Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет34/74
Дата11.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184799
түріСборник
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

Бастауыш сынып оқушыларының жобалау әдісі арқылы төмендегідей нәтижеге қол 
жеткізуге болады:
жобалау әдісі оқушыларды оқыту үрдісіне және тілдік қатынасқа белсенді жұмылдыра 
алуымен ерекшеленеді; 
оқушыны білім алуда, өз ісін ұйымдастыруда жауапкершілікке үйретеді; 
жобамен жұмыс істеу барысында оқушының тілдік дайындығы қалыптасады; 
жобалау әдісі оқушының белсенді түрде өз бетінше ойлауына, жұмыс істеуіне және 
алған білімін есте сақтауы, тиісті жағдайда қолдана алуына көмектеседі. 
Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды. 
Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді. 
Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады. 
Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. 
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады. 
Оқытудың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. 
Оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті 
жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске 
жетелеуде. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, 
жетістіктерге жетуіне көмектесед [3]. 
Бастауыш сынып оқушыларын жобалап оқыту әдісін төмендегідей жүйе бойынша 
жүзеге асыруға болады:
• Алған білімін талдап, жинақтап, жүйелілік қалыптастырады. 
• Мұғалім мен оқушы арасында тең құқылы қарым-қатынас болады. 
• Жеке, жұпта, топта оқу жазу әрекеттері іске асады. 
• Оқушы–басты дамушы тұлға . 
• Мұғалім-басты тұлғаға бағыт беруші 
• Ұжымдық үрдіс жүзеге асады. 
• Әр оқушы өзіне жауапкершілікпен қарайды. 
• Жаңа ақпаратпен қамтамасыз етіледі. 
• Оқыту үрдісінде оқушылар толық белсенді қатысып сабаққа тез араласады. 
• Пікір алмасу жүзеге асып, қорытынды жасай алады 
• Барлық пәндерге қолдануға болады. 
• Ата-аналар жиналысы, тәрбие сағаты, конференция, пед. кеңестерде стратегияларын 
қолданып ұтымды өткізуге болады. 
• Адамды жалықтырмайды, қызығушылық пен құлшыныс пайда болады. 
• Шығармашылық шыңына жетуге көмек. 
• Оқушылардың бойында белсенділік, қызығушылық, таным деңгейі жоғарлайды. 


73 
Жобалап оқыту технологиясы педагогтың интеллектуалдық, кәсіби, моральдық, рухани, 
азаматтық және басқа да сапалы қасиеттерін қалыптастырып отырып, мұғалімнің жеке 
тұлғасына тікелей әсер етеді. Ең алдымен оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре 
отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім 
қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет. Жобалау әдісі бойынша 
өткізілген сабақтар оқушы бойындағы қабілеттілік пен қызығушылығына сәйкес жетіліп, 
дамуына жағдай туғызылып, әр оқушының жекелеген мүмкіндіктерінің ашылуына ықпал 
жасайды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, басқаларына сын көзбен қарауға үйренеді. 
Жобалау технологиясы қазіргі таңдағы білімнің мақсат, міндеттеріне сәйкес табиғаттың 
шынайы заңдылықтарын танып білуде мәселені өзіндік жоспарлап жоба ретінде шешімін 
табады. Бұл технологияның оқу процесіндегі ерекшелігі өз жобасын құрып, әрекетін 
ұйымдастырып шығармашылықпен айналысуында. 
Қорытындылай келе, бастауыш мектептегі жобалау әдісін қолдану негізгі мектептегі 
жобалау жұмыстарының даму негіздерін қалайды. Оқушылар жобалау жұмысының негізін ойы 
мен іске асыру, шешім қабылдау, нәтиже шығару деп таниды. Бастауыш мектеп оқушыларының 
өзінділігі, тыңғылықтылығы мен ойлау вариативтілігі олардың «Интеллектуалдық жетілуін» 
көрсетеді [4]. Оқушылармен жұмыс жасау барысында жобалау әдісін қолдану өзін-өзі таныту 
деңгейін арттырады, балалар ата-аналары мен мұғалімдердің көмегіне сирек жүгінеді. Оқу 
орындарының гуманитарлық бөлімдерінде жобалап оқыту технологиясы негізінде меңгерту, 
біріншіден, білім сапасының көтерілуіне жол ашса, екіншіден, оқушының жеке тұлғалық 
қабілеттерін заманауи талаптарға сай дамытуға кепілдік береді; үшіншіден, оқу үдерісінің 
оқушы үшін мәнін танытып, олардың оқу мотивацияларын дамытады; төртіншіден, оқыту 
үдерісінің үш мақсатын – білімдік, тәрбиелік, дамытушылық – қатар орындаудың шарты болып 
саналады; бесіншіден, қоғам талабы мен оқушы мүддесінің толық үйлесімде дамуына тірек 
болады [5]. Жобалау әдісі арқылы ұсынылытын тапсырмаларды орындау барысында оқушылар 
шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған 
міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, басқаша айтқанда, жұмыс істеу 
мәдениетіне үйренеді. Өз ойын ашық айту жоба құрушы логикалық, тілдік, грамматикалық 
жағынан дұрыс құруға ұмтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет