Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»


В. Білім алушыларды дұрыс сөйлетуде, олардың тіл мәдениетін



Pdf көрінісі
бет73/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

В. Білім алушыларды дұрыс сөйлетуде, олардың тіл мәдениетін 
қалыптастыруда, тілдің стильдік қырларын еркін танып-білгізуде де 
тәрбиелік мән жатыр.
Себебі шешендік өнерге үйрету арқылы олардың жеке 
бас қасиеттері қалыптасады. Білім алушылардың сөйлеп тұрған кезінде артық 
сөздерді қосып жіберуі көп кездеседі. Сондай-ақ сөздерінің арасында 
былапыт, диалект, жаргон т.б. сөздерді қосып сөйлейді. Бұл-олардың сөздік 
қорының жеткіліксіздігінен болатын құбылыстар. Бұл жөнінде тілші 
М.Балақаев: «Біраз оқушылар ел арасында, кейбір тілдік мәдениеті төмен 
кісілер арасында үйренген жаттанды, төмен қол сөздерден көпке дейін 
арыла алмайды, «әдет – әдет емес, жөн – әдет» екені ойына кіріп шықпайды. 
Үйреншікті, дағдылы нәрселердің бәрінің жаттығы білінбей, жақсылықтың 
нышаны сияқты болатыны да рас, дегенмен, диалектизм, жаргон, былапыт 
сөздерді жаман әдет екенін түсініп, ондайдан арылу үшін аңдап, ойланып 
сөйлеу, ана тілінің асыл сөздерін оқып біліп, естіп, көңілге тоқу қажет» - 
дейді [7,7]. Білім алушыларды ауызекі және жазбаша сөйлеу тілінде осындай 
жаман әдеттен арылту мақсатында сөздік қорларын байытуға ықпалы бар 
фразеологиялық тұлғаларды әдеби тіл негізінде алып, оны олардың актив 
сөздігіне қосу үшін арнайы жаттығулар арқылы жұмыс жүргізу қажет. Сонда 
ғана олардың сөздік қоры дамып, актив сөздік қорында әдеби тіл нормасына 
сай келетін фразеологизмдер көбейеді. Бұл білім алушылардың ойланып
әдеби тіл нормасына сай сөйлеуіне ықпал етеді. 
Г. Фразеологизмдермен жұмыс жасау барысында халықтың асыл сөз 
маржандарын үйрету ұлттық рухта тәрбиелеудің негізі
болып табылады. 
Білім алушылардың сөздік қорын байытуға ықпал ететін фразеологиялық 
тұлғаларды іріктеп, оларды халықтың асыл сөз маржандарымен байланыстыру 
қажет. Мысалы, фразелогиялық тұлғаларды шәкірттерге түсіндіру барысында 
құрамында осы сөздер бар мақал-мәтелдер таңдалынып алынды. «Малым – 


141 
жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы», «Қанағат – қарын тойғы-
зар» т.б. Бұл мақал-мәтелдердің мағыналарын ұғыну барысында мақалда 
айтылып тұрған қасиеттерді өз бойында қалыптастыруына мүдделілік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет