Сборник материалов международной научно-практической конференции


Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру – ерекше маңызды педагогикалық



Pdf көрінісі
бет50/74
Дата11.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184799
түріСборник
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру – ерекше маңызды педагогикалық 
проблема
.
Біздің колледжде мүмкіндігі шектеулі жастар «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» 
бөлімінде тігінші, «Есепші» бөлімінде есепшілерді, «Электронды есептеуіш машиналар» 
бөлімінде оператор мамандықтарын меңгеріп шығады.
Колледж бітірушілерді мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру да – біздің 
назарымызда. Оқу үрдісінде дәріс берудің жаңа технологияларын пайдаланып, теорияны 
тәжірибемен ұштастырып, болашақ маманның біліктілігін арттырып, машығын қалыптастыруда 
жұмыстар жүргізілуде.Колледжде жоғары білімді,жоғары санатты оқытушылар дәріс береді. 
Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе – 
инклюзивтік білім беру. 
Инклюзивті білім беру-бұл денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларды және осындай 
шектеулері жоқ балаларды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу. 
Мектеп қабырғасынан кейін мамандық алып, өмірде өз орнын табу үшін мүмкіндігі 
шектеулі балаларды оқыту өз алдына үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазіргі таңда 
Маңғыстау облысында Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі өңірімізде алғашқы рет 
2018 жылы – тігінші мамандығы бойынша, 2019 жылы – аспаз мамандықтары бойынша есту-
сөйлеу қабілеті нашар жастарға арнайы кәсіптік білім беріп келеді. Сонымен қатар жалпы 
топтарда әр жылғы жаңа оқу жылында оқуға келген балалардың денсаулығы әр түрлі 
жағдайда болады. Мысалы: Олар І,ІІ,ІІІ – топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, ішінде 
әлеуметтік жағдайына байланысты тұл жетім, жартылай жетім, қамқоршылыққа алынған, ата-
анасы бар балалар да келеді. Олар әр өңірден, әр түрлі деңгейде білім алған балалар: үйде 
оқыған, арнайы мектеп интернатынан, арнайы мектептен, жалпы білім беретін мектептерден
білім алған оқушылар; үйде ұзақ уақыт қоғамнан тыс қалып, тосылып қалғандары да кездеседі. 
Осындай жағдайда бірінші күннен бастап жүйелі түрде жолға қойылған жұмыстар жүргізіле 
бастайды. Оқытушылардың алдында тұрған басты мәселе, алғашқы күннен бастап бейімделу ( 
адаптация) кезеңінен өткізу болып табылады. Бұл кезең әр балада, оның қабылдау қабілетіне 
байланысты жүзеге асады. Оқытушы баланың ата-анасымен байланыса отырып, баланың 
колледждегі бейімделу кезеңінің тез әрі бала үшін оңтайлы өтуін көздеп жұмыс жасайды. Осы 
жұмыс әр баламен әр түрлі деңгейде ұйымдастырылады. Бейімделу кезеңі 1 – айдан -1 жылға 
дейінгі уақыт аралығында өтеді. Дәл осы аралықта оқытушылардың барынша сабырлылық пен 
төзімділік танытатын кезеңі.
Бейімделу кезеңімен тұспа-тұс оларға білім, тәрбие бере отырып, осы кезеңнен өтетін 
уақытты талапқа сай алып шығарылу міндеті атқарылады. Балалардың сөйлеу, есту, көру, есте 
сақтау, қабылдау, жазу, қабілеттері әртүрлі деңгейде болады. Осындай балаларға бір кәсіпті 
меңгеруге келген мақсатын ескере отырып, арнайы білім ауадай қажет екенін білеміз. 
Алғашында олар өздерінің ішкі талпынысытарын, ішкі психологиялық бұлқыныстарын, 
жандарына жақын тебіреністерін, сезімдерін айта алмайды 
Арнайы пәндерді оқыту, тәжірибелік сабақтарды жүргізу барысында бұл балалар 
жайлап ашыла бастайды. Көрген – білгендерін, түйгендерін, оқығандарын, өз ойларын еркін 
айтатын болады. Бірінші кезеңде: қарапайым ережелерден тұратын тілдік қарым-қатынасты 
пайдалана отырып, олардың жіберген қателіктеріне түсіністікпен қарау, көп нәрсені талап 
етпей еркін ойын жеткізуге жетелеп отыру керек. Білім алушылар өздерін еркін сезініп, білімге 
деген ынта-жігері арта бастағанда, олардың қабылдау қабілетіне байланысты Ж.А.Қараевтың
«саралап-деңгейлеп» оқыту әдісімен тапсырмалар беріле бастайды. Білім алушыларға жеке 
тапсырмалар әртүрлі деңгейде беріліп қадағаланады. Сабақтарда ойын элементтерін енгізе 
отырып, мәтінмен жұмыс, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалармен, кеспе қағаздарын үлестіре 
отырып топтық жұмыстар жасалынады. Осындай тапсырмалардың әсерінен баланың қабілеті 
қаншалықты екені білінеді. Оқытушы білім алушылардың қабілеттерін анықтау арқылы,
деңгейлеп жеке-жеке жұмыстар жүргізгенде ғана нәтижеге қол жеткізе алады. Солардан алға 


103 
ұмтылып, ерекше қабілетін таныта білген білім алушыларды логикалық ойлауға жетелеу іске 
асырылады. Мұндай әдіс –тәсілдер білім алушылардың ынта-жігерін арттырады. Ерекше оқуға 
мән берген балалардың оқуы, басқа балаларға көмегін тигізіп, олардың топтасып сабақ 
орындауына, өзара бәсекелесе сабақ оқуына, арнайы кәсіптік білімді өз мүмкіндіктерінше
меңгеруіне үлкен ықпал етеді. Әр топқа қабілеті жоғары балалармен қатар қабылдау қабілеті 
баяу білім алушыларды біріктіріп топтастырамыз. Бұл әдіс балалардың сөйлеуіне, тапсырманы 
түсінуіне, сұрақтарға бірігіп жауап іздеуіне үйретеді. Сонымен қатар « саралап-деңгейлеп» 
оқыту әдіс-тәсілі балалардың білім алуына, қарым-қатынасын нығайтуына, алған білімдерін 
бір-бірімен бөлісіп, талқылауға және түрлі дебаттарға, пікірталастарға, пәндік олимпиадаларға 
қатысуға жол ашады.
Колледжіміздегі арнаулы кәсіптік білім беру, балалармен жұмыс жасау, жақсы 
нәтижелерге жету үшін оқытушының алдында тәрбие мен білім беру міндеті қатар іске 
асырылады. Оларға жеке тұлға ретінде қарау, әрқайсысына көңіл бөлу, қоғамға қажетті 
маман дайындау оқытушылардың міндеті. «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» ұстанымы 
бойынша жұмыс жүргізіледі. 
Оқу – тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа 
сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы 
толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіру және психология мен 
педагогика ғылымдары жайындағы жаңалықтар мен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып 
отыруы тиіс. Алға қойған мақсатқа жету үшін әр мұғалім сабақ өткізудің әр түрлі тәсілдерін 
қалай, қашан қолдану керектігін білу керек.
Қорыта айтқанда, саналы тәрбие, сапалы білім беру әрбір ұстаздың алдында тұрған 
парызы. Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру жағдайында мүмкіндігі шектеулі 
балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі 
білім алушылардың нәтижелерін бағалауда МЖБС берілген білім алушылар дайындығының 
деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлану керек. Бірақ кейбір балаларға бағдарламаны 
меңгеруге ұзағырақ уақыт керек. Осыған орай құзыреттілікке негізделген оқытудың модульдік 
оқу бағдарламаларына 50% өзгерістер еңгізілді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау 
адамгершілікті, сабырлылықты, ыждағаттылықты, мейірімділікті, қамқорлықты, т.б. 
қасиеттерді ерекше талап етіп тұрады.
Ұсынысым: 
1.
Өңірімізде инклюзивті білім берудің жергілікті енгізілуіне, дамуына ықпалын 
тигізетін және оқытушыларға жан-жақты көмек, кеңес беретін арнайы мамандарымен 
қамтылған ресурстық орталықтар құру. 
2.
Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында инклюзивті білім беруді 
әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді қолға алу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет