539
- қазақ тілі сөзіндегі дыбыстардың сандық құрамына әсер ететін фонетикалық
құбылыстардың табиғаты мен сипатын анықтау;
- осы дыбыстық құбылыстардың себептері мен заңдылықтарын нақтылау;
- қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің басқа тілдердің дыбыстық жүйелерімен
байланысына талдау жасау және қазақ тіліндегі сөздердің фонетикалық
ассимиляциялану жолдарын анықтау;
- қазақ тілінің сөз құрылымындағы әр түрлі дыбыстық құбылыстарды
техникалық құралдар арқылы зерттеу.[4, 300 б.]
Түркі тілдерінің фонетикасын зерттеудің жаңа кезеңі В.В.Радловтың
еңбектерінен басталады. 1882 жыл Лейпцигте оның «Солтүстік түркі тілдерінің
фонетикасы» атты еңбегі неміс тілінде жарық көреді. Бұл түркі тілдеріндегі
алғашқы салыстырмалы фонетика. Мұнда қазақ тілінің, атап айтқанда, дыбыс
құрамы, дыбыстардың тіркесу үлгілері, сингармонизм мәселелері біршама
шешілген.
Қорыта келе, тілдің фонетикасын меңгеру оның сөйлеу саласын меңгерудің
басты алғышарты болып табылады. Қазақ тілі бір-бірімен үйлесім тапқан
дыбыс тізбегінен тұрады, олар өз кезегінде жариялылығына, үндестігіне
қарамастан қатты және жұмсақ болып екіге бөлінеді. Осы қасиеттерді ескеру
оқушының қазақ тіліндегі дыбыстарды және олардың буын мен сөздегі
тіркестерін, әсіресе орыс тілділерге қазақ тілін оқыту процесінде меңгеруіне
мүмкіндік береді. Жақсы жазудың кілті – емле ережелерін сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: