Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет60/74
Дата11.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184799
түріСборник
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

 
Бұл
 
жәйт оқушылардың назарын білім игерудің 
қиыншылықтарынан оның қызықты жақтарына аударады, оларды ынталандырады, еркіндік 
береді. Еркіндік болған жерде қабілеттерде ашылары сөзсіз. 
Біз инклюзивті білім алатын ерекше оқушыларға өмір сүру жолдарын үйренуге мүмкіндік 
беруіміз керек. Мұндай ойымның дәлелін ғұлама ғалым Альберт Эйнштейннің мына сөзімен 
жеткізгім келеді: «Мен өз шәкіртімді ешқашан үйретпеймін, мен тек олардың үйренуіне тиімді 
жағдайлар жасауға тырысамын» деп айтқан болатын. Мен де кез-келген оқушыға білім беруде 
осы ұстанымды басшылыққа аламын. 
Психологиялық сүйемелдеу, қолдау ол бөлек әңгіме... 
«Психологиялық сүйемелдеу» түсінігін көптеген зерттеушілер білім алушылардың өзекті 
мәселелерін шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін шарттарды құруға бағытталған психологтың 
ұйымдастырылған іс-әрекеті ретінде анықтайды. Психологиялық сүйемелдеу бір мезгілдік шара 
емес. Бұл – психологиялық қызмет көрсету барысында жүйелі түрде ұйымдастырылатын және 
тұрақты орындалатын жұмыс. Психологиялық сүйемелдеудің ең басты қағидаларының бірі 
тұлғаға уақытында көмек көрсетіп, қолдау ғана емес, осы үдерістің қиыншылықтарын өздігінен 
жеңіп шығуға, тұлғалық қалыптасуына жауапкершілікпен қарауға үйрету, әлеуметтік өмірде 
толыққанды субъект болып қалыптасуына ықпал ету. Психологиялық сүйемелдеу, әсіресе, 
инклюзивті оқыту жағдайында ерекше маңызға ие: топ ұжымындағы әр түрлі категориядағы 
балалардың даралық ерекшеліктерін ескере отырып, оларға жеке қатынас жасау, даму 
мүмкіндіктерін болжау және ұжымдағы өзара қарым-қатынас тиімділігіне жасау. 
Қазіргі таңда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің қадыр-қасиетін қамтамасыз 
ететін, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына 
жәрдемдесуін толыққанды жағдайларда лайықты өмір сүруге, яғни, мүмкіндігі шектеулі 
балаларға жан-жақты педагогикалық қолдау көрсетіліп, әрбір бала шама — шарқына қарай 
білім көлемін меңгеруде. Интеллектуалдық жетіспеушілік салдарынан мүмкіндігі шектеулі 
балалардың қалыптасуы әртүрлі аспектілерінде қиын жағдайларда өтеді. Олар мадақтауға
қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді. Дегенмен, жаратпау және еркелету 
эмоцияларын ажырата алады. Бірақ, өз эмоцияларын вербалды түрде көрсете алмайды. Өзінің 
адамдарға деген қатынасын жымиюмен, адам бетіне аянышты түрде қараумен білдіреді. 
Негізінен, мүмкіндігі шектеулі балалар селсоқ, өзіне — өзі сенімсіз, кейбіреулері шектен тыз 
ызақор болып келеді. Олардың эмоциялары әлсіз, алайда күйзелістері тұрақты, терең болады. 
Мұндай балалар айқайлауға, жүгіруге, рұқсатсыз зат алуға, шулауға, қырсығуға 
болмайтындығын түсінбейді. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін педагогтарымыз 
психологиялық сауатты болуы қажет деп ой қорытындылаймын. 
Әдебиеттер
1.
Оқытудағы интербелсенді тәсілдер. 2014ж. Астана 
2.
http://zkoipk.kz/smartconf2017/4-section/3625-conf.html 
3.
Байтұрсынова А. А. «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы,
2008 ж https://www.unicef. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет