Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет52/74
Дата11.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184799
түріСборник
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

References 
 
1.
1999. Actively Seeking Inclusion: Pupils with Special Needs in Mainstream Schools. 
London: Falmer Press. 
2.
Armstrong, D., Barton, L., ed. 2000. Inclusive Education: Policy, Contexts and Comparative 
Perspectives. London: David Fulton Publishers. 
3.
Lansdown, G. 2001. It's Our World Too! A Report on the Lives of Disabled Children. 
London: Disability Awareness in Action. 
4.
Thomas, G., Glenny, G. 2002. Thinking about Inclusion: Whose reason? What evidence? 
International Journal of Inclusive Education 
ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУ – ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІГІ 
 
Жумагалиева Раушан Сауирбаевна 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ көпсалалы колледжі 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы 
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына 
Жолдауында: «... мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін 
Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық 
көрсетілуге тиіс, бұл - өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз», - деген болатын. 
[1] Бұл дегеніміз - мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық 
қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға 
мүмкіндік жасау деген сөз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы 
қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан 
халқына Жолдауында әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңінде экономиканы дамыту және 
әлеуметтік мәселелерді шешуге, яғни әлеуметтік салада білім беру сапасын жақсарту және
отбасы және бала институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру
 
бағыттарына баса мән беру 
керектігін айта келе: «Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға 
міндеттіміз», - деп атап көрсетті.[2]
Олай болса,
и
нклюзивті білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық 
енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, 
балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың 
түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның 
балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай 
қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған
мемлекеттік саясат. 
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға 
қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, 
біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан 
Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында» көрсетілді. 
Инклюзивті білім беру 
мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар 
балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін 
жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту болып табылады. 
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының 
балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың 
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Арнайы әлеуметтік 
қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының 


107 
Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «Білім баршаға» бағдарламасы 
- барлық балаларға білім алуға, оқыту үрдісіне белсене қатысуға мүмкіндік береді. 
Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, 
барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім алу 
қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады. 
Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, 
географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-
экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту 
мүмкіндігіне ие болу деген сөз. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын 
ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім 
үрдісінің дамуы.
Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту 
мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен 
сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың 
жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқыту жағдайында білім алған балалар адам құқығы 
туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, 
танып білуге, үйренеді. 
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: 
1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен 
анықталады. 
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 
4. Барлық адам бір-біріне қажет. 
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін 
жүзеге асыру. 
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 
Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір 
сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Немістің педагог-дефектологы П.Шуман: «Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым 
төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек»,- дейді. Олай болса, 
ерекше білім беруді қажет ететін балаларды дамыту үшін инновациялық педагогикалық 
технологияларды жан-жақты қызықтыра қолдану өте тиімді болмақ.. Арнайы жаңа 
инновациялық технологияларды қолданудың басты міндеті – балалардың өздері үйренген 
негізгі технологияны оқыту емес, олардың өмір сүру ортасына кешенді түрленген, баланың 
шығармашылық әрекетін дамытуда жаңа ғылыми негізделген құралдарды енгізу. Заман 
талабына сай мүмкіндігі шектеулі балаларды инновациялық технологияларды пайдалану 
арқылы түзету-дамыту жұмыстарын қолдану олардың жеке қабілеттерін ашуға мүмкіндіктер 
туғызары сөзсіз. 
Жаңа ақпараттық технологиялармен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты 
формасында тиімдірек орындалады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету-дамыту жұмыстарын 
жүргізу 
үшін 
арнайы 
мамандандырылған 
немесе 
бейімдендірілген компьютерлік 
бағдарламаларды қолдану ұсынылады. Оларды қолдану тиімділігі оқытушының кәсіби 
құзыреттілігі мен жаңа мүмкіндіктерді қолдану дағдысына байланысты. Сондай-ақ 
оқытушының жаңа инновациялық технологияларды енгізуде балалардың мотивациясын 
арттырып, психологиялық қолайлы жағдайлар туғыза білуі шарт. 
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру 
талабының артуына, сондай-ақ, бүгінгі білім беру жүйесінде бұл мәселеге өз деңгейінде 
толыққанды назар аударылуда, олай болса, білім беру қызметін жетілдіруде электрондық 
ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану қажет. Қазіргі таңда ерекше білім беруді қажет 


108 
ететін балаларға ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі 
педагогикалық шарттар бойынша құрылуда: 

білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділігі; 

балалардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы арттыру; 

оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру; 

мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау 
балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету; 

қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау; 

мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру; 

білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде 
қалыптасуына жағдай жасау.
Ақпараттық технологияның басты тиімділігі – пәнаралық байланысты күшейте отырып, 
балалардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық 
жағдай жасалады. Сонымен қатар, IT құралдарын пайдаланудың негізгі ерекшелігі – бұл 
дамуында ауытқуы бар балаларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен 
шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, жеткен жетістіктерінен ризашылық 
алуға мүмкіндік береді. 
Ұйымдастырылған оқу қызметтерде интерактивті мультимедиалық презентацияларды 
қолдану балалардың шығармашылық қабілеті мен дүниетанымын дамытуда ерекше роль 
атқарады. Мультимедиа мәтін, дыбыс, видео және графикалық сурет және анимация секілді 
технологияларды біріктіреді. Мұндай түрдегі оқу материалы көз, есту, маторлы үш түрлі 
анализаторларды іске қосады. 
Ерекше білім беруде инновациялық іс-әрекеттің мақсаты – білім беру үдерісін заманауи 
тиімділігі 
жоғары 
технологиялармен 
және 
балалардың 
негізгі 
құзыреттіліктерін 
қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытатын әдістемелермен қамтамасыз ету. 
Ақпараттық технологияларды қолдану балалардың оқуға қызығушылығын қамтамасыз етеді, 
баланы ерте дамыту оның танымдық қызығушылығы мен қабілеттерін дамытады, тілдік 
құзыреттілігінің негізін қалайды.
Инклюзивті білім беру арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше 
қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үдерісін дамытуға 
болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және 
даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы 
мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру 
мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы баланы 
адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Инклюзивті оқыту үдерісі 
балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.
Инклюзивті білім беруде әр оқушының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр 
оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі екенін 
естен шығармау керек. Мүмкіндігі шектеулі балалар оқу материалын меңгеруде, жеке тәсілдің
жоқтығы, арнайы коррекциялық – түзету, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік 
қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап 
болады. Міне, біз осы қиындықтарға тап келсек те, оны жеңуге тырысамыз. 
Оқытудың арнайы және альтернативті әдістерін қолдану.
 
Бұл білім беру қажеттілігін 
анықтау, ең алдымен, мұғалімнің және білім беру ұйымдарының психологиялық-педагогикалық 
қолдау қызметі мамандарымен жүзеге асырылады, алайда баланы арнайы немесе баламалы 
әдістерді қолдану арқылы оқыту қажеттілігін арнайы комиссия ұсынуы мүмкін. 
Оқыту формасы немесе жай тәсілдерді қолдану оқушының жеке ерекшеліктеріне 
бейімделіп алынады. Көбінесе мұғалімнен бүкіл сыныпқа қолданатын тапсырмаларды және де 
оны балаға беру тәсілдерін бейімдеу талап етіледі: 
-
мұғалімнің қайталау, баяу, қысқаша, ауызша нұсқаулығы (жазбаша нұсқаудың орнына 
тапсырманы орындау үшін қосымша уақыт беру); 
-
тапсырманы тек ауызша/жазбаша орындауға мүмкіндік беру; 


109 
-
планшет, ноутбукты қолдану арқылы бақылау тапсырмаларын орындауға мүмкіндік 
беру; 
-
барлық сыныпқа арналған бақылау тапсырмаларынан өзгеше жеке бақылау 
тапсырмалары (жеке оқу мақсаттарына сәйкес); 
-
бақылау тапсырмасын орындауын жеңілдететін иллюстративті және тірек 
материалдарды (кесте, сызба, үлгі, сөздік материалдар) қолдану.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс барысында
-
уақыт аралығында тапсырмалар саны азаяды; 
-
оқу тапсырмалары қысқартылады; 
-
оқу, жазу үшін мәтін қысқартылады; 
-
басқа оқушылар орындайтын тапсырмалардан ерекшеленетін жеке тапсырмалар 
ұсынылады; 
-
тапсырманы орындау үшін қысқартылған және кезеңі көрсетілген нұсқаулықтар 
ұсынылады; 
-
жаттығуды қайталау және меңгергенді бекіту үшін көп уақыт бөлінеді; 
-
ауызша түсіндіру ыммен, суретпен, картинкамен, заттармен жүргізіледі; 
-
сабақта көбінесе оқушының әрекет түрі ауысады; 
-
жаттауға берілетін ақпарат саны азаяды; 
-
жазу барысында оқушыға дауыстап жазуға рұқсат беріледі; 
-
сабақта меңгерілетін жаңа сабақтың мәнін ашу үшін оқушыға заттық-тәжірибелік 
қызмет ұсынылады. [3] 
Педагог қызметкерлер дамуындағы кемшілігі бар баланы осылайша өзімен қатарлас дені 
сау балалармен бірдей сабақ үстінде, болмаса, түрлі байқауларға қатыстыру арқылы өмірге 
құштарлығын, танымдық қабілеттерін дамытады. Осы мақсатты орындауда әлеуметтік тәрбие 
мәселелерін көре білу, сезіну және шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі баланы
әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау, кедергілерді мүмкіндігінше жоя білу, орнын толтыру 
педагогтардан шығармашылық ізденістерді талап етеді. 
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі 
екенін ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып 
қалыптасуына жағдай жасау - біздің міндетіміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет