Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет64/74
Дата11.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184799
түріСборник
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

Әдебиеттер 
1. Қаплиева А.К. Инновациялық технологиялар - білім сапасын арттыру құралы // 
Қазақстан мектебі. - 2013. - №12. - С. 6-8.
2. Ерғалиева А.Г. Рухани-адамгершілік құндылық негізінде студенттердің ӛзін-ӛзі 
тәрбиелеудің педагогикалық шарттары: пед.ғыл.канд. ....дисс.: 13.00.01. - Атырау, 2006. 
3. Утебаева А.Т. Педагогические основы валеологизации и здорового образа жизни. – 
Шымкент, 2006. 
4. Төлеубекова Р.К. Жоғары сынып оқушыларын жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда 
адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері. Докт.дисс., Алматы, 2001ж, 
311б. 
5. Әмірова Ә. С. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық-іс-әрекетін 
қалыптастырудың теориясы мен практикасы: пед. ғыл. докт. ... автореф. – Алматы, 2009. 


134 
6. Кайбулдаева Г.А. Ұлттық балабақшалардағы рухани-адамгершілік тәрбие жүйесінің 
тарихи даму бағыттары. – Түркістан, 2008. - 159 б. 
7. Сүлейменова Б. Бастауыш сынып оқушыларын қазақ батырлар жыры арқылы 
адамгершілікке тәрбиелеу. пед.ғыл.канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 2006. – 25 б. 
8. Джанабаева Р.А. Қазақ халық педагогикасындағы патриоттық-ерлік тәрбиесінің 
ғылыми негіздері. Пед. ғыл. докт. дис. авторефераты. - Алматы, 2006 ж. 42б. 
9. Таутенбаева А.А. Жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде студенттердің 
ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру (қазақ және ағылшын 
халықтарының мәдени құндылықтарын салыстыра пайдалану мысалында) : автореферат дис. . 
пед. ғылым. канд. : 13.00.01 : Қазақ мемлекет. қыздар пед. ун-ті. - Алматы, 2009. - 25 б.
10. Игенбаева Б.Қ. Ана тілі сабағында жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта 
оқыту әдістемесі. (1-2 сынып). Канд.дисс.., Алматы, 2002 ж. 142 б. 
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Туракова Гайша Алпамысовна 
Ш.Есенов атындағы КМТжИУ көпсалалы колледжі 
Білім саласындағы тиімді оқытуға арналған мемлекеттік саясат – инклюзивті білім беру, 
барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеуге
жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жою, 
ата-аналарын белсенділікке шақыру, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік 
мұқтаждықтарына арнайы қолдау, олардың құқығын кемсітпеу яғни, жалпы білім беру сапасы 
сақталған тиімді оқыту және адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оларға арнайы 
жағдай қалыптастыру негізі болып саналады 
Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа 
шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың 
ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт 
балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының 
балалардың құқықтары туралы, Білім беру туралы, Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік 
және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы, Қазақстан Республикасында 
кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы, Арнайы әлеуметтік қызмет туралы Қазақстан 
Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. 
Инклюзивті білім беру немесе білім баршаға бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі 
оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл 
бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның 
Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді. 
Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне 
қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті 
қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. 
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: 
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен 
анықталады. 
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 
3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы. 
4. Барлық адам бір - біріне қажет 
5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады 
6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 
7. Әрбір білім алушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын 
әрекетін жүзеге асыру. 
8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді 


135 
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше 
қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.
Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту 
мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен 
сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың 
жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан білім мекемелерінде оқыған балалар адам 
құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас 
жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары 
интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен 
болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу 
үлгерiмi төмен болады.
Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары 
көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу 
кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген 
жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның (психолого-медико –педагогическая 
комиссия) ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар.
Жалпы білім беретін мектептер мен балабақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша 
көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды 
тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы 
мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары 
жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік 
беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа 
жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, 
жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті. 
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін 
ошақтарында оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Тәжірибе көрсеткеніндей, қатаң білім 
беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай 
балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай 
балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін 
қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, 
мектепте және колледж өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; білім алушылардың тең 
құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-
қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.Даму мүмкіндігі шектеулі 
балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. 
Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім 
үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін 
қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті 
оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше 
қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан білім 
мекемелерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар 
бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді. Қазіргі таңда барлық 
әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен 
ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды 
қарастыратын осы инклюзивті білім беру.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім 
мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге 
арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне 
сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың 
психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. 
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай 
АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің 
елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек Қазақстан 


136 
Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасында көрсетілді. 
Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері 
қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген: 
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары 
жасалады; 
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі 
әзірленеді; 
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады; 
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.
Мемлекеттік бағдарлама негізінде білім беру мекемелерінде мүгедек балалар үшін 
көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, 
арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен 
жабдықтау арқылы кедергісіз аймақтар құруы жоспарланған. Мүмкіндіктері шектеулі 
балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (білім 
мекемелерінде 
педагог-дефектологтардың, 
балаларды 
психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға 
қойылуы қажет деп ойлаймын.. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен 
қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге 
асырылуы тиіс. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, 
олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс 
орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы. 
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай: 
-әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс. 
-әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген 
мұқтаждықтары болады. 
- білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру 
мақсатына орай өзгерту.
Қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- білім алушылардың тең құқығын анықтайды және 
ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға 
мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп
ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін 
дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде 
қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті 
бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір 
сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы 
мүмкіндігі шектеулі балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің 
бастауы болмақ. Отанымыздың әрбір азаматын болашақта жан-жақты тәрбиелеп, сапалы білім 
беру арқылы дамыту ең жауапты іс. Қазіргі таңда балалардың мүмкіндігін ескере отырып 
өзгелермен теңдейбілім алуға барлық жағдай жасалуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет