Сегізінші том қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне


Халықтың мемлекетке сататын мал шаруашылығы өнімдерінің сатып алу бағалары мен құрама жемнің бөлшек сауда бағалары қандай?



бет24/27
Дата25.12.2016
өлшемі8,53 Mb.
#4913
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Халықтың мемлекетке сататын мал шаруашылығы өнімдерінің сатып алу бағалары мен құрама жемнің бөлшек сауда бағалары қандай?
Қолданылып жүрген заңдар бойынша, халық мемлекетке сататын сүт және сүт өнімдерінің, мүйізді ірі қараның, шошқаның, қойдың, ешкі мен жылкының сатып алу бағалары, совхоздар және колхоздардың мемлекетке сататын бағаларымен теңдес. Халыққа сатылатын құрама жемнің бірыңғай бөлшек сауда бағалары бидайды сату бағаларынан асырылмауы кереқ Колхоздар, совхоздар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін бекітілген сатып алу бағалары халықтың мемлекетке сататын сиыр сүтіне, кілегей мен қымыз, шұбат, сиыр, бие және түйеге, барлық түлікке түгел қолданылады.
Азаматтардың өз меншігіндегі малы үшін құрама жем сатудың нормалары мен тәртібі қалай?
Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1978 жылғы 10 мамырдағы қаулысы бойынша мемлекетке тапсырылатын мал шаруашылығы өнімі үшін құрама жем сатудың нормасы мынадай есеппен белгіленген:

1 килограмм сүт үшін 0,3 килограмм құрама жем және тірідей салмақпен 1 килограмм ет үшін 0,8 килограмм құрама жем сатылады. Облыстық Кеңес атқару комитеттері мал шаруашылығы өнімін мемлекетке сатудың нақты жоспарланған немесе шарттарда көрсетілген көлемдерін есепке алып, құрама жемді өнім тапсырғандарға сатады. Тұтыну кооперациясынын бөлшек сауда жүйесі аркылы өткізуді қамтамасыз етіп отырады.


Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарында ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді молайту жөнінде қандай шаралар бар?
Колданылып жүрген заңдар бойынша жергілікті партия, Кеңес және ауыл шаруашылық органдары, кәсіподақ ұйымдары, колхоздар мен совхоздардың басшылары, халықтың арасында қажетті түсіндіру және ұйымдастыру жұмысын барлық жерде бірдей өрістетіп, ауылдағы әр отбасының бақшасы болуына және өз шаруашылығында мал мен құс өсіруіне, отбасы көп адамдардың сиыр ұстауына жеткілікті түрде жәрдемдесіп келеді.

Колхозшылардың, жұмысшылар мен қызметшілердің көптеп өсіретін мал төлі мен құс балапанына деген қажеттері толық көлемде қанағаттандырылуы тиіс. Сонымен қатар азаматтардын өзіндік қосалқы шаруашылықтарында үй қоянын өсіруді одан әрі дамытуына керекті жәрдемдер берілуі қажет. Ол үшін Қазақ ССР Мемлекеттік агроөнеркәсіп комитеті мен облыстық атқару комитеттері колхоздарда, совхоздарда және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарында асыл тұқымды үй қояндары жеткілікті мөлшерде өсіріліп, оның көпшілікке таралуына көмектеседі.

Әрбір колхоз бен совхозда, басқа да ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жинақталған тәжірибені басшылыққа ала отырып, өзіндік- қосалқы шаруашылықты, ұжымдық бау-бақша мен бақшаны жүргізу жөнінде халыққа қызмет көрсету үшін топтар құрылады.
Азаматтарға қосалқы шаруашылықты дамытуы үшін қандай жеңілдіктер бар?
Өзіндік қосалқы шаруашылықтарында ірі қара, қой мен ешкі ұстайтын, қоғамдық өндіріске адал ниетпен қатысып жүрген колхозшыларға, жұмысшыларға, қызметшілер мен басқа да азаматтарға және зейнеткерлерге шабындық пен мал жаятын учаскелер мүмкіндігінше ұзақ мерзімге беріледі. Бүл максаттар үшін колхоздар меп совхоздардың ауыл шаруашылық пайдалы жерлері, мемлекеттік және орман өсірілген жер қорының, сондай-ақ өнеркәсіп, транспорт және ауыл шаруашылығына жатпайтын өзге де кәсіпорындары мен мекемелердің жерлері белгіленген тәртіп бойынша пайдаланылады. Колхоздар, совхоздар және басқа кәсіпорындар мен мекемелер осы жерлердің өнімділігін арттыруда азаматтарға жәрдемдесіп отыруға тиіс.
Өзіндік қосалқы шаруашылықтарды дамытуда Тұтыну

кооперациясы ұйымдарының міндеттері қандай?
Қазақ ССР Тұтыну кооперациясы одағы мен оның облыстық тұтынушылар басқармасы азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарында мал шаруашылығы мен егін өнімдерін, Тұтыну кооперациясы мекемелерінің келісіміне сәйкес, сатып алу жөніндегі қызметін одан әрі қамтамасыз етуге міндетті, ауыл шаруашылық өнімін сатып алуға азаматтармен шарттар жасасу жөніндегі жұмысты анағұрлым белсенді түрде жүргізіп, сатып алынған кооперациялық сауда жасауды айтарлықтай кеңейтуге тиіс.

Тұтыну кооперациясының қабылдау-дайындау бекеттерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, дайындалатын ауыл шаруашылық өнімін өңдеп және сақтайтын кәсіпорындарды салу, қайта құру және кеңейту, оларды қажетті жабдықтармен, ыдыспен және басқа құралдармен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруы кереқ Колхозшылардың, жұмысшылардың, қызметшілер мен басқа да азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарынан мал мен құс, үй қояндарын, ет пен ет өнімдерін сатып алу жөнінде Тұтыну кооперациясының ұйымдарына тапсырмалар берілуі тиіс.



Халық депутаттары облыстық, аудандық және қалалық Кеңестерінің атқару комитеттері Тұтыну кооперациясының мекемелеріне кооперативтік сауданы жүзеге асыру үшін үй-жайлар беріп, ауыл шаруашылық өнімін тасымалдау үшін көлік құралдарын бөлуде оларға қажетті көмек көрсетіп отыруға тиіс. Сонымен қатар азаматтардың қолындағы ауыл шаруашылык өнімінің артығын сатуына қажетті жағдайлар жасау үшін колхоз базарларының материалдық базасын кеңейтіп, нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асырып отыруға міндетті.
Азаматтарға кооперативтік негізде мал қораларын салуға рұқсат беріле ме?
Қолданылып жүрген заңдар бойынша халық депутаттары облыстық, аудандық және қалалық кеңестерінің атқару комитеттері азаматтардың өзіндік меншігіндегі малды ұстау үшін елді мекендерде кооперативті негізде мал қораларын салуға рұқсат етіп отыруға міндетті. Сонымен қатар олар ауыл тұрғынына кірпіш, ағаш, құм-тас, қиыршық тас, құм және басқа жергілікті құрылыс материалын сатып алуды ұлғайтуға қосымша шаралар қолданып отыруға тиіс.
Азаматтар меншігіндегі малдарын өз қалауымен пайдалануға құқығы бар ма?
Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарында колхоздардың жарғысымен және қолданылып жүрген заңдармен белгіленген нормалар шеңберінде мал ұстауына болады. Оның иелері қалауы бойынша өз қажеттері үшін тұтыну кооперация мекемелерімен жасалған келісімге сәйкес, көрсетілген бағалар бойынша колхоз базарына өткізуге, мемлекеттік дайындау ұйымдарына сатуға, сондай-ақ басқа да қажеттер үшін пайдалануына құқылы. Бұл істе әкімшілікке салынуға жол берілмейді.
Кейбір азаматтарға мал сатып алуға қажетті қаржыны шаруашылық есебінен беруге бола ма?
Совхоздар және басқа кәсіпорындарда жақсы жұмыс істеп жүрген жұмысшылар мен қызметшілердің, сондай-ақ осы кәсіпорындардың аумағында жұмыс істейтін және сонда тұратын мұғалімдер мен дәрігерлердің, осы шаруашылық пен кәсіпорындарда ұзақ уақыт жұмыс істеген зейнеткерлердің сиыр мен тайынша сатып алуына берілетін қарыздың 50 процентке дейінін кәсіподақ комитетімен келісіп алғаннан кейін, экономикалық ынталандыру қорлары қаржысы есебінен төлеуге шаруашылық басшылары құқылы.
Жас отбасына қосалқы шаруашылықтар құруы үшін қандай жәрдемдер беріледі?
Жас отбасының өзіндік қосалқы шаруашылық құрып, дамытуға мүдделілігін арттыру мақсатында колхоздар, совхоздар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары, егер бұл отбасының мүшелері аталған кәсіпорындарда жұмыс істейтін болса, оларға шаруашылық есебінен мал төлін тегін беруге және қажетті шаруашылық қора-жайларын салуына көмектесіп тұруына құқылы.
Азаматтарға аванс беруі үшін шаруашылықтарға қандай көмек көрсетіледі?
СССР Мемлекеттік банкісінің колхозшылармен, жұмысшы қызметшілермен жасасқан шарттарына сәйкес, ауыл шаруашылық өнімін өндіруге қажетті құрал-сайман, материалдар мен ауыр қол жұмыстарына қажетті шағын механикаландыру құралдарын сатып алуларына ақшалай аванс беру үшін колхоздарға, совхоздарға және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарына шарттары соманың 50 процентіне дейінгі мөлшерде қарыздар беруге құқылы.
Еңбегі үшін астық алуға құқығы бар азаматтардың шаруашылықтардан қанша мөлшерде астық сатып алуына болады?
Совхоздың және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік жүмысына белсене катысатын, бірақ қолданылып жүрген ережелер бойынша астық алуға құқығы жоқ қызметкерге, сондай-ақ аталған шаруашылыктарда ұзақ уакыт жұмыс істеген зейнеткерлерге мемлекетке астық сату жоспары орындалғаннан кейін, кәсіподақ комитетінің келісімімен жалпы түсімнің 3 процентіне дейінгі мөлшерде тұрақты қызметкерге немесе зейнеткерге жылына 2 центнерден асырмай, астық сатуға болады.
9. АЗАМАТТАРДЫҢ ӨЗІНДІК ҚОСАЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОНЫ БҰЗҒАНДАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу құқығын қорғау деген не?
Азаматтардың тұрмыс дәрежесін үздіксіз көтеру — қоғамдық құрылыстың барысында шешілетін басты әлеуметтік-экономикалық міндеттердің бірі. Қоғамдық шаруашылық жүйесі қоғамдық өндіріс салаларының тұрақты және серпінді дамуын қамтамасыз етеді. Осы негізде кеңес азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын конституцияларда (СССР Конституциясында, Қазақ ССР Конституциясында) жариялап және баянды етіп қана қоймай, сонымен бірге оларды жүзеге асыруға тиянақты кепілдік берілуін қамтамасыз етеді.

Осы тұрғыда СССР Конституциясында жазылған және басқа заңды актілерде тиянақтанылған азаматтардың құқықтары мен міндеттері бір-біріне байланысты. Конституциядағы заңдарды, қоғамдық тұрмыс ережелерін сақтау жөніндегі қойылатын жалпы талапта (59 бап), азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу құқығын корғау мен оны бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту анық көрсетілген.

Сонымен бірге азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу құқығы СССР Конституциясында дербес көрсетілген (13-бабының 2 бөлімі) құқық болғанымен, бұл құқықты жүзеге асыру үшін сол Констнтуцияда және басқа мемлекет қабылдаған заңды актілерде көрсетілген құқықтарын (еңбек ету, демалыс, денсаулық сақтау, материалдық қамсыздану, тұрғын үй, өзіндік меншік, жер телiмiн пайдалану) пайдал нады. Сондықтан осы аталған құқықтарды қорғаудың қажет екенін, оны бұзғаны үшін заң жүзінде жауап беретіні сөзсіз.

Қорыта айтқанда, азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу құқығын корғау дегеніміз – азаматтардың заңда көрсетілген құқықтың бұлжытпай орындалуына тиісті жағдайлар мен ықпал жасап отырды.


Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізу құқығын қорғайтын қандай негізгі заңды актілер бар?
Өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізуді қорғайтын негізгі актілердің катарында СССР Конституциясы мен Қазақ ССР Конституциясынан басқа, СССР Жоғарғы Кеңесі мен Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі бекіткен бірнеше заң бар. Олардың негізгілері: СССР және одақтас республикалардың Жер заңдарыньщ иегіздері, Қазақ ССР-інің Жер кодексі, СССР және одақтас республикаларының Азаматтық заңдарының негіздері, Қазақ ССР-інің Азаматтық кодексі, СССР және одақтас республикалардың Қылмыстық заңдарының негіздері, Қазақ ССР-інің Қылмыстық кодексі, СССР және одақтас республикаларының Су заңдарының негіздері, Қазақ ССР-інің Су кодексі, СССР және одақтас республикаларының Тұрғын үй заңдарының негіздері, Қазақ ССР-інің Тұрғын үй кодексі, СССР және одақтас республикалардың Жер қойнауы туралы заңдарының негіздері, Қазақ ССР Жер қойнауы туралы кодексі СССР және одақтас республикалардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарының негіздері, Қазақ ССР-інің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі және т. б.
Азаматтардың қосалқы шаруашылығындағы жер телімдерін пайдалану құқығын қорғайтын қандай құқықтық нормалар (ережелер) бар?
Азаматтардың қосалқы шаруашылығындағы жер телімдерін пайдалану құқығын қорғайтын жалпы жэне арнайы қаралған нормалар СССР Конституциясында, одақтас, автономиялық республикалардың конституция-ларында, жер заңдарында және басқа заңды актілерде қаралған. Заңда көрсетілген жалпы нормалар тек жер телiмiн пайдалану құқығын ғана қорғап қоймайды, ондай нормалар азаматтардың барлық құқықтарына қорғайды және олардың мемлекет, қоғам алдында заңы бұжытпай орындауын талап етеді.

Мысалы, Қазақ, ССР Констптуциясының 37-бабында «Азаматтардың құқықтары мен бостандыктарды пайдалануы қоғам мен мемлекеттің мүддесіне, басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірмеуге тиіс» дейді. Осы Конституциясының 55-бабында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мсн лауазымды адамдардың міндеті; азаматтар мүлкіне қол сұғушылықтан сот арқылы қорғауға құқықты.

Ал 56-бабында лауазымды адамдардың заңды бұзып, өкілеттігін асыра пайдаланған. азаматтардың құқығына нұқсан келтірілген әрекеттері туралы заңда көрсетілген тәртіп бойынша сотқа шағым беруге болады деп көрсетеді.

Қазақ ССР Конституциясының 57-бабы барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуын азаматтардың өз міндеттерін атқаруынан бөлiп қарауға болмайтынын, Қазақ ССР-інің азаматы, СССР Констнтуциясы, Қазақ ССР Конституциясы мен заңдарын сақтауға, қоғамдық тұрмыс ережелерін құрметтеуге, азамат деген мәртебелі атақты лайықты алып жүруге міндеттейді.

Азаматтардың құқықтарын қорғау мемлекеттік бақылау жасайтын министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың халық депутаттары Кеңестерінің, олардың атқарушы және билік жасаушы органдары, мемлекеттік, кооперативтік қоғамдық кәсіпорындары ұйымдары, мекемелері, халықтық, бақылау комитеттерінің, СССР прокуратурасының органдары арқылы жүзеге асырылып отырылады. Бұл жөнінде де тиісті нормалар бар.

Жалпы азаматтардың құқықтары, соның ішінде жер пайдалану құқығы да заң нормаларымен бақылау жүргізу және заңды бұзған адамдарды жауапқа тарту арқылы қорғалып отырылады.

Жер пайдаланушы азаматтардың арасында туған жер даулары, заңда көрсетілген тәртіппен қаралады. Мұндай даулар жорамалдаудан, түсіпбеушіліктен, кейде құқықты бұзудан да тууы мүмкін.

Жер пайдаланушы азаматтардың жер құқығының өзгертілуі, қысқартылуы, бұзылуына байланысты заңда көрсетілген мүлік құқықтарын қорғайтын жағдайллр тууы мүмкін.

Енді осы жоғарыда аталған өзіндік қосалқы шаруа шылық жүргізу құқығып қорғауға байланысты мәселелерге жекелей тоқталамыз.
10. ЖЕР ДАУЛАРЫН ШЕШУ ТУРАЛЫ
Жер дауларын шешетін мемлекеттік басқару органдары қандай?
Колхоздар, совхоздар, басқа да мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен азаматтар арасындағы жер дауларын Қазақ ССР заңдарында белгіленген тәртіппен, Қазақ ССР Министрлер Кеңесі, халық депутаттарының облыстық, аудандық, қалалық, поселкелік, ауыллық, ауылдық Кеңестерінің атқару комитеттері шешеді (Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 207-бабы).
Азаматтар арасындағы жер дауларын кімдер шешеді?
Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 208-бабына сәйкес жұмысшы поселке шеңберіндегі жерді пайдаланушылардың арасындағы дауды – халық депутаттарының қалалық, поселкелік Кеңестерінің атқару комитеттері, ал жергілікті Кеңес аумағындағы азаматтар арасындағы дауды – халық депутаттарының ауыллық, ауылдық Кеңестерінің атқару комитеттері шешеді. Бірақ қалалардың, жұмысшы поселке жерлеріндегі және ауылдық елді мекендегі халық депутаттарының селолық, ауылдық Кеңестерінің атқару комитеттері кесіп берген жер телімдеріндегі жеке үйлерді бірге иемденушілердің арасындағы ортақ жер учаскелсрін пайдалану дауын сот қарайды.

Колхоз отбасының (ауласының) мүшелері, көрші колхозшы отбасылары (аулалары), колхозшы отбасы (ауласы мен колхоздан үй іргесіндегі учаскелік жер алып пайдаланушылар арасында туған даулар сотта қаралмайды. Мұндай дауларды тиісті колхоздың басқармасы шешеді. Ал дауды колхоз басқармасымен келіспеген құнде колхозшылардың жалпы жиналысы шешеді.

Совхоздардан басқа үй іргесіндегі учаскелері бар шаруашылықтарды жерді алып пайдаланушылар арасындағы жер даулары да совхоз дирекциясында қаралады.

Егер колхоздың, совхоздың және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің, жері халық депутаттарының қалалық немесе посслкелік Кеңестерінің қарауына берілсе, жер даулары жоғарыда аталған Қазақ ССР Жер кодексінің 208-бабында көрсетілген тәртіппен шешіледі.

Бұрынғы колхоз совхозға айналған ретте, бұрынғы колхоз отбасысы (ауласы) мен совхоз немесе басқа кәсіпорын, ұйым мен мекеме арасындағы жер дауы, Қазақ ССР Жер кодексінің 93-бабына сәйкес әкімшілік жолымен шешіледі.

Колхоздарда, совхоздарда және басқа шаруашылық аумағында тұратын, бұрын осы шаруашылықтарда жұмыс істеп мүгедектігіне, жасы жетіп зейнетке шығуына байланысты, себепті жағдайлармен басқа жұмысқа ауысқандар мен оқуға түскендердің жерді пайдалану туралы даулары әкімшілік жолмен Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 87, 92, 93, 97-баптары негізінде шешіледі.

Жоғарыда қаралған Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 217-бабында сотта қаралатын жер дауларынан басқа, сотта тағы мынадай істер қаралады:

а) халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің үй-жай шаруашылық бөлімдерінің, азаматтарға немесе жеке үй салушылардың ұжымынат үй салу үшін жерді мерзімсіз беру туралы шартты бұзу жайлы талабы;

б) азаматтардың басқа азаматтарға, колхоздарға, совхоздарға, кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге, соның ішінде жерді екінші рет пайдалануға бергендерге де осы түрдегі жерді пайдалану құқығына келтіретін кедергілерді жою туралы талаптары;

в) бау-бақша серіктестігінің (кооперативінің) қайтыс болға мүшесі орнына отбасы мүшелерінің бірін бау-бақша серіктестігіне (кооперативіне) мүшелікке алудан бас тартқан болса, бау-бақша телiмiн пайдалану құқығын сақтау туралы талабы.


Азаматтардың жер пайдалану құқықтарын мемлекеттік және қоғамдық бақылау арқылы қорғау қалай жүзеге асырылады?
Жерді пайдалануға және қорғауға мемлекеттік және қоғамдық бақылау жасаудың негізгі мақсаты – барлық министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың, мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің, сондай-ақ азаматтардың жер заңдарын, жерді пайдалану тәртібін сақтауын, жерді тиімді пайдалану және қорғау мақсатында жерге байланысты (салық түсетін нысандар тізімі) орналастырудың дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету.

Барлық жердің пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылау жасауды, халық депутаттарының Кеңестері, олардың атқарушы және билік жасаушы органдары, сондай-ақ оған арнаулы өкілдігі бар мемлекеттік органдар СССР заңында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады. Осы аты аталған Кеңестердің және оның органдарының жерді қорғау және жер телімдерін берілген мақсаттарға сәйкес пайдалану мәселелері жөніндегі нұсқаулары барлық жер пайдаланушыларға (колхоздарға, совхоздарға және басқаларға, азаматтарға) міндетті болып табылады.

Кәсіподақтар, жастар ұйымдары, табиғат қорғау қоғамдары, ғылыми қоғамдар мен басқа да қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ азаматтар жерді тиімді пайдалану және қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруда мемлекеттік органдарға көмектесіп отырады.

Мемлекеттік және қоғамдық бақылау органдары азаматтардың жерді қорғауын және тиімді пайдалануын бақылап, жерге қатынасты мәселелерде қоғамдық тәртіп пен заңдылықты іске асырып отырады. Осының өзі азаматтардың жер туралы құқықтарының қорғалуын және міндеттерінің бұлжытпай орындалуына септігін тигізеді.


Жерді пайдалануға және қорғауға мемлекеттік бақылау жасайтын органдардың құқықтары мен міндеттері қандай?
Жерді пайдалануға және қорғауға бақылау жасайтын арнаулы өкілдігі бар органдардың қатарына СССР Мемлекеттік агроөнеркәсіп комитеті мен Қазақ ССР Мемлекеттік агроөнеркәсіп комитетінің жерге орналастыру қызметі жатады. Олардың құқықтары мен міндеттері СССР Министрлер Кеңесінің 1970 жылғы 14 маймырдағы қаулысымен бекіткен «Жерді пайдалануға мемлекеттік бақылау туралы Ереже»204 мен СССР Ауыл шаруашылық министрлігінің СССР Прокуратурасымен келісіп бекіткен СССР Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесінің жерге орналастыру қызметінің жерді пайдалануға мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі туралы нұсқауында»205 көрсетілген.

Мысалы, жерді пайдаланушылар берілген жер учаскесін қатарынан екі жыл бойы игермесе немесе учаскені берілген мақсатқа сәйкес пайдаланбаса, сондай-ақ ауыл шаруашылығында, өндірісте және басқа қажеттерге жерді пайдалану осы жердің немесе шектес жер учаскслерінің құнарын нашарлататын болса тиісті органдарға ол жерлерді алу жөнінде ұсыныс жасай алады.

Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор жер заңы бұзылғанын анықтаса, ол туралы акты жасайды. Оны халық дспутаттарының аудандық, қалалық Кеңестері атқару комитеттерінің жанындағы әкімшілік комиссияларына, жер заңын бұзған адамдарды әкімшілік жауапқа тарту үшін жібереді. Егер жер заңы өрескел бұзылмаса, бұзушыға жіберілген кемшіліктерді белгілі формада жоюды міндеттейді.

