Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет58/74
Дата11.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184799
түріСборник
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

Әдебиеттер 
1.
«Об опыте воспитания и обучения детей с ограниченными возможностями 
здоровья», О.Г.Буторина, Воспитание школьников, 2010. - №7. 
2.
«Использование инклюзивных педагогических технологий в диагностике 
речевого развития учащихся начальных лассов», А.С.Баталов, Начальная школа, 2010.- №7. 
3.
«Качество образования. Образование. Казахстан», Вестник КарГУ, 2017. 
4.
«ХХІ век: векторы модернизации системы образования детей с ограниченными 
возможностями здоровья», Открытая школа, 2012. - №9. 
5.
«Комплекс мер по дальнейшему развитию системы инклюзивного образования в 
РК на 2015-2020 годы», приказ МОН РК от 19.12.2014 г. №534 [ЭВ]. 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНА ОҚЫТУ 
 
Сейдахметова Айдана Қарғабаевна 
О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі 
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе 
балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім 
беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. 
Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім 
беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы 
білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, 
жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке 
шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, 
яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік 
саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін 
мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде 
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік 
қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы 
жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. 
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға 
қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, 
біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан 
Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында» көрсетілді. 
Сонымен, инклюзия бұл - қазіргі кездегі қажеттілік. Әр баланың жеке тұлғасы қымбат 
бола тұра, біздер сенімдіміз, ерекше қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік ортаға кіру үшін 
отбасынан басқа орта керек, басқа балалармен араласу керек, ата-анадан басқа мұғалім қажет. 
Осы қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында инклюзивті оқыту заман талабы. 
Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға 
мүмкіндік береді. 
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: 
1.
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен 
жетістіктерімен анықталады. 
2.
Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 


124 
3.
Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы. 
4.
Барлық адам бір - біріне қажет. 
5.
Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады. 
6.
Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 
7.
Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын 
әрекетін жүзеге асыру. 
8.
Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 
Мұғалімнің басты мақсаты – алдындағы студенттерге таза білімнің өзін бере білу емес, 
бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. Тұлғаның 
өзіндік дамуы өз білімі үшін өз жауапкершілігін көтеру оның «көптің бірі» немесе «көптің ең 
жақсысы» болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігін, құндылығымен маңызды болып саналады. 
Осы тұрғыда білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген 
педагогикалық технология қолданып келеміз.Олар: 

проблемалық оқыту технологиясы;

кері байланыс технологиясы

жобалап оқыту технологиясы;

интерактивті оқыту технологиясы; 

ойын технологиясы; 

модульдік оқыту технологиясы; 

дамыта оқыту технологиясы; 

кейс технологиясы; 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. 
«Сын тұрғысынан ойлауды дамытатын» технология әр түрлі пәндер саласында 
қолданылатын түбегейлі жоспарлар мен әдістемелік тәсілдер жүйесі болып табылады. Ол білім 
беруде мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: білім саласында үнемі жаңарып 
тұратын ақпараттар ағынымен жұмыс жасай білу, өз ойларын жеткізе білу (ауызша және 
жазбаша түрде), айналасындағылармен анық, сенімді, нақты қарым-қатынас жасай білу, түрлі 
тәжірибелерге, идеяларға және ұсыныстарға өз пікірін пайымдау негізінде жеткізу; 
проблемаларды шеше білу, өз бетінше білім алу (академиялық ұтқыр); топта бірлесе еңбектену 
және жұмыс жасау; басқа адамдармен сындарлы қарым - қатынас жасауға қабілеттілік.
Мен өз іс-тәжірибемде сын тұрғысынан ойлау технологиясын 1304000 – «Есептеуші 
техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша 
«информатика» пәнінде жиі қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен инклюзивті 
білім алатын оқушыларды оқытатын болсақ нәтижесі бар. Себебі, білім беру саласында жиі 
көтеріліп жүрген мәселелердің бірі - студенттерді өзін-өзі басқаруға үйрету. Студент санасына 
білімді жүйелі түрде меңгеруіне және студенттің қабілет деңгейлерін дамытуда осы 
технологияның маңызы ерекше екендігі мәлім. Олай дейтінім, жаңа технология әдістері 
студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, 
қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Өйткені, сын тұрғысынан ойлау 
технологиясында оқытудың әр түрлі белсенді формаларын (топтық, жеке топтық, жұптық, 
пікірталастар, диспуттар) қолдануға мол мүмкіндіктер бар. 
Сыни ойлау - өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін
проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. 
Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Сыни ойлау сабағының құрылымдық 
формуласы 3 кезеңнен тұрады: 
I.
Қызығушылығын ояту ( «көпір жасау», ой қозғау) 
II.
Мағынаны таныту ( мағынаны ажырату) 
III.
Ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады) 
Өз тәжірибемде жаңа тақырыпты оқыту барысында қызығушылығын ояту бөлімінен 
бастаймын. Мысалы, пән бағдарламасында «Компютердің қосымша құрылғыларын баптау және 
орнату» тақырыбының мақсаты мен мазмұнын анықтау үшін «Суреттер сөлейді» әдісімен жаңа 
тақырыпты анықтаймын және құрылымымен, мақсатымен таныстырамын. Сонан соң мағынаны 


125 
тану бөлімінде топты негізінен 6 студенттен шағын топтарға бөлу арқылы олардың өзара 
белсенді әрекеттенуіне ықпал жасаймын. Мағынаны тану бөлімінде тыңдау, жазу, көру, айту 
мүмкіндіктері ескерілген. Сын тұрғысынан ойлау оқытудың мағынаны ажырату бөлімінде 
келесі белсенді формаларды қолданамын: «Қарлы кесек», «Брейн-ринг», «Ойлан да тап» оқыта 
үйрену ойындары, сауалнама "Бос қалған сөздерді толтырыңыз" және пікірталастық, рөлдік 
оқыта үйрету ойындары, жеке-топтық жұмыс формасын, өзара оқыту, оқыта үйрену ойындарын 
қолданамын. Әсіресе, оқыту барысында тиімді, нәтижелі топтық жұмыс формасын жиі 
қолданамын. Себебі, топтық жұмыс студент пен студент, студент пен мұғалім араларындағы 
білім алу, білім беру әрекеттері үлкен орын алатынын көруге болады. Студенттердің топтық 
жұмыс жүргізу алдында оларды қабілетіне, қызығушылығына, икеміне, біліміне қарай 
лайықтаймын, тексеру мен бағалаудың әділдік, жариялылық талаптарын орындау, ұстаз бен 
шәкірт ынтымақтастығы арқылы студенттің белсенді ойлауына, белсенді сөйлеуіне, 
шығармашылығына қол жеткізу. Қорыта айтқанда колледжде инклюзивті оқыту арқылы барлық 
балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын 
қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Бұл бағыт арқылы мүмкіндігі 
шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін 
қалыптастырады. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі студенттерді шынайы қарым - 
қатынас шеңберінде тәрбиелеудің бастауы болмақ. Біз мүмкіндігі шектеулі студенттерге білім 
бере отырып, оларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет