Сценарий Орындаған: Қопабаева А. Р. 2021-2022 оқу жылы



бет5/6
Дата19.03.2022
өлшемі38,24 Kb.
#136437
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жас Ұлан сценарий

1 - жүргізуші: Қабылдауға жас ұландар дайын.
1 - жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)
1 қазақ класы «Жас Қыран» мүшелерінің ант тапсыру рәсімі.
1 қазақ класы «Жас Қыран» мүшелерінің ант тапсыру рәсімі.
5 қазақ класы «Жас Қыран» мүшелерінің ант тапсыру рәсімі.
5 орыс класы «Жас Қыран» мүшелерінің ант тапсыру рәсімі.

Анттың мәтіні:


Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата - анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылық пен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ!


1 – жүргізуші: Құрметті мектеп парламенті мүшелері ! Сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

1 - жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры Абдраимов Баймурат Жалгасбаевичке , беріледі.

1 - жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет