабаттарының морфологиялық өзгерістері. Коронарогенді емес “кардиалгия” болғанымен 40 жастың айналасындағы ер кісіде ЖИА, стенокардиядан бірінші кезекте күдіктеніп, ЭКГ, оның мониторингі тағайындалады; өңеш пен асқазан кілегей қабаттарының морфологиялық өзгерістері нақты рефлюкстік ауру салдарларынан және НР этиологиялы гастриттен; ауырсынудың екі жағына да тарауы мен мамандығы – өңештік тесік жарығынан күдіктендіреді. Сондықтан клиникалық кешенмен бірге асқазан кілегейінің биоптаттарын НР гистологиялық зерттеу немесе тыныстық-уреазалық тест жүргізу керек. Контрасты ренгендік зерттеу (сынамаларды қолданып) диафрагманың өңештік тесігінің жарығын нақтауға негіз болады.


2. Нег. ауруы: Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы. K44
Дуоден-гастер-ззофаголық рефлюкс, рефлюкс гастрит, рефлюкс эзофагит, III дәрежесі.
3. Гастроэнтеролог, хирург.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет