Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет57/74
Дата11.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184799
түріСборник
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

Литература 
1.Конвенция ООН «О правах инвалидов» 13 декабря 2006 г. 
2. Изменения в «Законе об образовании» в 375 приказе от 24 января 2008 г. 
3. Анохин П.К. Эмоции // Большая Медицинская Энциклопедия. -Т.35. - М.: Изд. Советская 
Энциклопедия, 1964. - С.425-436. 
4.Выготский Л.С. Вопросы детской ( возрастной ) психологии. //Собр. соч.: В 6 т. 5.М.: 
Педагогика, 1982-1985. -Т. 4. -1984. - С. 243 -385. 
Никольская О.С., Баенская Е.Р., Либлинг М.М Аутичный ребенок. Пути помощи. М.: Теревинф, 
1997. - 342 с.
 
 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА 
ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ 
 
Рисбаева Раушана Бидуллаевна 
Ш.Есенов ат.КМТИУ көпсалалы колледжі 
 
«Инклюзивті» термині - ағылшын тілінен аударғанда енгізілген, араластырылған немесе 
қосып оқыту деген мағынаны білдіреді. Бұл оқушыларды олардың бұрынғы оқу үлгерімі, 
денсаулық жағдайы, ата-анасының әлеуметтік – экономикалық мәртебесі мен басқа да 
жағдайларға көңіл аудармай жалпы білім беру үрдісіне араластыру болып табылады [1]. 
Инклюзивті білім беру – мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір 
формасы. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі 
формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін: жалпы және арнаулы 
жүйелерді бір-біріне қарама-қарсы қоймай, керісінше жақындатады.


120 
Жалпы білім беру ұйымдарында сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың 
бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру кезінде кері салдарлар туындау мүмкіндігін 
азайту үшін инклюзивті білім беруге қажетті арнаулы жағдайлар тізімін нақты белгілеп алу 
қажет. Бұл тізім оқу үдерісін ұйымдастыруды, оқу мазмұны мен әдістемесін, балалардың 
үлгерімін бағалауды және т. б. қамтуы тиіс [2]. 
Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін 
ұйымдардағы оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың 
қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты 
қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай 
қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткеніндей дәстүрлі білім беру жүйесінен 
балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық 
қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке 
жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. 
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және 
мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең 
құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту- 
адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді [3]. 
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері: 

Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес.

Әрбір адам ойлау мен сезінуге қабілетті.

Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 

Барлық адамдар бір-біріне қажет.

Түбегейлі білім шынайы өзара қарым-қатынастар негізінде жүзеге асады . 

Барлық адамдар бір-бірінің қолдауына, қатарластарының достығына мұқтаж.

Әр бала білім алуға құқылы.

Әр баланың қайталанбайтын бірегей ерекшелігі, қызығушылығы, қабілеті мен 
қажеттіліктері бар.

Балалардың қажеттіліктері назардан тыс қалмай және дербес түрде қанағаттандырылған 
жағдайда олар жақсы оқиды.
Инклюзивті оқыту үдерісіне психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің 
ұйымдастырушылық шаралары: 
Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйрету 
үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау үшін психологқа, логопедке, арнаулы педагогқа, 
әлеуметтік педагогқа арналған кабинеттерді арнайы жабдықтау қажет. Сондай-ақ, кітапхана 
қорын арнаулы оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен, әдістемелік әдебиеттермен 
толықтыру керек. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқып-үйренудегі қиындықтарын дер 
кезінде анықтап, оларға коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін, сондай-ақ жалпы 
білім беретін мектептегі білім игеруге байланысты қол жеткізілген деңгей туралы оқушылар 
мен ата-аналарды хабардар етіп отыру үшін тұрақты түрде психологиялық-педагогикалық 
мониторинг өткізіліп тұруы тиіс. Бұл интеграциялық оқыту сыныбы мұғалімінің арнаулы 
(коррекциялық) сынып мұғалімімен, пән мұғалімдерімен, психологпен, арнаулы және 
әлеуметтік педагогтармен тығыз ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жүргізу нәтижесінде іске 
асады. Осымен қатар арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдаудың бақылануын және 
орындалуын мектеп психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумы жүзеге асыруы 
тиіс [4].
Инклюзивті оқытуды ұйымдастыруға қойылатын талаптар [5]: 
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға интеграцияланған 
(инклюзивті) білім беру ісін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарында» мүмкіндігі 
шектеулі балаларды инклюзивті оқытуға қойылатын талаптар белгіленген. Бұл талаптар 
бойынша мұндай балаларды қабылдау және жалпы білім беру үдерісіне ендіруге байланысты 
мынадай дайындық жұмыстары жүргізілуі тиіс:


121 
-мектептің физикалық тұрғыдан қол жетімділігін қамтамасыз ету (лифтілер, пандустар, 
тірек-қозғалыс аппаратының қызметінде ақаулығы бар балаларға арналған арнаулы жиһаз 
(мебель);
-білім беру және коррекциялық-дамыту үдерістерін арнаулы техникалық жарақтармен 
қамтамасыз ету (есту, көру, сөйлеу мүшелерінің ақаулықтары бар балалар үшін);
-коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсететін педагог қызметкерлерді (педагог-
дефектолог, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, мұғалім-логопед) іріктеп, жұмысқа қабылдау 
және жалпы білім беру үдерісіне ендірілген балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау 
жасау;
-педагогтарға, мүмкіндігі шектеулі және сау балаларға, оқушылар ата-аналарына, 
сондай-ақ мектептің техникалық персоналына кеңестер беру.
Инклюзивті білім берудің әдістемелік оқытуы құрылым негіздері: 
Инклюзивтік білім беру жағдайында білім беру үдерісін психологиялық-медициналық-
педагогикалық тексеру мәліметтеріне сүйене отырып, дифференциялық және жеке тіл табу 
принциптері негізінде жүзеге асыру қажет. Жалпы білім беретін мектептерді инклюзивтік 
деңгейіне ауыстыру шарасы оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастыру ісінде өзгертеді: 
-күн тәртібі, сабақ кестесі, оқу ұзақтығы мен құрылымы өзгереді;
-аяушылық, қорғаушылық бағытындағы педагогикалық режимдерді сақтауға басымдық 
беріледі;
-педагогикалық қызметті жоспарлау, оның тиімділігі мен сапасын бақылау сипаты 
өзгереді;
-психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консилиумдар 
құрылып, 
өзге 
де 
психологиялық-педагогикалық 
қолдау 
көрсету 
бағытында 
қызмет 
орындары 
ұйымдасытырылады;
-оқу-тәрбие үдерісінің бағыт-бағдары мен мазмұн-мәні өзгереді (балалармен тілектестік 
сипатта қарым-қатынас жасау, оқу-тәрбие үдерісінің коррекциялық бағытын дамыту және т. б.) 
-білім беру ұйымының пәндік-дамыту ортасындағы талаптар күшейеді, өйткені ол 
мүмкіндігі шектеулі балаларды жан-жақты дамыту мен ақаулықтарды түзету барысында басты 
рөл атқарады. 
Инклюзивті топтарда білім беруді ұйымдастыру бағыттары [2]: 
Инклюзивті топтарда білім беруді ұйымдастыру негізгі 4 бағытта жүргізілуі тиіс:
• Жұмыстың диагностикалық бағыты.
Балаға консилиум мамандары кешенді динамикалық бақылау жасау арқылы қамтамасыз 
етіледі. Консилиум құрамына меңгерушінің бұйрығымен дефектолог мұғалім, логопед, 
практикалық психолог, дәрігер, топ тәрбиешісі енгізіледі.
• Жұмыстың түзетушілік-дамытушылық бағыты.
Жеке басқа тұтасынан әсер ететін шаралар кешенін қарастырады, жетекші әрекет түрін 
қалыпқа келтіру және жетілдіру, жеке даму кемшіліктерін түзету.
• Жұмыстың жалпы білім берушілік бағыты. 
Балаларды қоғамдық тәжірибені меңгеру тәсілдеріне үйретуді, әрбір жас кезеңіне тән 
олардың танымдық белсенділігін дамытуды, сондай-ақ баланың жеке басының мүмкіндіктері 
мен ерекшеліктерін ескере отырып мектепте оқуға даярлауды қарастырады.
• Әлеуметтік-тәрбие жұмысы.
Төмендегідей әлеуметтендіру мәселелерін шешуге бағытталған:
– бала мен оның отбасының дербестігі мен автономиясын арттыруға;
– дамуында ауытқушылығы бар тәрбиеленушілердің қалыпты дамыған құрдастары 
арасында ерте, толыққанды әлеуметтік кіріктіруді;
– мектепалды баланың әрекеті мен мінезіндегі адамгершілік бағыттарының 
қалыптасуына;
– жеке басының оң сапаларын тәрбиелеуге. 
Инклюзивті білім беру тәжірибесі ерекше білімді қажет ететін балаларға жағымды әсері 


122 
- еліктеу арқылы іске асырылады. Қалыпты балалар қоғамында мүше болу - өздерінің 
жастарына сәйкес қарым-қатынас жасау дағдысы және басқа да әлеуметтік дағды өңдеулерінің 
рольдік моделін ұсынатын жанында құрбы-құрдасытарының болуын білдіреді. Өзара байланыс 
балаларға достық қарым-қатынас жасауға, қажетті қолдауды иеленуіне көмектеседі (Snell and 
Vogle, 1996). Қосу (включение) тәжірибесінің үлкен пайдалы тұсы балалардың когнитивті 
дамуы болып табылады: оларда оқуға деген құштарлығы пайда болады, зеректілігі дамиды. 
Табысты қосу балалардың өмір барысында кәдімгі ортада, яғни қалыпты адамдар арасында 
мәселесіз, қиындықсыз өмір сүруі үшін оларға негізін салуға көмектеседі. Қалыпты балалар да 
инклюзивті оқудан арнайы қажеттіліктерге ие балаларда кездесетін қиындықтарды тереңірек 
түсіне бастайды. Оларда басқа балалардың қажеттіліктеріне деген сезгіштік қатынасы 
тәрбиеленеді, балалар арасындағы айырмашылықты қабылдауға үйренеді, яғни барлық 
қиындықтарды барлығы жеңіп шығуға болатынын және оларды қоршаған адамдардың 
қолдауымен табысқа жетуге болатынын түсінеді. 
Зерттеулер көрсеткендей, қалыпты дамып жатқан балаларда өздерінен ерекшеленетін 
адамдарға деген қатынасы жақсарады, олар өздерінің әлеуметтік жауапкершелігін ұғыну сезімі 
көбейеді (Staub and Peck, 1995).
Қалыпты дамып жатқан балаларға да, ерекше білімді қажет ететін балаларға да ата-ана 
болу – үлкен міндет болып табылады. Барлық ата-аналар өз балаларының болашағы үшін 
уайымдайды, ал даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары екі есе уайымдайды. Даму 
мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеу кезінде ата-аналарда ерекше қиындықтар туа бастайды. 
Егер баланы инклюзивті балабақшаға немесе мектепке белгілеу мүмкіндігі болса – бұл ата-
анаға деген үлкен көмек. Егер олар өз балалары баратын балабақша тобының немесе мектеп 
өміріне белсенді қосылса, онда олардың уайымдары азаймақ. Инклюзивті балабақшаға немесе 
мектепке баратын бала күннен-күнге жағымды жаққа қарай өзгереді, басқаша бола бастайды 
және ата-ана, қоршаған ортадан тыс болу сезімін азырақ сезінеді, сонымен қатар, тәрбие 
жұмысының тиімділігі жоғарылайды және баланың табысқа жетуіне көмектеседі.
Инклюзивті балабақша тобында немесе мектепте жұмыс істейтін педагогтар балалардың 
даму аймағына байланысты білімдері болуымен қатар, оқу мен тәрбие үдерісін қатар алып 
жүруі тиіс. Жұмыс тәжірибесіне қарай олар инклюзивті топтарда балалар ерекшелігін көру 
қабілетіне ие болады, баланың жағымды жақтарын сенімдірек бағалайды, балаға қажетті қолдау 
аймағын анықтайды. Мұндай топтағы педагогтар әр баланың әлеуетін ашуға, әрбірінің 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға талпынады, өзінің қылықтары мен әрекет мысалдарында 
адами қатынастарының құндылығын көрсете отырып, даму мүмкіндігі шектеулі баланы 
төзімділікпен түзете-тәрбиелейді. 
Инклюзивті мектептің пайдалы тұстары: 

Білім алуда тең құқылы болуға мүмкіндік. Инклюзивті мектепте отбасы және 
қоғамда, жалпы білім беретін мектептерде кездесетін – бөлу жоқ.

Білім алу деңгейінің көтерілуі. Негізгі сапалы білім берудің арқасында барлық 
оқушылар өздерінің жеке қабілеттерінің даму көрсеткішін жоғары деңгейге жеткізе алады.

Қоғамдық өзара білім алу. Ұзақ бірігіп білім алу оқушылар арасындағы 
әлеуметтік қары – қатынастарды дамытады. Жас балалар қоғамда өмір сүруге дайындалады. 
Біздің мемлекеттімізде инклюзивті білім беру жүйесінің жұмыс істеуі барысында 
төмендегідей сұрақтар туындайды: 
-Көптеген білім беру мекемелерінде арнайы мұғалімдер мен тәрбиешілердің балаларға 
сапалы білім беретін дайындықтары барма? 
-Инклюзивті білім беруде мұғалімдер және тәрбиешілермен бірге баланың білім 
алуына ат салысып жүрген ата-аналар барма? 
-Жалпы білім беру мектептерінде балаларға қиындықтар туындай ма, сонымен қатар 
дамуы артта қалған балаларға арналған қосымша сабақтар бар ма және олар бос уақыттарын 
қалай пайдаланады? 
-Коммуникативті мәселелері бар балаларды қалай оқытады және мұғалімнің өзі 
коммуникативті әдістерді меңгерген бе? (тілдік жест, Брайль әліппесі және т.б.). 


123 
Мектепке дейінгі мекемелердегі немесе мектепте білімдік, әдістемелік жұмыстар 
толықтай іске асу үшін, жоғары оқу орындарында арнайы мамандарды даярлауды қажет етеді. 
Қазіргі таңда елімізде инклюзивті білім беру үрдісін жетілдіру мақсатындағы іс-шаралар 
жалғасын табуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет