Сборник материалов международной научно-практической конференции


Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері



Pdf көрінісі
бет55/74
Дата11.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184799
түріСборник
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері:
1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен 
анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. 
Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін 
жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне 
қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Әр 
оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы. Сондықтан да 
«Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім - барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймын. 
Инклюзивті білім беруде – ақпараттық технологияларды қолдану. Мүмкіндігі шектеулі 
балалардың танымдық қабілеттерін арттыру жолында инновациялық технологияларды қолдану, 
оның ішінде компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесін 
дифференцияцияландыру және индивидуалдандыру қажет. 
Инновацияны «жаңашыл», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал 
инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп қарауға болады. Инновация білім деңгейінің 
көтерілуіне жағдай туғызады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын 
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны 
меңгеру мүмкіндігі шектеулі балалардың интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, 
азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі 
дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық 
педагогикалық технологияларын шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады [2].
 
Мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеу тілінің дыбысталу жағын түзету де 
инновациялық технологияларды қолдану, мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеу тіліндегі 
кемшіліктерді түзетуге өз септігін тигізеді. 
Ақпараттық технологияның басты тиімділігі – пәнаралық байланысты күшейте отырып, 
балалардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық 
жағдай жасалады. Сонымен қатар, IT құралдарын пайдаланудың негізгі ерекшелігі – бұл 
мүмкіндігі шектеулі балаларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен 
шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, жеткен жетістіктерінен ризашылық 
алуға мүмкіндік береді. 
Оқу-тәрбие үрдісінде айтарлықтай нәтиже беріп жүрген инновациялық педагогикалық 
технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі, оза отырып оқыту, деңгейлеп оқыту 
технологиясы, тесттік жүйемен оқыту, мультимедиа мүмкіндіктерін қолданып оқыту, ойын 
технологияларын қолдану, дискуссия сабақтары, топпен жұмыс, панорама сабағы, проект әдісі 
(жоба), рольдік ойындар, “Алты қалпақ” технологиясы, “мозаика” сабақтары, проблемалық 
оқыту әдісі, “миға шабуыл” әдісі, экскурсия сабағы, қашықтықтан оқыту технологиясы, 
ынтымақтастық технологиясы. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жоғарыда көрсетілген 
инновациялық педагогикалық технологияларды жан-жақты қызықтыра қолдану өте тиімді. 
Заман талабына сай мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерін 
компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы түзете-дамыту мәселелері жайлы болмақ. 


113 
Оқу процесінің тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен танымдық 
ізденісіне қатысты. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – 
еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының сапалы білім алып, 
азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі бір 
оқушының болса да білім сапасының жоғарылауы, ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі 
уақыттан бастап жинақталынып жатқан қор деп түсінуіміз қажет. Педагог қызметкерлер 
дамуындағы кемшілігі бар баланы өзімен қатарлас дені сау балалармен бірдей спорттық 
сайыстарға, түрлі байқауларға қатыстыру арқылы өмірге құштарлығын, танымдық қабілеттерін 
дамытады. Осы мақсатты орындауда әлеуметтік тәрбие мәселелерін көре білу, сезіну және 
шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт 
жасау, кедергілерді мүмкіндігінше жоя білу, орнын толтыру. Мүмкіндігі шектеулі балаланы 
қатарға қосу, әлеуметтендіру үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергіге қарсы 
тұра алатын тұлғаны қалыптастыруда АКТ – ның барлық мүмкіндігін пайдалану керек. Бұрын 
мұғалімдер көрнекіліктерді көбінесе қағаздан жасап, оны әрдайым жаңартып отыратын, ал 
қазіргі таңда әр педагог сабағында интерактивті тақтаны пайдаланады. Білім беру 
мекемелерінде үрдіске сай жеке компьютерлермен, интерактивті тақтамен жабдықталған
мультимедиа кабинеті ашылып, интерактивті тақта орнатылды. Интерактивті тақта - бiлiм беру 
iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге 
мүмкiндiк беретiн аса маңызды құрал. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, 
оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Мультимедианың 
әдістемелік күші оқушыны бейнекөріністермен тез қызықтырып, көңіл күйіне көмек береді. 
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған 
білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Электрондық оқулық 
арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге болады. 
Дидактикалық компьютерлік ойындар тапсырмаға деген жағымды әсерлерін сақтай отырып 
түрлі материалдарды қажетінше қайталауға мүмкіндік береді. Дидактикалық ойындардың 
оқыту үдерісінде алатын ерекше орнын сол ойынның өзі оқыту үдерісін әсерлі, әрекетті 
ететіндігімен анықталып, балаға өзіндік тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Түзету-дамыту 
жұмыстарында оқу-ойындық құралдар мен жаттықтыруларды қолдану нәтижесі компьютерлік 
технологиялардың дәстүрлі түзету әдістемесінде педагогикалық әдістерді қолданудың жаңа 
мүмкіндіктерін ашатындығын көрсетеді: 
1.
Түрлі қиындықтағы материалдарды таңдап алу мүмкіндігі. Нақты бір балаға оның 
қазіргі мүмкіндіктері мен оқыту міндеттеріне сәйкес келетін тапсырманы ұсынуға болады. 
2.
Балада өзінің жеке дағдыларын ойлау үдерісін қалыптастыруға болады. 
3.
Жаттығудың сәтті орындалуына компьютерде орындалатын тапсырмалар 
жайлылық шарттарын ұсынады. 
4.
Білім алушы тартымды графикаға бағыттала отырып көрген қателерін түзетуге 
тырысады, өзін-өзі бақылау әдістерін үйренеді. 
5.
Балалар аз шаршап, жұмыс істеу қабілеттерін көп сақтайды. 
6.
Монитор экранына қарап, бала өз жұмысының нәтижесін көреді. 
Компьютерлік программаларды қолдану ойын есебінен ғана жігерді арттырып қана 
қоймай, балаға сыныптастары жағынан, компьютер тарапынан мақтау, мақұлдау алуына 
септігін тигізеді.
Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалалармен көбінесе 
ойын арқылы жұмыс жасаған тиімді. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. 
Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойнай 
жүріп балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға 
дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады. Ойын әсері арқылы бала 
өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Түрлі 
ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік сезім 
түрлерін де дамытады. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер үшін 
талап та жоғары. Ойындар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін 


114 
дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына 
жетеді деп ойлаймын. Логопедиялық сабақтарда «Айырмашылығын табу», «Артығын тап», 
«Түстері бойынша бояу», «Шытырман», «Нүктелерді қосу арқылы сурет салу» т.б 
дидактикалық ойындарды жүргізу үлкен нәтижеге әкеледі. 
Қазақстандағы инклюзивті білім беру жүйесі.
 
Шет мемлекеттерде инклюзивті білім беру 
мәселесі біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім беру XX 
ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал біздің елде екінші мыңжылдықтың басында ғана қолға 
алына бастады. Европа елдерін алатын болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді 
шешкен. Бұл елдерде мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек 
жолдары ұсынылған. Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына 
қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш 
рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» 
туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру 
мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету 
қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері 
айқындалды.
Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол 
қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені 
талқылауда халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Сондықтан 
мемлекеттік «Білім беруді дамытудың 2011-2020» жылдарға арналаған бағдарламасына бірінші 
рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды. Бұл бағдарламада техникамен және 
компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі.
Мүгедек балалар мен кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзеу, оларды оқыту 
мәселелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарауында орналасқан. Қазақстанда кемтар 
120665 бала бар. Олардың ішінде 19047 кемтар бала 102 арнаулы (түзеу) білім беру 
ұйымдарында арнаулы біліммен қамтылған, оның ішінде: 9 ұйымда – соқыр және нашар 
көретіндер үшін (1392 адам); 20 ұйымда – саңыраулар мен нашар еститіндер үшін (2944 адам); 
5 ұйымда – 868 сөйлеу қабілеті нашар балалар үшін; 4 ұйымда – 460 жүріп-тұру мүшелерінің 
функциялары бұзылған балалар үшін; 56 ұйымда – 11673 ақыл-есі кем балалар үшін; 8 ұйымда 
– 1710 психикалық дамуы кем балалар үшін. 
Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұқада орындалуда: 
1. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс 
уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т.б. 2.Бала 
қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша арнайы 
бағдарлама бойынша білім алады. Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы бағдарлама бойынша 
оқиды. Уақыттың басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы балалармен 
бірге білім алады. 4.Бала арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады. Соған 
қарамастан ол мектеп өміріне қатысады: біріккен таңғы ас, тәрбие шараларынабірлесіп қатысу, 
спорттық жәнебасқа да іс-шараларға қатысу.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі 
екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып 
қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет