Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет21/74
Дата11.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184799
түріСборник
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

 
Әдебиеттер 
1. ҚР Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» 
2. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының 
басты бағыты» жолдауы
3. Қасымжомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауы 02.09.2019ж


42 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-
ТӘСІЛДЕР 
 
Жуматаева Жарқынай Уралбаевна 
№11 жалпы білім беру орта мектебі, Мұнайлы ауданы 
«Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер». 
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. 
Білім негізі мектептен қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның 
шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты роль атқарады. Олай болса, қазіргі ұстаздар 
қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық 
іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. 
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және 
жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімі оқушылардың оқуға ынтасын 
оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады.Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір 
оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын 
ескере отырып оқу үрдісін жүргізу керек. Сондықтан да мен білім беру мазмұнын жаңарту 
шеңберінде қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың ұсыныстарын ескере 
отырып, оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді таңдадым. 
Бастауыш білім беру мақсаты — келесі негізгі кең ауқымды дағдыларға: 

білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану; 

сыни ойлау; 

ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану; 

әр түрлі коммуникация тәсілдерін пайдалану; 

топта және жеке жұмыс істеу ептілігі; 

проблемаларды шешу және шешімдер қабылдауға 
ие оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін 
құру. 
Педагогикалық әдіс-тәсілдер 

құндылықты-бағдарланған; 

әрекетті; 

тұлғалық-бағдарланған; 

кіріктірілмелі; 

коммуникативті 
Әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің ізденісі арқылы оқушы қабілетіне қабылдау деңгейіне қарай 
іріктеліп қолданады.
Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты 
іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және 
жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы 
білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына көмектеседі. 
Оқыту әдіс-тәсілдері: 
Құндылықты-бағдарланған тәсіл-оқушының құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқу-
тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін 
алғышарттар құруды көздейді. 
Орта білім беру құндылықтары: отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік; құрмет; 
ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық. 
Тұлғалық-бағдарланған тәсіл— педагогтің назарын оқушы тұлғасының тұтастығына, 
оның тек ақыл-ойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, 
эстетикалық, шығармашылық нышандары мен даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы 
туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздейді. 


43 
Жүйелік-әрекетті тәсіл— оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына 
бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын 
көздейді. 
Коммуникативтік тәсіл-бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу 
дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп, 
туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталған. 
Интегративтік тәсіл-оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің 
мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға 
көмектеседі. 
Интербелсенді әдіс 
Интербелсенді әдіс– үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі 
деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. (inter – аралық, бiрнеше, action- 
әрекет дегендi бiлдiредi) Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң 
тиiмдiлiгi. Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында 
өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсек, «интерактивтi” деп атаймыз. 
Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi. 
Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну 
қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты– тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға 
жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты. 
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу. Ол: 

өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi 

шешендiк өнерiн жетiлдiредi 

танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын) 

сыни ойлау дағдыларын дамытады 

өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады 
Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен 
нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте 
өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы 
Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – 
есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан 
интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі 
құралдарына тән тәсілдері ретінде танылады. 
Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді: 

терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту; 

өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру; 

ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу; 

өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру; 

пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу; 

шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу; 
Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек: 

бірлескен жұмыс; 

танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту. 

Интербелсенді әдістемесінің жұмыс түрлері мен әрекеттері: 

бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық), 

рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар, 

ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет, 
құжаттар, мұражай т.б.) 

презентациялар, 

тренингтер, 

интервью, 

сауалнама т.б.


44 
Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді есте сақтау қажет: 
Бірінші: жұмысқа балалар толығымен қатысуы керек. 
Екінші: балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, 
балаларды белсенділігі үшін марапаттау, баланың өзін - өзі көрсетуіне жол беру. 
Үшінші: кабинет талапқа сай болуы қажет . 
Төртінші: жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. 
Бала өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет. 
Бесінші: оқу барысында процедураға және регламентке назар аудару қажет. Мысалы, 
белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу. 
Алтыншы: оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау . 
Интерактивтік әдістеме өзара қарым – қатынастың мол ауқымын қамтиды. Оқу 
процесінің барысында оқушылар мұғаліммен, өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеу 
барысында), шағын топтармен (3-5 баламен), балалардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, 
сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында), техника түрімен яғни, компьютермен 
қарым – қатынасқа түседі. 
Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың сындарлы тәсілімен тығыз байланысты, себебі
оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің аралығындағы мәселелерді талқылайды, 
зерттейді. Оған дәлел: Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі соғұрлым 
қарқынды жүзеге асады деген Хәтти (2014) 
Мұғалімдер әр сабақ соңында оқушыдан күтілетін нәтижелерін анықтайды және олардан 
кері байланыс алады. 
Жай сабақ құнарсыз тамақ секілді, адам бойына жұқпайды, қызықты сабақтар, 
мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп 
шәкірт жүрегінен орын алады.
Шет тілін оқыту үрдісін жандандыру, тіл дамыту жаттығуларын қолдану, жаңа әдіс-
тәсілдерді енгізу бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан өз сабақтарымда төмендегі ойын 
түрлерін, әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылар нәтижелілігін сынап көрдім. 
«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып 
шығуға тапсырма беріледі. Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ 
(жасыл), топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады. 
Бұл ойын есте сақтау қабілетін жақсартады. 
«Ойлан, тап» ойыны. Оқушылар парталарында отырады да, бір оқушы шығады. Оған
көзінің түсі, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, 
құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Немесе оның мінезі туралы 
айтса да болады. Оқушы кім екенін табуы керек. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, 
қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақлағыштығы 
жақсарады. 
«Венн диаграммасы». Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға 
берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар 
тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға 
толтырады, яғни, салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді. 
«Джигсо». Топтарға мәтін бөлігі таратылады. Мәтін бөлігін оқып, өз топтарында 
талқылайды. Талқылауға аз уақыт ғана беріледі. Бастапқы топқа қайта келіп, қолдарындағы 
мәтін бөліктерін құрастырады. Топтарға мәтіннің толық нұсқасы таратылады. Толық мәтін 
мазмұнымен танысып, мәтін желісін топ мүшелері бірлесе отырып аяқтайды. 
Джигсо әдісімен жұмыс ақпарат алу мен пысықтауға, ойлауға ықпал етеді. Оқытудың 
осы ұжымдық әдісін жүзеге асыру мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, кейін ұжымда 
талқылау, үйрену мен үйрету. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы 
қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. 
«Қар көшкіні».
Оқушылар шеңбер құрайды, мұғалім де оқушылар арасынан орын алады. Әрбір қатысушы өз 
есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есімін(эпитет ) қосады. Мәселен, 


45 
«Айнаш» есімі «А» әрпінен басталады, яғни ақылды Айнаш (айбынды, асқақ, айлалы ) сияқты 
сын есімді қосады да, алдында тұрған барлық оқушылардың есімдері мен эпитеттерін қайталап 
шығуы керек: Алғыр Асан, думанды Дәмеш, сабырлы Сейтжан, әділ Әбілғазы т.б. 
Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға мұқият тыңдау мен зейін қою қасиеттерін іске қосу 
қажет. 
«Тарсия». 
Топтарға бөліктерге бөлінген қағаздар беріледі. Олар сол қағаз бөліктерін орын орнына қойып, 
фигура шығару керек. Мұнда өткен тақырып бойынша сөздер аудармалары, синонимдер, 
антонимдер және фразалар болуы мүмкін. 
«Бұрыштар» тәсілі: Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын 
сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына 
барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің көз-
қарастарын дәлелдейді. 
«Допты лақтыру». Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы 
сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты 
басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың 
орындалуына орын береді. 
«Айналмалы бекеттер» 
Мақсаты: Бұл әдіс оқушылардың өзгелердің идеясына сүйеніп, проблеманы немесе 
мәселені толығымен қамтуын көздейді, сондай-ақ олардың белсенді болып, жылдам қозғалуын 
талап етеді. 
Ұйымдастыру: 
Бөлмеге индикаторлары, түрлі-түсті қағаз және қаламдар бар бірқатар бекттер қою 
керек.(немесе әр топқа әр түсті қалам беріңіз, осылайша кім қандай үлес қосқанын көре аласыз) 
Жұмыс алгоритмі: Әр топты өз бекетінің жанына орналастырамыз. Оларға талас 
тудыратын проблеманы талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін 10 минут 
уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін, топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол 
бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды 
жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін 
қарастырып болғанша әр 10 минут сайын топтар бекеттерін ауыстырып отырады. 
«Миға шабуыл» стратегиясы. 
Оқушыларға өткен тақырыпты қайталату негізінде, сұрақтар қою арқылы миға шабуыл 
жасалады. 
Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман 
талабы. Осы орайда, ағылшын тілі пәнін дұрыс үйрете білу өте маңызды. Педагогтің сабақ өту 
шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан 
туындап отырған мәселе. Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі мұғалімнің 
алдынан шыққан оқушы – өмірде өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл 
ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы 
қарыздың өтелгені.
Яғни, жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де , мұғалім үшін де тиімді бағдарлама 
болды. Егер оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді. 
Басқаша айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа
келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз
пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын
жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер
көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс.
Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді 
қолданысқа енгізсек, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, 
шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, 
ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы 
артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға 


46 
үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де 
осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осыны
меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті 
рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет