92
1.
Проблемалық оқыту
- мәні проблемалық жағдай туғызу мен оқушылардың оқу
проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі.
Техникалық сызу сабағында проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі
әрекеттерді
талап егетін тапсырмалардың, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің
әртүрлілігін түсінуге болады.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
• Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
• Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі
оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
• Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын
қалыптастыру;
1.
Проблемалық тапсырмаларды техникалық сызу
сабағында қолдану оқушыға
проблемалық тапсырманы жан-жақты қарастыруға, ізденімпаздық қабілетін жоғарылатуға,
және тапсырмаларды орындай арқылы жаңа білімге өз бетінше жетуге жағдай жасайды.
Сонымен қатар егер практикалық тұрғыда орындалатын проблемалық тапсырмалар білім
алушыда логикалық ойлау,
сызба сызу дағдыларын, сызу құралдарын дұрыс пайдалану,
өлшемдерді анықтау, және тапсырмаларды тез орындау дағдыларын қалыптастырады.
2.
Достарыңызбен бөлісу: