Шығарманың поэтикалық тілі: Қазақ халқының тілін, тіл құнарлығын мейлінше сақтап жазған жазушы. Сөздерді басқаша қолдануы – сөзге өзгеше өң беру молынан кездеседі. Бұл шығармада тілдің 2 түрі болады. Жазушы және кейіпкер тілі. Оқиғаны құбылта баяндау жазушының мәнері. Шығармада мақал-мәтелдер, афоризмдер, теңеулер өрнектелген. Мысалы:
Теңеу
Қасқыр талаған қойдай қызыл жон болған ауыл адамдары басқа паналар жер жоқтай, полицейский сабап айдап шыққан қораларына ығысып, қайта-қайта тығыла берді. 82 бет
Күз көшке әзірленбеген ауыл, урядниктің жыландай ысылдаған ызғарымен,мылқау өрттің лебіне шыдамай қонысынан қозғалғанмен,тез жиналып кете алмады, бес-алты шақырым ғана жерге жылжып, бас- аяғы жиналып ақылдасты.83 бет
Қаршадай боп мықтысын қарашы! – деді қатындар, жап-жас басынан зілдей ғой, мынау! 86 бет
“Сумырынға” тартса қаймыжықтай біреу болар еді. 86 бет
Жарылғаны тұрған жарадай жұрттың қайғысының аузын Нұрмағамбеттің жылауы тырнап ашқандай болды. 87 бет
Тоқсанбайдың сарайын қиғанда, тоңып өлетіндей тон алдың. 88 бет
Балаңның тілеуін кескендей болдың, бар болғыр.. 88 бет
“Патша” деген сөз Нұрмағамбеттің жүрегіне инедей шаншылды да жүрді. 92 бет
Әне, ашық күнде басына бұлт оралып, алыстан көк гауһар тастай мөлдіреген Бурабай тауы!.. Оның аржағы дала!... Бұйратты дала!... Кең дала!... Ол далада қаптай қонған ауыл!... Туған ауыл!... Өскен ауыл!... Ол ауылда әке-шеше!... Аға-іні!... Апа-қарындас!... Құрбы-құрдас!... Балуан Шолақтың – олар, олардың Балуан Шолақ оларды шын жүректен сүйеді... 134 бет
Тұмандай тұнжырап, борандай сапырылған қою шаңның арасында шауып келе жатқан Балуан Шолақ «Апыр-ау, дүбір күшейді ғой, жарысқан адам көнбейді білем» деп жан-жағына қараса, қою шаңды бұрқыратқан адам илеуінде қайнаған құмырсқадай!... 135 бет
Қасына отырған қызға қараса: аршыған жұмыртқадай әппақ жүзді, мөлдір көзді, мінезі ойнақы біреу екен. 142 бет
Қыз көз жасын көптен жасыра, Балуанға көрсете маржандай төгіп отырды да, «бүгіндік қана емес, өмірлік панаңа ал!» деген өтінішін айтты. 143 бет
Асыққан Балуанға жаздың қысқа түнінің өзі жылдай болды. 144 бет
Балуан, балуан... қара құрттай келе жатыр! – деп айқай салды.149 бет
Баланың «Қара құрттай қаптап келеді» деген айқайы Баймырзаның төбесінен жайдың оғындай ұрды. 149 бет
Әлсіз әкесін жатқызып, бойын жазған баласының көзіне Қалампырдың көзә түсіп еді, зәресі ұшып кетті: ағы қып-қызыл боп қанталаған Балуан Шолақтың екі көзі пеште маздап жанған оттың жалынындай дауылдап ұшқын шашып тұр екен. Даража біткелі нұрланып, қызыл шырайланған беті қорғасындай сұрлана қапты. Бойы дірілдеген сияқты, еріндері тоңазыған адамдай қыбыр-қыбыр етеді... Тордан шыққан арыстандай үйден бұлқына шыға келген оған дүниені өрт қаптаған сияқты, жерде, көкте, өсімдікте, ауылда, мал-жан да қып-қызыл болып елестеді. 150 бет
Тіл-аузым тасқа, соқтауылдай жігіт боп қалды. 101 бет
Он бес байталдың ақшасын судай сапырған оның негізгі тұрағы Біржанның үйі болды. 179 бет
Парикмахер қолтоқпақтай ғана денелі, бүкіштеу, өзінен мұрны мен мұрты үлкен, кішірек шүңірек көк көзді, қулықшыл шал екен, қазақшаға судай. 142 бет
Даусыда керемет өзінің, аққудай сұңқылдайды!.. 264 бет
Келіншектің қарақаттай мөлдір, күлімдеген көзі Нұрмағамбетке күн сәулесінен өткір қадалып, оның өмірде жаннан жасқанбаған көзін тайдырып жіберді. 121 бет
«Мынау не?» деп төне түсіп еді: желкесінің қара қылшық жүні жылқының жалындай желкілдеген, тұмсығы жарты кез, үлкендігі тайыншадай, қара құлақ қасқыр. 96 бет
Содан кейін тартып көріп еді, зілдей бірдеме! 98 бет
Білектері адамның санындай, саусақтары білектей, саны кеудедей, кеудесі кигіз үйдей, құлағы тебінгідей, басы қазандай, аузы жарта қарыс, екі ерні- екі кесек ет, түксиген қабағына біткен қалың қас желкілдеп, кішкене көзін жауып тұр, тұла бойы түксиген жүн, қылдары жылқының ту құйрығынан қатты, бойынның тұрқы – нар түйедей, екі иығына екі кісі мінгендей, сөйлеген сөзі арыстның күрілдегені сияқты. 115 бет
Достарыңызбен бөлісу: |