Азаматтар жерді өз бетімен пайдаланса, айырбастаса, сатса және олардың жер мемлекеттік меншік екенін бұзатын әрекеттері анықталса, мемлекеттік инспектор заң бұзушыны жауапқа тарту үшін материалды 10 күн ішінде тергеу органына жібереді (егер ол қылмысты жауапқа тартылатын болса).

Мемлекеттік жерді қорғау және бақылау органдары жүріп жатқан агротехникалық және орман-мелиорациялық жұмыстарды тоқтата алады. Жол салу, гидротехникалық және басқа құрылыстардың түрлері, пайдалы кенді қазу, зерттеу және басқа жұмыстарды одан әрі жүргізе беру жерді эрозияға, сортаңдануына, балшықтануына және басқа да жердің құнарлығын нашарлататын процестерге, сондай-ақ жер қыртысының құнарлы қабатына зиян келтіретін болса, тиісті органдарға оларды тоқтату жөнінде ұсыныс жасайды, кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге жерді дұрыс пай-далану және қорғау жөнінде ұсыныстар жасайды.
Жерді пайдалану және қорғауға қоғамдық бақылау жасайтын органдардың міндеттері қандай?
Жерді пайдалану және қорғауға қоғамдық бакылау жасайтын органдардың (кәсіподақтары, жастар ұйымдары, табиғат қорғау қоғамдары, ғылыми қоғамдар мен басқа да қоғамдық ұйымдар) құқықтары мен міндеттері СССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1970 жылғы 4 қыркүйекте бекіткен «Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі қоғамдық нұсқаушылар туралы Ереже»206 белгіленген.

Олардың құқықтары мен міндеттері жерді пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылау жасайтын органдардың құқықтары мен міндеттеріне ұқсайды. Бірақ жоғарыда көрсетілген мемлекеттік бақылау органдарының ұсыныстары мен атқаратын қызметтерін орындау үшін өз жарғылары мен материалдарын жерге орналастыру қызметінің лауазымды адамына тапсырады.


Жер заңдарын бұзғаны үшін кінәлі адамдар қандай жауаптарға тартылады?
Жер заңдарын бұзғаны үшін кінәлі адамдар белгіленген тәртіп бойынша: құқықтық пайдаланудағы жерді алу, материалдық (мүліктік), әкімшілік, қылмыстық және (жарғылық) жауапқа тартылады.
Жер заңдарын бұзудың түрлері кандай?
Жер заңдарын бұзудың түрлері Қазақ ССР-нің Жер кодексінің 219-бабында көрсетілген. Олар: жер телімдерін сатып алу, сату, кепілге беру, мұра етіп қалдыру, сыйға тарту, жалға (арендаға) беру, өз бетімен айырбастау және жерге мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе бүркемелеп бұзатын басқа да келісімдер жасау, жер телімдерін өз бетімен иемдену, жерді иесіздікпен және еңбексіз табыс табу мақсатымен пайдалану, ауыл шаруашылығы жерін және басқа жерді бүлдіру, оларды өндіріс немесе басқа қалдықтармен, кір сулармен ластандыру;

жерді жақсарту және топырақты жел, су эрозиясынан, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын нашарлататын басқа да процестерден қорғау жөніндегі міндетті шараларды орындамау, уақытша пайдаланған жерді мерзімінде қайтарып бермеу немесе жерді тиісті мақсатқа арнап пайдалану үшін құту жөніндегі міндеттерді орындамау, жерді пайдалану шекарасының межелік белгілерін жою, жер телімдерін берілген мақсаттарға сәйкес дұрыс пайдаланбау-бақша, шаруашылық жеріне орналастырудың бекітілген жобасынан ауытқу;

топырақ қабатынын құнарлылығын сақтау жөніндегі міндетті орындамау, арамшөптерді жою шараларын қолданбау-бақша, жерлерді өз бетімен бір категориядан екінші категорияға көшіру, жерді пайдаланбай қалдыру, өз бетімен пішен шабу, жерге (жыртылатын, шөп шабатын. мал жайылатын жерлерге және басқа учаскелерге) заңсыз билік жасау, өнеркәсіп өндірісі және ғылыми эксперименттер қалдықтарымен адамдардың денсаулығы мен өміріне және малға қауіп келтіретіндей етіп жерді уландыру.

ССР Одағының және Қазақ ССР-інің заңдарында жер заңын бұзудың басқа түрлері үшін де жауаптылық шарасы белгіленуі мүмкін.


Жерді пайдалану жауапкершілігі жер заңын бұзудың қандай түрлері үшін қолданылады?
Жерді пайдалану жауапкершілігі дегеніміз — ол жерді пайдаланушының жер заңын бұзғаны үшін берілген жердің толық немесе жартылай алынуы. Бұл жаза көбінесе азаматтардың берілген жерді пайдалану құқығын толық немесе ішінара жою арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Ол үшін жер заңын бұзудың мынадай түрлері қолданылады: Қазак ССР-інің Жер кодексінің жоғарыда көрсетілген 219–220-баптарында көрсетілген тәртіптен ауытқыса жер телiмiн екі жыл бойы пайдаланбаса немесе жер учаскссін пайдалану берілген максатқа сәйкес келмесе.

Бұл жөнінде Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 222-бабында былай деп көрсетілген: «ССР Одағының және Қазақ ССР-інің зандарында белгіленген ретте жерді пайдалану ережелерін үнемі бұзуға жол беретін адамдардан дұрыс пайдаланылмай отырған жер телімдері кайтарылып алынуы мүмкін. Жерді пайдалану ережелерін үнемі бұзғаны үшін телiмiн қайтып алу, жер телiмiн берген органның қаулысы (шешімі) бойынша жүргізіледі».

Азаматтардың пайдалануындағы жерді алу, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқаының 1962 жылғы 13 сәуірдегі, «Арамшөптермен құресті құшейту туралы»207 жарлығында, Қазақстан КП Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1964 жылғы 2 желтоқсандағы «Қазақ ССР колхозшыларының, жұмысшыларының, кызметшілерінің және басқа азаматтарының үй іргесіндегі пайдаланатын жеріне орынсыз шек қоюды жою туралы»208 қаулысында да көрсетілген. Аталған жарлық бойынша арамшөппен құресу міндеті әкімшілік шаралары қолданғанға қарамастан орындалмаса, орындамаған адамның жерді пайдалану құқығы халық депутаттарының аудандық, қалалық Кеңестері атқару комитеттерінің қаулысымен шектелуі мүмкін.

1964 жылғы 2 желтоқсандағы қаулы бойынша қоғамға пайдалы еңбекпеп шұғылданбайтын еңбекке жарамды азаматтар үй іргесіндегі жер телiмiн пайдалану құқығынан халық депутаттарының аудандық Советтері атқару комитеттерінің шешімі бойынша айырылады. Жерді пайдалану құқығынан айыратын жағдайлар жерді пайдаланушыны өнімді жинап алу құқығынан айырмайды және оны жердің сапасын сақтауға міндеттейді (Қазақ ССР-інің, Жер кодексінің 48-бабы).


Каталог: olderfiles
olderfiles -> Л. А. Автотрофные технологии освоения космоса / Вопросы. Гипотеза. Ответы: Наука XXI века : Коллективная монография
olderfiles -> Встречи в пути. Самому замечательному человеку,повстречавшемуся мне
olderfiles -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету
olderfiles -> Әлеуметтік-мәдени, КҮнделікті қатысым саласындағы коммуникативтік қҰзыреттік мазмұНЫ
olderfiles -> Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық
olderfiles -> Учебные пособия по налоговому праву: Мухитдинов Н. Б., Найманбаев С. М., Серимов У. С., Сман Б. У. «Салықтық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік»
olderfiles -> Учебные пособия по вопросам финансового и валютного права: Мухитдинов Н. Б., Найманбаев С. М., Серимов У. С. «Қаржы саласындағы басқарудың құқықтық негiздерi»
olderfiles -> L. A. Zapekina School n 83 novokuznetsk 2008 Glad to See You, Boys and Girls! Let`s Start Learning


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет