Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет35/74
Дата11.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184799
түріСборник
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

Әдебиеттер 
1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
бағдарламасы //Егемен Қазақстан, 2011 ж. 
2. Лазарев В.С. Новое понимание метода проектов в образовании // Педагогика, 2011, 
№10, С. 3-11. 
3. Н.Е.Веракса. «Проектная деятельность школьников» 2006 жыл 
4. О.И Давыдова, А.А. Майер , Л.Г. Богословец «Проекты в работе с семьей» 2000 жыл 
5.Л.С.Киселёвой, Т.А.Данилиной, Т.С.Лагоды, М.Б.Зуйковой «Проектный метод 
в начальной школе» 2001 жыл 
ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒДАРЛЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Рахметова Гүлімай Жетпісбайқызы 
Аренова Асыл Хадыржановна
Ш. Есенова атындағы Каспийский мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті 
Бүгінгі қазақстандық білім беру сипатындағы айрықша өзгерістер оны «адамның еркін 
дамуына» оның жоғары мәдениетін, шығармашылық белсенділігін, дербестігін, бәсекеге 
қабілеттілігін, бейімделгіштігін дамытуға бағыт береді. Бұл бағыт өз алдына оқушы тұлғасын 


74 
қалыптастыруда жаңа тұрғыдан келуді қажет етеді. Тұлғалық-бағдарлы білім беруді 
педагогикалық қауымның меңгеруі нәтижесінде туындайтын педагогикалық мақсаттардың 
өзгерісі толық, тұлғалық және әлеуметтік-интеграцияланған нәтижені анықтау мәселесін алға 
қойды. Мұнда бірінші анықтама, әдетте, белгілі бір аядағы процестер, нормативті міндеттер 
және құқықтармен белгіленетін тұлғаның сапаларымен байланыстырылса, екіншісі 
құзыреттердің практика жүзінде жүзеге асуы, оның нақты іс-әрекеттерде көрінуі, тұлғаның сол 
іс-әрекетке қатынасынан туындайтын нәрсе болып табылады. 
«Құзырет», «құзыреттілік» ұғымының мәнін ашу үшін философиялық, педагогикалық, 
психологиялық әдебиеттерге талдау жасалды.
Құзыретті философиялық тұрғыдан түсіндіру адамның танымы мен практикасына 
байланысты жаңалықтар мен жаңа енгізулерге жол ашады, сонымен қатар әрбір сыныпта 
педагогикалық ситуацияға қойылатын білімділік талаптарын анықтауға мүмкіндік береді [1]. 
Жалпымәдениеттілік құзырет – өз бетімен білім алуға, оның барысында пайда болатын 
танымдық проблемаларды өз бетімен шешуге, өзінің позициясын белгілеуге жеткілікті 
білімділік деңгейі [2]. 
Осылайша, «құзырет» – бұл оқу барысында жинақталған білімге, тәжірибеге, 
кұндылықтарға, бейімділіктерге негізделген жалпы қабілет. Құзырет білімге де, дағдыға да 
жатпайды. Құзырет – бұл іс-әрекетті, іскерлікті тудыратын нәрсе. Құзырет саналы іс-әрекет 
барысында қалыптасады. Құзыретті меңгеру оқушының белсенділігіне тәуелді. Мысалы, шет 
тілдерде сөйлемейінше, оларды меңгеру мүмкін емес, сол сияқты практика жүзінде ғана 
компьютерде жұмыс жасауды үйренуге болады. 
Құзыреттің көрінуіне белгілі бір жағдайлардың әсері зор. Құзыретке ие болу дегеніміз 
сол ситуацияға өзінің бар білімі мен тәжірибесін бейімдеу. Білімді адамдардың нақты 
ситуацияларда қажет болған жағдайда сол білімін қолдана алмайтындығын күнделікті өмірде 
кездестіруге болады. Осылайша, кұзыретті дамыту және қалыптастыру үшін оларға
нақты жағдайлар тудыру қажет. 
Құзыреттіліктер – адамның белгілі бір салада беделге, танымға, тәжірибеге ие сұрақтар 
мен құбылыстар шеңбері. Әлеуметтік кұзыреттілік – қоғамдағы өмір сүрудің нормалары мен 
ережелерін дұрыс орындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік дағдылар (міндеттер) [2].
Осылайша, берілген анықтамаларды қорытындылай келе, «құзыреттілік» ұғымын 
субъектінің, іс-әрекеттің мақсаты мен оны жүзеге асырудың құралын саналы түрде ұғынумен 
байланыстырылады. Құзыреттілік – бұл ситуацияға сәйкес құзыреттерді (іскерлік пен дағды) 
пайдалану үшін таңдау. Негізі, құзыреттіліктер жөнінде айтылғанда жаңа ситуацияларды 
меңгеруге «есікті» ашатын құралдар, «кілттер» деп түсіндіруге болады. Негізгі құзыреттілік – 
бұл анықтаушы құзыреттілік, себебі жүзеге асыру жағдайларына сәйкес келеді, олар 
шектелмеген, спецификалық емес, бірақ белгілі бір дәрежеде әмбебап болып келеді. 
Негізгі 
құзыреттіліктерді 
құрудың 
технологиясын 
А.Хуторской 
«Ключевые 
компетенции: технология конструирования» мақаласында береді [3]. Автор білімділік 
құзыреттіліктерді тұлғалық және әлеуметтік мәнді өнімді іс-әрекет жасауға қажетті, оқушы 
меңгеретін өзара байланысқан, мәндік бағыттардың, білімнің, іскерліктің, дағдылардың және іс-
әрекет тәжірибесінің жиынтығы деп белгілейді. 
Автордың пікірінше, бұл ұғымды оқыту практикасына енгізу мектеп үшін қарапайым – 
оқушылар теориялық білімді игере отырып, нақты тапсырмаларды орындауда немесе 
проблемдік ситуацияларды шешуде айтарлықтай қиындықтарға кездесетіндіктен – осы 
мәселені шешеді деп есептейді. Білім беру құзыреттілігі – бұл оқушылардың жекелеген білім 
мен іскерліктерді игеруі емес, керісінше, әрбір көрсетілген бағытқа сәйкес анықталған, кешенді 
іс-шаралар мен білім беру компонентінің жиынтығын меңгеру. 
Коммуникативтік құзыреттілік оқушыларды бақылаудан өзіндік бақылауға, әлеуметтік 
дамытудан өзіндік дамуға, монологтан диалогқа, түсіндіруден түсінуге ауысудың негізін 
құрайтын 
тұлғалық-бағдарлы 
педагогикалық 
технология 
шеңберінде 
білім 
беру 
парадигмасының өзгеруімен байланысты жүзеге асырылады. Осы мәселе И.А.Зимняя, 


75 
Л.М.Митина, А.А.Реан, В.М.Шепель, А.К.Михальская, Н.И.Формановский, Е.В.Бондаревская, 
М.И.Шипова зерттеулерінде қарастырылған.
Білім беру субъектісінің кұзыреттілігінің калыптасуына бағдарлану білім беру мекемесі 
түлектерінің дайындық сапасын айтарлықтай көтереді, еңбек нарығында олардың жан-
жақтылығын және талаптылығын арттырады. Осы мәселені шешу білім беру мекемесінде 
қоғамда еркін өмір сүре алатын тұлғаны дайындауда қоғамдық талаптарға сай жұмысты 
орындап қана коймай, сонымен қатар өзіндік дамуының субъектісі ретінде болуына мақсатты 
бағытталуын жүзеге асырады. 
Құзыреттілік теориясы В.Чинапах, Я.И.Лефстед, Г.В.Вайлер, Н.Розов В.В.Сериков, 
Н.В.Матяш, Ю.В.Койнов, және т.б. еңбектерінде негізделген.
Казіргі кезеңдегі білім берудің мақсаттарының жиынтығы негізгі құзыреттіліктерді 
дамытуды көздейді, оның негіздеріне көпмәдениетті қоғамда өмір сүруге қабілеттілік, білімді 
практиканың қажеттіліктерімен байланыстыру іскерлігі, өмірлік жағдаяты бара-бар бағалай алу 
және проблеманың шешу жолдарын табу және т.б. 
Білім беру практикасы саласында негізгі құзыреттіліктер прагматикалық сипатта болады 
және ол мыналарға бағытталады: тәжірибеден пайдалыны ала білу; өзінің алған білімінің өзара 
байланысын ұйымдастыра білу және оларды тәртіпке келтіру; материалды зерделеудің өзіндік 
тәсілдерін жасау; білім алушылар алдында пайда болатын міндеттерді шеше білу іскерлігі; өз 
білімімен өз бетінше айналыса білу іскерлігі және т.б.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайды, білім мазмұнын дамытудың бүгінгі күйін есепке 
ала отырып, Қазақстан Республикасының білім беру стандартында қабылдап отырған негізгі 
құзыреттіліктерді: проблеманың шешімін табу (өзіндік менеджмент), ақпараттық және 
коммуникативтік құзыреттіліктерді дамыту қажет екендігін айта кетуіміз керек. Бұл 
құзырлылықты игерген оқушы оқу және басқа да әрекеттерде өзін- айкындауға қабілетті 
болады. Одан оқушының жеке жолы және тұтастай өмір сүру бағдарламасы тәуелді болады. 
Ұлттық деңгейде жалпы орта білім берудің мақсаты – Қазақстан Республикасының 
әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді араласуға даяр кұзыретті тұлғаның 
тұрақтануына жағдай жасау. Осы мақсатқа сәйкес білім берудің міндеттері айқындалған. Олар: 
-
болашақ кәсіби дайындығының негізі ретінде сапалы біліммен қамтамасыз ету
-
өзінің білім алу әрекетін тиімді ұйымдастыру және жоспарлау, өз бетімен шешім 
қабылдау және түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу, өз іс-әрекеттерінің рефлексиясын 
жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру; 
-
қазақтың және әлемдік мәдени мұралар білімі негізінде бірегей мәдениеттілікті 
дамыту; 
-
Қазақстан Республикасының азаматын, елжандысын тәрбиелеу; 
-
өзге мәдениет, конфессия және ұлт өкілдеріне құрмет көрсетуін, төзімділік танытуын, 
өзге көзқарастағы адамдармен құндылық-саналы ынтымақтастыққа дайындығын қалыптастыру; 
-
тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениеттің едәуір маңызды тұстары мен 
аспектілерін түсінуге және бағалай білуге үйрету; шығармашылық әрекетке қабілетін дамыту. 
ҚР-ның жалпы білім беру стандартында оқу қызметі үш құрамдас бөліктердің 
тұтастығын береді: проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент), ақпараттық 
және коммуникативтік құзыреттіліктер. 
Коммуникативтік құзыреттілік: 
-
нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде 
ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға; 
-
стиль мен жанрды қатысымдық міндеттердің барабар шешімдерін таңдауға және 
қолдануға; 
-
әдеп нормасына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге; 
-
өнімді өзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды ұстанатын 
басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе отырып, жанжалдық ахуалды шешуді 
жүзеге асыруға; 


76 
-
жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас 
орнатуға мүмкіндік береді. 
Ең басты нәтиже ретінде құзыреттілік танылып отыр. Қазақстан Республикасының 
жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартында құзырет ұғымына мынадай анықтама 
берілген: «Құзырет – қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді 
іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында 
табысты іс-әрекетке дайындық, білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырысты құрайды» делінген. 
Ал «құзыреттілік – оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім 
нәтижесі» деп анықтама берілген. 
Жоғарыда аталған негізгі құзыреттіліктерді жіктеу проблемасын қорытындылау және 
ақпараттарды жүйелеу мақсатында коммуникативтік құзыреттіліктердің мәнін кестеде ашуды 
жөн көрдік. 
Қорытындылай келе, ескеретін жағдай, базалық құзыреттілік оқудың негізгі формалары 
ретінде болады, олар объективті білімділік формасында айтылады. Коммуникативтік 
құзыреттілікті дамыту іс-әрекеттік сипатқа ие және ол оқушының функциональды 
сауаттылығына сүйене отырып жүзеге асуы мүмкін. Негізгі құзыреттіліктер кәсіби сипатқа ие, 
олар іс-әрекет субъектісінің тұлғалық дамуының нәтижесі түрінде көрінеді.
Мектептегі білім беру үрдісінің құзыреттіліктерге қайта бағытталуы педагогтардың 
алдына жаңа проблемаларды қоюда. Оқыту үрдісінде қандай технологияларды қолданған 
дұрыс? Білім берудің тиімді нәтижелеріне қандай жолдармен жетуге болады? 
Аталған құзыреттіліктердің әрқайсысы оқушы тұлғасын қалыптастыруда маңызды 
орынға ие. Басты құзыреттіліктердің негізі ретінде, біздің ойымызша, коммуникативтік 
құзыреттілік танылады. Себебі, адам қоғамда өмір сүргендіктен ол, ең алдымен, басқа 
адамдармен байланысқа түседі. Кішкентай сәби қарым-қатынас негізінде дамиды. Баланың 
балабақшаға, мектепке баруы, кәсіпті меңгеруі, өмір сүруінің өзі қарым-қатынасқа түсу 
іскерліктеріне негізделген. Ақпаратты жеткізу, қабылдау, жинақтау, өзгерту, сақтау және 
қолдану қызметі қарым-қатынастық байланыста жүреді. 
Ю.Н.Емельянов коммуникативтік құзыреттіліктің ерекшеліктеріне сипаттай отырып, 
«егер адамның іс-әрекетінің түрлі салаларындағы құзыреттілік әдетте белгілі бір мәтіндерді 
меңгеру арқылы жүрсе, онда коммуникативтік кұзыреттік әлеуметтік контекстілерді жасау 
арқылы калыптасады» деп атап өтеді [4]. Автор коммуникативтік құзыреттілікті білімге және 
сезім тәжірибесіне негізделген қарым-қатынас ситуациясындағы бағытталу, ол әлеуметтік-
психологиялық оқығандықты қажет етеді, яғни әрі карай қарым-қатынасқа түсуді оқу 
мүмкіндігі. Коммуникативтік кұзыреттіліктің негізінде тек тілді меңгеру ғана емес, индивидтің 
тұлғалық ерекшеліктері тұтастықта, нақты әлеуметтік контекстіде ашылатын оның сезімдері, 
ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі. 
Қарым-қатынас кез-келген іс-әрекетпен бірге жүреді. Адамның іс- әрекетінің барлық 
түрлерінде ол катализатор ролін атқарады. Сондықтан, біз өз зерттеуімізде, ең алдымен, аталған 
коммуникативтік құзыреттіліктерді окушылардың іс-әрекетінде алатын орнын ерекшелей 
отырып, коммуникативтік құзыреттіліктің құрамын белгіледік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет