Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет38/74
Дата11.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184799
түріСборник
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

Әдебиеттер 
 
1. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж дейінгі «Білім беруді дамыту 
бағдарламасы». 
2. Г.К.Селевко. «Педкеңестер технологиясы». 
3. А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі//2009 
БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ӘДІСТЕРІ, ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ 
 
Сатыбалдиева Гүлсим Ишангалиевна 
Маңғыстау облыстық медициналық колледжі ШЖҚ МҚК, директордың практикалық 
жұмысы жөніндегі орынбасары 
 
Инновация – оқу бағдарламасын 
меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа 
әдістемелері мен технологияларын 
тиімді игеруі. 
М.М.Поташник. 
Бүгінгі таңда білім беру саласының басты бағыты - білімнің сапалы да саналы түрде 
берілуі. Кәсіби білім беретін оқу орындарының мақсаты – мамандықты игерумен шектелмейді,
заман талабына сай, әлемдік білім кеңістігіне ене отырып – бәсекелестікке қабілетті тұлға 
дайындау. Студенттердің құзыреттілігіне, қабілетіне сүйене отырып нәтижеге бағытталған 
кәсіби теориялық білім беру. 
Медициналық колледж - мейірбекелер даярлайтын оқу орны. Оны бітірушілердің
науқастың қасында өткізетін уақыты - дәрігерден де көп, бар уақытын әр науқастың қасында 
өткізеді. 
Креактивтілік технологиясы: 
Жаңаша оқыту технологиясы әдістерінің бірі. Медициналық колледж ұстаздарының 
басты ұстанымы: теориялық білім берумен бірге - кәсіби шеберліктің сырын, науқастардың
психологиялық көңіл күйлерін зерттеу арқылы қарым қатынас жасау, ем - домын қолдану да – 
креактивтілік қасиеттерді талапқа сай пайдалану - әдісі. 
Студенттер – болашақ мейірбикелер. Олар өте жауапты істің мамандары. Денсаулығы 
төмен, көңіл күйі жоқ жандармен тіл табысу - өте жауапты іс. 
Креактивтілік - ағылшын тіліндегі «шығармашылық» - деген мағынаны білдіреді. 
Бұл мамандыққа – креактивтілік яғни, шығармашылықтың қажеті не, дәрігер жазып 
берген дәрінің қажетіне қарай дұрыс қолдана білсе болды емес пе? – деген сұрақтар ойға 
оралатыны аян. Науқастар жатқан палатаға кіріп келу сәтінде – ақ оның креактивті мейірбике 
екендігі білінеді. 
Білім берудің жаңа мазмұнын қалыптастыру арқылы мейірбикенің кәсіби
құзыреттілігін қалыптастыруға қол жеткіземіз. 


83 
Креактивтілік әрбір студентке өз міндеттерін жүзеге асыруда әр түрлі әдіс - тәсілдерді
ойлап табуды білдіреді. Әрбір ойлап табылған әдіс , тәсіл – оларға өз жұмысында икемділігін 
арттырады, шеберлікке баулиды. 
Креактивтілік мамандықтың барлық түрінде қажет құбылыс. Жай ғана ас пісірушінің
өзі де нәтижеге қол жеткізу үшін, еңбегі жемісті болу үшін шығармашылықпен еңбек етеді. 
Мейірбикелерге де шығармашылық қабілеттілік ауадай қажет. Креактивтілік – әр 
студенттің ойлаудан, сезімдерден, науқастармен қарым-қатынастық әрекеттерден, емдеу 
әрекеттерінің түрлерін қолдану сәтінде шығармашылық мүмкіндіктері. 
Әлемдік білім беру үлгісіндегі жастарға креактивтілік қабілеттің төрт бөлімін таңдап 
алып, колледж студенттеріне жаңа технология әдіс тәсілдеріне үндестіріп сабақ процессінде
үйретемін: 
1.
Студенттің дүниетанымдық қасиеттерін дамыту: өз болашағына және өзі таңдаған 
мамандыққа деген сенімін, дұрыс таңдау жасағанына көз жеткізуін, өзінің армандарына жетуге
құлшынысын, этикалық, эстетикалық сезімдерінің белсенділігі, өзіндік пікірін айтуға сай 
екендігі: 
2.
Зияткерлік қасиеттеріне тәрбиелеу: Адам тағдырына байланысты қырағылық, ем-дом 
істерінде бейімділік, байқағыштық, жұмыста науқастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлай білу
жазылып келесіз, деген сенімділік сезімін сыйлау және жігерлілік, кездесетін қиын сәттерде – 
батылдылық. 
3.
Асқақ адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу: Болашақ мейірбикелердің науқастарға 
деген көзқарастарына адалдық, сыйластық, құрмет, еңбек сүйгіштік, төзімділік. 
4.
Еріктік қасиеттер: мақсатқа талпынушылық, табандылық, науқастың әр қилы
кезеңінде де батылдық, өзін – өзі танытуға талпыныс, ұстамдылық, жүректілік, қайраттылық, 
сенімділік. 
Әсіресе, осы еріктік қасиеттері болашақ мейірбикелерге әр күн сайын қажет құбылыс. 
Өмірде кездесіп жататын жол апаттары, кісі қолынан ауыр халде жарақаттанған науқастарға 
ем-дом көмегін берерде «қан - жоса» болып жатқан науқасқа ем қолданғанда: қырағылық,
төзімділік, батылдық өте қажет құбылыс. 
Өзім 2016 жылы Алматы қаласында осы оқытудың жаңа технологиялық әдістерінің 
бірі «креактивтілік қасиеттердің кәсіби мамандарға - қажеттілігі» деген тақырыпта өз 
білімімді көтеру курсында білім алғаным қазіргі таңда әр сабағымда өз нәтижесін беруде. 
Креактивтілік – тұлғаның кәсіби және әлеуметтік бәсекеге қабілеттілігінің негізгі 
түрткі беретін, ықпал ететін бағытқа негізделген тәрбие мен білім әдіс тәсілдерінің
негіздерінің бірі. 
Себебі, біз мейірбикелерге тек кәсіби білім негіздерін, теориясын ғана үйретіп қоймай, 
оны өмірде қолдануын да, тәлім – тәрбиесімен қоса үйретеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет