Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования


Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде Ы.Алтынсариннің



Pdf көрінісі
бет12/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде Ы.Алтынсариннің 
идеяларын тәжірибеде іске асырылу деңгейі, нәтижесінің болуы
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық! – деген өлеңінде білім алуға үндесе, екінші 
жағынан, жастарды табиғаттың әсемдігін, адамның сезімін қабылдап, түсіне 
білуге тәрбиелейді, оның өлеңдері мен ғибрат әңгімелері жас ұрпақты 
тәрбиелеу мен оқытуда күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ.
Қазіргі оқыту әдістемесінде қолданып жүрген көптеген технологиялар 
да бар. Сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп-саралап оқыту, проблемалық оқыту, 
интерактивті, белсенді оқыту және т.б. алсақ, негізінде Ыбырайдың 
педагогикалық идеялары жатыр деуге болады.
Ы. Алтынсарин салған сара жол Тәуелсіз Қазақстанмен бірге қанатын 
кеңге жайып, жалғасын табуда. «Біз болмасақ,- сіз барсыз, сіздерге берем 
батамды, үміт еткен достарым» деген ұстаздардың ұлы ұстазы қазіргі жастарға 
кеңес береді, тәрбиелейді, ғибрат алғызады. 
Әдебиеттер:
1.
Жарықбаев Қ. Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы.
А, 1965. 
2.
Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин Ана тілі. 1991. 
3.
Сыздықов Ә. Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен 
ағартушылық қызметі. А, 1969. 
4.
Сарбаева А.М. «Қазақ мәдениетінің ұлы қайраткерлері. IX-XIX 
ғасырлар. Ғұлама тағылымы»: Оқу – әдістемелік құрал. Көкшетау: 
«Келешек 2030», 2011ж. 144-161бет. 
5. Ы.Алтынсарин. Қазақ энциклопедиясы. -Т.1-121б. 
Ы. АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
 
Сейтмуханова Айнагуль Жаскайратовна
Қ.Сәтбаев атындағыжалпы
орта білім беретін мектебінің 
мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы 
Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы 
ағартушы, орыс әдебиеті классиктерінің балаларға арнап жазған 
шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде ғана емес, қазақ 
жазба әдебиеті тарихында тұңғыш прозаик ретінде де белгілі. Олай дейтін 


15 
себебіміз, Ыбырайға дейін шын мәнінде көркем проза қазақ жазба әдебиетінде 
қалыптаспаған еді.
Ы. Алтынсарин шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, 
ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады.
Ыбырай Қазақ хрестоматиясына: «Қара батыр», «Байұлы», «Жиренше 
шешен», «Тазша бала» туралы ертегі, «Бай баласы мен жарлы баласы», «Таза 
бұлақ», «Әке мен бала», т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді. Қазақ 
хрестоматиясына 
енген 
Ыбырайдың 
көркем 
шығармалары өзінің 
ағартушылық идеясына бағытталған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін,
оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті. 
Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын 
анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға бұруда білім мен тәрбие мәселесі 
қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады.
Ыбырай әңгімелерінің негізі халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам 
әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан 
алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әрекеттері арқылы 
бейнелеуді мақсат тұтты. Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен 
өнерге баулитын және адамгершілкке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа 
бөліп қарастыруға болады. 
Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы – еңбек. Ол еңбек адамның 
өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға 
келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп 
тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар. 
Мысалы «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай баласы мен жарлы баласы» 
және т.б.
Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне 
арналған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы 
алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір 
асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл 
тақырыпта жазылған Ыбырай шығармалары: «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», 
«Таза бұлақ» және т.б. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған 
адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді. 
Жас зерттеуші Нұрбекова Диана Мейрамғалиқызының «Ыбырай 
Алтынсарин шығармалары – тәрбиенің алтын діңгегі» атты ізденіс жұмысын 
оқи отырып, зерттеу барысында тақырыптың орынды таңдалғандығы және 
зерттеу мақсаты мен міндеттерінің нақтылығы көрінеді.
Бала жанының зергері Ы.Алтынсарин әңгімелерінің бәрі де бүлдіршіндердің 
жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұнды, тартымды, олардың жан 
дүниесіне әсер етерліктей етіп берілгендігін атап көрсеткен. Осы әңгімелерді 
педагогтер балаларды ұқыптылық пен сабырлылыққа, шыдамдылыққа, 
төзімділікке тәрбиелеу мақсатында тәрбиелеу-білім беру процесінде 
пайдалануға болады.
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» педагогтік мақсатына 
сәйкес жазған өзінің көптеген шағын әңгімелері мен мысалдарын, өлеңдері 
мен халық ауыз әдебиеті үлгілерін енгізеді. Хрестоматиядағы біраз 


16 
туындылары 
орыс 
педагогтерінің 
оқулықтарынан, 
айтулы 
орыс 
жазушыларының балаларға арналған шығармаларынан арнайы аударылған.
«Қазақ хрестоматиясы» арқылы жеткен Ыбырайдың бүкіл әдеби мұрасы 
оның көркем шығарма жазуды ағартушылық идеясына бағындырғанын айқын 
көрсетеді. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, оның жақсы, үлгі істерге 
үйрететін күшті құрал деп ұқты. 
Ең алдымен, ол балаларды оқу-білімге үндейтін «Кел, балалар, оқылық», 
«Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңдер жазды. 
Оқысаңдар, балалар, 
Шамнан шырақ жағылар. 
Тілегенің алдыңнан 
Іздемай-ақ табылар. 
Кел, балалар, оқылық! 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық! 
Ыбырай балалар әдебиетіне арнап, жасөспірімдерді тәрбиелеу жолында 
көп шығармалар жазды. Бұл шығармаларды жазуда алдына үлкен мақсаттар 
қойды. Ол өз сөзінде: «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа
отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына 
тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін» - дейді. Оған мынандай шығармалары 
дәлел бола алады. Мысалы: «Бұл кім?», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», 
«Ананың сүюі» өлеңдері, «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», 
«Алтын шекілдеуік», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Әдеп», 
«Тәкаппарлық», «Байұлы» әңгімелері ұлы жазушының барлық өлеңдері мен 
әңгімелерінің мазмұнында негізінен өзі айтқан осы идея баяндалады. 
Ыбырайдың балаларға арналған хрестоматиясындағы өзі жазған әр 
алуан қысқа сюжетті әңгімелерінде өмірдің сан түрлі қырларын ашуды мақсат 
етеді. Автор қазақ балаларының табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, 
олардың жан дүниесіне әсер ету арқылы еңбексүйгіш, адмгершілігі мол, 
зейінді де зерделі, адал да әдепті, білімді азамат болып жетілуін көздеді. Осы 
биік талаптарға сәйкес жас буынның қабылдау және жас ерекшеліктерін 
ескере келіп, әрі қысқа, әрі нұсқа көркем әңгімелер жазды: «Бір уыс мақта», 
«Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Полкан деген ит», «Таза 
бұлақ», «Әділдік», «Жан-жануарлар айтысы», «Бай баласы мен жарлы 
баласы», «Білгеннің пайдасы», «Талаптың пайдасы», «Атымтай жомарт». 
Ы.Алтынсариннің шығармаларын кеңінен насихаттай отырып, өз іс-
тәжірибемде Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу 
бағдарламасына сәйкес балалардың бос уақыттарында «Бір уыс мақта» 
әңгімесі, «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен сахналық қойылымдар, «Қай 
әңгіме кейіпкері?» зияткерлік ойыны және т.б. іс-шараларды өткізіп, қолданып 
келемін. 
Сонымен қатар, «Aityn bala» инстаграмм парақшасында аса көрнекті 
ағартушы, педагог-ғалым Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай 
«MANGILIK EL JASTARY» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтіп 
жатқан «КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ» атты мектепалды даярлық және 


17 
балабақша тәрбиеленушілеріне арналған VIII республикалық байқауына 
сыныбымнан Алғай Адия, Өтеғали Әмір, Тұрдықылыш Інжу, Мукашева 
Жамиля, Жеңіс Аяжан, Ергазиева Самира, Бақытжан Заңғар, Тарғын Азамат, 
Жеңіс Аяжан, Мүсір Наргиза сынды тәрбиеленушілерім Алтынсариннің «Сөз 
басы», «Өзен», «Өнер – білім бар жұрттар» атты өлеңдерін жатқа мәнерлеп 
айтып бақ сынауда.
https://instagram.com/altyn_bala_2021?utm_medium=copy_link
 
Қорыта келе, ұлы жазушымыздың балаларға арналған шығармаларында 
қандай тақырыпта жазса да алдымен нені мақсат етіп көрсетуге болар еді деген 
мәселеге тоқтайды.
Жазған әңгімесін өмірде кездесетін, баланың өзі назар аударатындай 
заттармен, іс-әрекеттермен байланыстырып отырады. Себебі, мектеп жасына 
дейінгі балалардың зейіні тұрақты болмағандықтан, оларды қызықтырып, 
назарын аударту педагогтің ең басты міндеттерінің бірі екенін білген қазақ 
елінің дарынды перзенті әңгімелерінің бәрі де балалардың жас 
ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұнды, тартымды, олардың жан дүниесіне 
әсер етерліктей етіп берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет