Сегізінші том қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне


§3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік экологиялық басқару органдарының орман жағдайы мен оны өсіру, жаңғ



бет7/27
Дата25.12.2016
өлшемі8,53 Mb.
#4913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
§3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік экологиялық басқару органдарының орман жағдайы мен оны өсіру, жаңғырту, жануарлар дүниесін қорғау, өсіру, өндіру және оны пайдаға асыруды қорғау мен пайдалану саласындағы қызметі
Орман мемлекеттік меншікке жатқан жағдайларда оларды пайдалану мен қорғауды бақылау ормандарды басқару органдарының қызмет саласына жататын тәрізді118.

Ормандарды мемлекеттік басқару және олардың жай-құйін, ұлғайта өсірілуін, қорғалуы мен пайдалануын бақылаудың құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 13-бабында қарастырылған119.

Ормандардың жай-құйіне, ұлғайта-өсірілуіне,сақталуына, қорғалуына және пайдалануына мемлекеттік бақылаудың құқықтық негізі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 17-бабында қарастырылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 21 наурыздағы қаулысымен бекітілген «Орманның жай-күйіне, оның ұлғайтыла өсірілуіне, қорғалуына, сақталуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылау туралы» Ережесі болып табылады120.

Орманның жай-күйі мен оларды өсіріп, жаңарта-жаңғырту, қорғау, сақтау және оны пайдалануда мемлекеттік басқарудың міндеті: барлық заңды тұлғалар мен азаматтардың (оның ішінде-мемлекеттік орман шаруашылығы органдары да) орманды, оның өнімдерін пайдалану, орман шаруашылығын жүргізу ережелерінің, орман-тогайды өсіру, жаңғырта-жаңарту, олардың есебін жүргізу, олардың қорғау, сақтау сондай-ақ орман заңдылықтарында көрсетілген: басқа да ережелерді, экологиялык, өніп-өсу байлық көздерінің даму қарқынын онан әрі көтеру, орман байлықтарын тиімді де дұрыс, сондай-ақ үзіліссіз пайдалану мақсатында ормандық мониторингі ормандардың орналасу жағдайларын дұрыс қарастыра жүргізудің ережелері мен тәртіптерін сақтауды қамтамасыз ету болып табылады121.

Орманның жай-құйін, оларды өсіріп-өндіру, жаңартып-жаңғырту, пайдалануды мемлекеттік басқару мемлекеттік жалпы өкілдіктер жүктелген органдар (Үкімет, жергілікті атқару органдары) және арнайы өкілдігі бар (Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығын басқару, табиғи ортаны қорғауды басқару) органдары арқылы іске асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 14-бабына сәйкес ормандарды ұтымды дұрыс пайдаланудың, оны өсіріп жаңартып-жаңғыртудың, қорғау мен сақтаудың, табиғатты қорғаудың басқа да шараларымен бірлестіре қарастырылған мемлекеттік бағдарламасын бекітеді және оның орындалуына бақылау жұмыстарын іске асырады.

Басқа да табиғат сақтау шараларының кешенінде ормандарды ұтымды пайдалану, ұлғайта өсіру, сақтау мен қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды бекіту және олардың орындалуын бақылауды іске асырады. Жергілікті атқарушы өкімет органдарының құзыреті (облыстық, аудандық, қалалық) өздеріне қарасты аймақтарда ормандардың жай-құйін, оны өсіріп-өндіру, жаңартып-жаңғырту, қорғау, сақтау және пайдалану жұмыстарын бақылауды іске асырады122. Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органдардың жүйесі соңғы жылдары бірнеше рет өзгертіліп қайта құрылды. 1992 жылдың 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігінің құрамына заңды тұлғалы өкілдігі бар бөлімше ретінде Орман шаруашылығы комитеті қосылды. Оның өкілдігі Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 ж. 30-қазандағы «Орталық органдардың құрылымын жетілдіру және мемлекеттік органдардың санын қысқарту туралы» Жарлығы мен Қазақстан Республикасының, Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамына Қазақстан Республикасының Орман және аң шаруашылығы комитеті берілді123. Орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік орган ретінде бұл комитет бірқатар өкілеттік өкілдіктерге бөлінді, олардың ішінде орман-тоғайдың жай-күйі, оларды, жаңалай жаңғырту, қорғау, сақтау мен пайдалануды ұйымдастыруда мемлекеттік басқару қызметі айрықшаа орын алады. Орманды пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқаруды іске асыру өкілдіктері болып есептелетін Қазақстан Республикасының Орманды қорғау, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың бөлімдері (оның ішінде облысаралық та) немесе Республикаға бағынатын орман шаруашылығы бірлестіктерінің, өнеркәсіп орындары мен ұйымдары аппараттарында мемлекеттік басқару жөнінде жекелеген мамандар пайда болды. Ал олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорғау органдарының құрамына кіреді. Олар басқарудың төмендегідей түрлерін іске асыруға құқылы: барлық заңды тұлғалар мен азаматтардың Қазақстан Республикасы аймағында орман заңдылығының барлық талаптары мен шектерінің сақталуын өкіметтің жергілікті өкілді және атқару органдарының орманды пайдалану, өсіріп-өндіру, қорғау және сақтау мәселелері жөніндегі шешімдерінің орындалуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы шығарған орман шаруашылығын жүргізу мәселелері жөніндегі құқықтық нормативтер мен нормативтіқ-техникалық құжаттарды, сондағы талаптар мен міндеттердің орындалуын; орманның мемлекеттік есебінің дұрыс жургізілуі орман шаруашылығы саласындағы салықтық-төлемдік құжаттардың дұрыс өткізілуін іске асыру; орман суларды қорғау-сақтау, тазалық-гигиеналық, сауықтыру, ортаға дұрыс ықпал етерлік тағы сол сияқты табиғи қасиеттерін онан әрі дамыту, құшейту және олардың экологиялық жағдайын көтере түсу шараларын дұрыс және сапалы жүргізуді іске асыруға құқылы.

Орманның құрылымдық жобалауларда, жоспарлауларда, мемлекеттік тапсырыстарда алдын ала қарастырылған орман шаруашылығы жұмыстарының, ормандардың арнаулы техникалық жобалау бойынша өрт қауіпсіздігімен орналасуы, орманды қалпына келтіріп отыру, егу, өсіру, бағып-күту т.с.с. орман шаруашылық жұмыстарын, қызметтерін іске асыруға кұқылы.

Қазақстан Республикасының ормандарында орман ағаштарын қырқу және орманның үзіліссіз жайқалып жанама өсуін іске асыру ережелерінің сақталуын іске асыруға, орман қорының салаларын, бөлшектерін жалға бергенде (оның ішінде ұзақ мерзімге берілгенде де) ондағы келісім-шарттардың сақталуы, берілген салалар мен бөлшектерді пайдалану реттері мен талаптардың орындалуын іске асыруға; ғылыми-зертгеу, мәдени-сауықтыру мақсаттарына, аң шаруашылығы қажеттіліктеріне байланысты орманды пайдалану тәртіптерін, талаптарын дұрыс сақтауды іске асыруға; орман қоры жерлерін мақсат-мүдделік талаптар мен қызметтіліктерге сай пайдалануды және ол жерлерді қорғауды, сақтауды іске асыруға құқылы.

Орман шаруашылығын жүргізу, орманды пайдалануды іске асыруға тікелей байланысты емес іс-шараларды: құрылыс, жарылыс жасау, жер асты байлығын игеру, кабельдер, құбыр жүргізу, бұрғылау т.б. іс-әрекеттерде орманды пайдалану, қоғгап-сақтау реттерімен олардың тәртіптерін сақтауды іске асыруға, ормандардағы өрт қауіпсіздігі мен оның басты тәртіптерінің, ормандарда, басқа өрттердің шығуы мен таралуы қауіптерін дер кезінде ескерту, болған жағдайда дер кезінде өшіріліп-жойылуын; өрттің орман шаруашылығы мен орман қожалығына келтірген зиянын дұрыс анықтау ережелерін орындауды қамтамасыз ететін іс-шараларын іске асыруға құқылы.

Қазақстан Республикасының ормандарында тазалық сақтау ережелерін сақтауға, ормандағы зиянкестерді дер кезінде аңғарып ескерту және олардың шаруашылық пен басқа да қызметке зиянды ықпалын жоюға уақытылы шара қолдану талаптарын іске асыруға; орман өндірісінің экономикалық тиімділігін қамтамасыз етумен қатар орман шаруашьшығын жургізуге, табиғи ортаны сақтау талаптарына жауап берерлік жаңа техниканы бөлу барысында прогрессивті технологияны алдыңғы қатарларда озат қолдана білуді іске асыруға құқылы.

Қазақстан Республикасында ормандарды мемлекеттік тұрғыдан қорғау комитеті және оның орманның жай-құйі мен құтімін, өсіріп, жаңалай-жаңғыртуы, қорғауы, сақтауы және оларды пайдалану саласындағы өкілдіктерінің көлемі, аумағы үлкен де жоғары екендігін көреміз.

Орманды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудьң жоғарыда аталған ережелері мемлекеттік орман бақылаушыларының құқықтарын айқындап-анықтай түседі. Орманның мемлекеттік Бас бақылаушысы Қазақстан Республикасының Орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы болып есептеледі, ал оның орынбасары сонымен бірге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орман шаруашылығының республикалық органдары басқармалары мен бөлім бастықтары, бас мамандары республикаға бағынатын орман өнеркәсіп орындары мен ұйымдарының, мемлекеттік басқарудың облысаралық бөлімдері бастықтарының қызметі бойынша, сонымен бірге Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман шаруашылығының аға бақылаушылары болып есептеледі. Мемлекеттік орман шаруашылығының (орман және аңшылық) өндіріс орындары, ұйымдарының директорлары осы өнеркәсіп орындары қызметкерлері бір жағынан мемлекеттік орман аға бақылаушылары болып есептеледі, ал Бас орман басшылары бұл өнеркәсіп орындары аймағындағы мемлекеттік орман аға бақылаушыларының орынбасарлары болып табылады.

Орман басшылары мен олардың көмекшілерінің қызметі бойынша, сонымен бірге өздеріне қарасты бөлімшелер мен аймақтарда мемлекеттік орман бақылаушылары болып есептеледі.

Мемлекеттік орман бақылаушыларына мынадай құқықтар берілген: орман шаруашылығын жүрізу, пайдаға асыру, өсіріп-өндіру, жаңартып-жаңғырту, ормандарды қорғап-сақтау жұмыстары мен шараларының барлық түрлерін тексеріп отыруды іске асыру; қызмет куәліктерін көрсету арқылы мемлекеттік, жеке меншік т.б. қызмет мекемелеріне олардың меншік түріне, сондай-ақ олардың қайда, кімге қарастылығына қарамастан орманды қорғау мен сақтаудың жайын тексеру жұмысын жүргізу үшін бөгетсіз кіруге; орманның мемлекеттік басқару жұмысын іске асыруда төлем ақысыз анықтамалар, ақпараттар, хабарламалар т.б. қажетті материалдар алуға; орманды пайдаға асыру, өсіріп-өндіру және қорғау шараларын тексеру ісіне мамандарды тартып қатыстыруға; орманды пайдаға асыру, өсіріп-өндіру, қорғау мен сақтау жұмыстары жөнінде талаптар қоюға; тапқан кемшіліктері мен ережелер талаптарының бұзылғандығы жөнінде жазбаша қорытынды жасауға; орман шаруашылығын жүргізуге; орманды пайдаға асыру, өсіріп-өндіру, жаңғыртып-жаңалау, қорғау мен сақтау ережелерінің талаптарын асырудағы жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді жою міндетті түрде орындауға, іске асыруға тиісті ескертпе-нұсқаулар беруге; азаматтар мен заңды тұлғаларға (олардың ішінде шетелдіктерге де) белгіленген тәртіп бойынша орман шаруашылығына келтірілген зияндары үшін, орманды пайдалану ережелерін бұзғандығы үшін, орман байлық көздерін тиімсіз пайдаланғаны үшін; сондай-ақ орманды бүлдіріп және жойғаны үшін айыптау талаптарын қоюға; айыпты адамдарды жауапкершілікке тарту үшін материалдарды заң орындарына тапсыруға; белгіленген тәртіптер мен ережелерді бұзу арқылы жөнсіз берілген ағаштарды қырқуға, орман билеттерін жоюға; орманды пайдаға асыруға берілген жер бөлшектерін пайдалануға құқылы.

Қазақстан Республикасында Орман қорларын пайдалануды дұрыс жүргізу үшін орман шаруашылығына берілген жерлерді дұрыс та тиімді қолдану керек екенін дәлелдейтін құжаттарды тексеруге құқылы; ормандағы санитарлық ержелермен өрт қауіпсіздігін, сондай-ақ арнайы рұқсатсыз жүргізіліп жатқан шаруашылық және басқа да іс-әрекеттерді тоқтатуға құқылы; сол сияқты тиісті орындарға орманды пайдалану құқығын тоқтату жөнінде ұсыныс білдіруге құқылы. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі қоршаған ортаны қорғау саласында негізгі орталықган атқарушы органы бола тұра, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес республика аумағында ведомство үстінен экологиялық бақылауды жүзеге асырады. Осы негізге байланысты Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен оның органдары жергілікті аумақтарда ормандарды қорғау мен оны дұрыс қолдану саласында мемлекеттік басқаруды атқара алатыны жөнінде құқықтық ережелерді талқылауға негіз бола алады. Орманның ахуалына, қайта жаңғыруына, өci№-өнуіне, қорғалуына және орынды қолдануына мемлекеттік экологиялық басқару КР Орман туралы Заңына ғана сүйенеді. Ал бұл заңдарда орманды дұрыс қолдану мен қорғау саласында кейбір іс-әрекеттердің дәрежесін белгілемейді. Осы сияқты жауап таба алмайтын қайшылықтарды Қазақстан республикасының заңдарына бағыштап отырады. Біздің ойымызша, ордан қорларына мемлекеттік экологиялық басқарудың қызметін нақты белгілейтін негіздерді толықтыру керек.

Қазіргі кезеңде басқару процесін ұйымдастыра отырып, мемлекетке жаңа экологиялық өзгерістерге, мемлекеттік басқару сферасында (саласында) болмаса да мемлекеттік нұсқау жолдарына бағынуға тиісті ететін, әсер ету формаларын қолдану кереқ Әсіресе, бұл шаралар, азамат және мемлекеттің экологиялық мүддесі, сол мемлекет, мекемелер мен жеке кәсіпкерлердің экономикалық мүддесінен жоғары тұратын, экология сферасында реттелуі кереқ

Бұның бәрі құқықтық механизмі республикамыздың қазіргі кезеңдегі ахуалына байланысты қарастырылуы керек екеніне сілтейді.

Сонымен табиғи ресурстарды қолдану және табиғатты қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруда қандай ұғым жатыр? Аталған мәселе тұрғысында ғалымдардың әртүрлі көзқарастарына назар аудармауға болмайды.

Айталық О.С. Қолбасов мемлекет басқаруы нақты мемлекет орындарының ұйымдастыру қызметі деп түсінеді. Басқа ғалымдар басқарып жатқан (басқару субъектісі) басқару жүйесіне (басқару объектісіне) әсер етуі ретінде басқару жайлы ұгымы, мемлекет басқаруындағы мазмұнға тән негіз болды деп түсінеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1992 жылғы 20 сәуірдегі Қаулысымен Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар Министрлігінің құрамына Орман шаруашылығы комитеті (Қазорманкомитеті) құрамдық бөлім ретінде заңды тұлға дәрежесінде енгізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 қазандағы «Орталық органдардың құрылымын жетілдіру және мемлекеттік органдардың санын қысқарту туралы» Жарлығы бойынша оның өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетіне берілді124.

Бұл комитет орман шаруашылығын басқаратын мемлекеттік орган ретінде бірқатар билік өкілеттіктерге ие болды. Олардың ішінде орманның қорғалуы мен қолданылуы, сақталуы мен өсіп-өндірілуі, жалпы жағдайына мемлекеттік қадағалауды ұйымдастырумен жүзеге асыру қызметі ерекше орын алады. Орманның қорғалуы мен пайдалануына мемлекеттік бақылау жүргізу өкілеттілігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орманды Қорғау комитетіне125, сондай-ақ орман құрамына кіретін республикалық басқарылудағы орман шаруашылық өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар және ұйымдар аппаратындағы мемлекеттік бақылаудың бөлімдеріне (оның ішінде облысаралық та) немесе жеке мамандарына бсріледі.

Олар Қазақстан Республикасының аумағында барлық заңды және жеке тұлғалардың Орман Заңы талаптары мен нормаларын орындауын қадағалауға құқылы.

Мемлекеттік басқару органдарына бұл саладағы басқару қызметтерін беру толық көлемде аяқталған жоқ. Мұнда мемлекеттік басқару мен шаруашылығы қызметтерінің сәйкессіздігі мен үйлеспеушіліктерінің негізгі ұстаған бағыт-бағдары бұзылады. Өйткені. жоғарыда аталғандай, Орман, аң, балық шаруашылық комитеттері Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамына кіреді де, ол әрі бақылау, әрі шаруашылық қызметтерімен де айналысады. Ал бұл қызметті Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құзырына берген жөн болар еді және бұл туралы арнайы Ереже қабылдау кереқ Ал мұндай тәжірибе Қазақстанда бұрын болған еді. Мысалы, 1995 жылы Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар минпстрлігінің бақылау, тексеру қызметтері (оның ішінде мемлекеттің ормандарды қорғау қызметі де) 2,2 мың тексеру жүргізді. Тексерулер нәтижесінде ормандағы заңсыз және жаппай қырқудың нәтижесінде 10,2 мың куб. метр ағаш қырқылып, 60-тан астам өз бетінше жаппай қырқу, мал жайылымдары тәрізді т.б. тәртіп бұзушылық анықталған. Орман зандылығын, ережелерін бұзудың нәтижелерінде келтірілген зияннын жалпы мөлшері 289 миллион теңгені құрайды. Орман ережелері мен заңдылықтарын бұзғандығы үшін жауапқа тарту бойынша 258 материал құқық қорғау органдарына айыптыларды жауапқа тарту үшін берілген.

Жан-жануарлар дүниесі – қоршаған ортаның негізгі құрамды бөліктерінің бірі, Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарының қажетті құрамдас бөлігі. Олардың жалпы 835 түрі бар деп есептелінеді. Олардың ішінде құстар – 489, сүт қоректілері – 178, балықтар – 104, жер бауырлап жорғалаушылары – 49, жер мсн суда омір сүретіндері – 12. Аңшылық кәсіпшілігіне жататындары – 161, жабайы жануарлар, бұл салаға жататын құстардың жалпы саны – 113.

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және оларды пайдалануды мемлекеттік тұрғыдан басқару жануарлар дүниесін мемлекеттік басқарудың өкілеттік қызметтерінің бірі. Оны іске асырудың құқықтык негізі Қазақстан Республикасының 1993 жылы 21-қазанда қабылданған «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңы126 болып табылады. Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы өкімет органдары және жануарлар дүниесін мемлекеттік басқаруға арнайы уәкілдік берілген органдар жүзеге асырады.

Мемлекеттік басқаруды сөз болып, қарастырылып отырған және арнайы өкілдігі бар басқару органдары іске асырады.

Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқаруда Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті атқарушы өкімет органдары және жануарлар дүниесін мемлекеттік басқаруға арнайы уәкілдік берілген органдар жүзеге асырады. 12-шi бап.

Осы Заңның 56-бабына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы бақылаудың міндеті жануарлар дүниесінің жай-құйі мен олардың шаруашылық және өзге де қызметтің салдарынан өзгеруін қадағалау, шаралардың орындалуын тексеру, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңдардың бұзылуын дер кезінде тоқтату мен олардың талаптарын сақтау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі жануарлар дүниесін қорғау, өсіріп-өндіру және оларды пайдаға асыру саласындағы мемлекеттік экологиялық басқару органдарының қызметтеріне жетекшілік етуге, олар жөнінде тиісті ережелерді бекітуге құқылы.

Өкіметтің жергілікті өкілетті және атқарушы органдары жоғарыда аталған Заңның 11, 14, 15-баптарына сәйкес өздеріне қарасты аумақтарда жануарлар дүниесін қорғау, өсіріп молайту және оларды пайдалану жұмыстарын іске асыруға құқылы.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитеті жануарлар дүниесін қорғау, өсіріп-өндіру және оларды пайдаға асыру саласындағы мемлекеттік басқаруды іске асыратын органдар болып табылады.

Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің табиғи ресурстарды өсіріп-өндіру, дамыту және оларды пайдаға асыру жөніндегі мемлекеттік басқару органдары ол жөніндегі ережеге сәйкес өзіне тікелей қарасты немесе қарасты емес екендігіне тәуелсіз өз еркімен ведомство үстінен басқару және оларды бақылау-тексеру қызметтерін іске асырады. Оның ішінде жануарлар дүниесін қорғау, өсіріп-өндіру және оларды пайдаға асыру саласында қызмет атқарады (бұдан былай мемлекеттік экологиялық басқару өкілдігі). Мемлекеттік экологиялық бақылау жөніндегі агенттік табиғи ресурстарды қорғау және оларды пайдаға асыру жұмыстарын, оның ішінде жануарлар дүниесін, оның өсімін қорғау, молайту және оларды пайдалану, сондай-ақ байлық қорларын қорғау, балық аулау жұмыстарын реттеп отыру істерін, өндірістік аулаулардың ережелерін сақтау, спорттық-құмарлық заңсыздықпен балық аулау, аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу тәртіптері мен реттілігін мемлекеттік тұрғыдан бақылауды ұйымдастырады және іске асырады.

Агенттіктің қызмет иелерінің құқы: қызмет куәліктерін көрсете отырып, мемлекеттік бақылау-тексеруді іске асыру мақсатымен ұйымдармен т.б. объектілерге ешқандай . кедергісіз кіре алады; жануарлар дүниесін пайдалану жөніндегі рұқсат қағаздарында көрсетілген шарттардың сақталуын, табиғи ортаны пайдалануға келісім-шарттардың орындалуы мен алған рұқсаттарының дұрыстығын тексеруге; белгіленген тәртіп бойынша олардың құшін жоюға, тоқтатуға; құмарлық және спорттық балық аулаушылық бақылауды іске асыруға; ғылыми-зерттеу және коллекциялық мақсаттармен балық аулауға, балықтың жыртқыш түрлсрін аулап-ұстауға, климатқа баулу-үйрету және жаппай аулауға рұқсат беруге; берілген тәртіптер бойынша егер жануарлардың сирек кездесетін түрлерінің өлім шығыны көбейіп, олардың азаюына, жойылып кету қаупі тұрған жағдайда, олардың өмір сүру ортасында бұзылып, әртүрлі қалдықтармен залалданып, ластанар болса, ондай жағдайларға алып баратын іс-әрекеттерді тоқтатып, тыйым салуға; іс-әрекеттер мен жұмыс барысында жануарлар дүниесін қорғау, өсіріп-өндіру және оларды пайдаға асыру, олардың өмір сүру ортасын аман сақтауға, олардың өсіп көбеюіне орын ауыстырып отыру жағдайларын сақтауға байланысты ережелер мен т.б. тәртіптер бұзылған жағдайда белгіленген тәртіп бойынша әкімшілік айып салуға құқылы.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның жергілікті органдары қызметтерінің тәжірибесі олардың қызметтерінің үстем де беделді бағыты бақылау қызметін іске асыруда екендігін көрсетеді: мысалы 1995 жыл бойынша биологиялық ресурстарды қорғау, өсіріп-өңдіру және пайдаға асыру жөніндегі Бас басқармасы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану» туралы Заңдарының бұзылғандығының 15818 фактысын ашты, 11,3 миллион теңге мөлшерінде айыптық төлем салды, 4,8 миллион теңге мөлшерінде іздестіру талап етілді: заңдылық пен оның тәртіптерін бұзушылардан 1216 дана мылтық, 2165 ау және 5426 балық аулау құралдары, 80-тоннадан астам балық алынды; Экологиялық заңдылық тәртіптерін дөрекі бұзғандық фактілері бойынша тергеу орындарына қылмысты істер қозғау үшін 240 материал берілген127.

1996 жылы Биологиялық ресурстарды қорғау, өсіріп-өндіріп дамыту және оларды пайдаға асыру жөніндегі Бас басқармада құрылымдық өзгерістер болды. Балық байлығын қорғау және балық аулауды реттеу жөнінде су алақтары мен қоймаларын басқаратын облысаралық екі басқарма, жануарлар дүниесін қорғау жөнінде (оның ішінде балық байлықтарын да) облыстық 11 мемлекеттік бақылау инспекциясы құрылды.

Орал-Каспий су алабы басқармасына балық байлығын қорғаудың тиімділігін арттыру үшін деп қаржылай 2 миллион теңге көлемінде табиғат қорғаудың республикалық қорынан көмек көрсетілді. Бұл, әрине, дұрыс нәтижелер берді: атап айтқанда, балықты қорғау заңдылығы бұзылғандығының 3280 фактысы ашылды, бұл 1995 жылғыдан тәртіп, заң бұзушылық фактысы 327-сі артық. Тергеу орындарына 92 іс өткізілген; тәртіп бұзушылардан 6677 кг балық, 120 кг уылдырық, 2650 әртүрлі балық аулау құралдары тәркіленген.

Қазақстан Республикасының Биологиялық ресурстар жөніндегі комитеті бас басқармасының ұсынысы бойынша Республика су алаптарында балық пен теңіз жануарларын аулаудың көлемі, мөлшері бекітілді.

Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің «Сирек кездесетін және жоғалып-жойылып кету қауіпті жағдайында жыртқыш та аңшы құстардың шығынын қысқарту жөніндегі шаралары» туралы 1995 жылы 21 тамыздағы қабылданған Ережені іске асыруға орталықта да, жергілікті жерлерде де айрықша көңіл бөлінді: бұл бағытта құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып Алматы, Жамбыл, Талдықорған, Семей облыстарында сұңқар тұқымдастарын корғау мақсатында ұйымдасқан жедел іздестіру рейдтерімен тікелей іске асырылған жорықтық тексерулер ұйымдастырылды. Бұл тексерулер барысында Алматы-Қарағанды (Жамбыл облысының аумақтарын басып өтетін) үлкен жолында Сирия, Қырғызстан азаматтары бар автокөлік ұсталды. Тексеріп тінту нәтижесінде заңсыз ұсталған 11 сұңқар тұқымдастары табылып, қайтарып алынды. Келтірілген зиян 408 мың 100 теңгені құрайды. Материалдар Тараз қаласының құқық қорғау органдарына берілді.

Толығымен айтқанда, І996 жылы Қазақстанның Биологиялық ресурстар жөніндегі Бас басқармасы (Казглавбиоресурсов) аң аулау, балық аулау ережелерінің 16227 фактысын (балық байлық көзі бойынша 12605, жануарлар дүниесі бойынша 4222) ашып әшкерелеген. 18,4 миллион теңге айыптық төлем салынған, 12,6 миллион теңге талап етіп, іздеу салынған, 5,4 миллион теңге қайтарылған. Заң мен тәртіп бұзушылардан 1323 оқты мылтык, аң аулаудың әртүрлі 8621 құралы тәркіленген, автокөлік түрлерінің 995 данасы (оның ішінде мемлекеттік 283, жеке меншіктік 712) ұсталған.

Рұқсат етілмеген жағдайда оның ережелері мен тәртіптерін қасақана бұзушылық фактілері бойынша сот тергеу органдарына 1996 жылы 288, тәртіп бұзушылардың 253 ісі өткізілген, олар бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жануарлар дүниесін пайдаға асыру ережелерін бұзушылықты жою және ол үшін құресті құшейту мақсатында облыстық бақылау қызметкерлері теледидар арқылы 99 рет, радио арқылы 140 рет сөз қозғады, Реслубликалық жергілікті баспасөз беттерінде 211 мақала жарияланды.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аң шаруашылығы комитеті өзіне тиісті міндеттер шектерінде Республика аң шаруашылығы мемлекеттік тұрғыдан бақылау жұмысын өзіне қарасты айрыкша қорғалуға тән табиғи аймақтарда іске асыруда ережеге сәйкес аң жануарлардың жай-құйін, оларды өсіріп-өндіру, қорғау, сақтау және пайдаға асыру жұмыстарын мемлекеттік тұрғыдан бақылауды ұйымдастырады және іске асырады. Мемлекеттік тұрғыдан олардың сандық және салықтық есебін жүргізеді: комитеттің қызметкерлері белгіленген қажетті есептік және басқадай материалдардың мемлекеттік бақылау жұмысын іске асыруға, сұрауға, алуға құқылы; жануарлар дүниесі жөніндегі заңдьлықты бұзушыларды жауапқа тарту істерін жүргізуге құқықты; емлекет мүддесі үшін іздестіру талаптарын қоюға құқықты; жануарлар дүниесі жөніндегі заңдылық талаптары бұзылған жағдайда құрылыс қайта жөндеу-жаңарту жұмыстарын, объектілерді тағы сол сияқты шаруашылық қызмет іс-әрекеттерін іске қосуды шектеуге, тоқтатуға, тыйым салуға құқылы.


________________________


Каталог: olderfiles
olderfiles -> Л. А. Автотрофные технологии освоения космоса / Вопросы. Гипотеза. Ответы: Наука XXI века : Коллективная монография
olderfiles -> Встречи в пути. Самому замечательному человеку,повстречавшемуся мне
olderfiles -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету
olderfiles -> Әлеуметтік-мәдени, КҮнделікті қатысым саласындағы коммуникативтік қҰзыреттік мазмұНЫ
olderfiles -> Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық
olderfiles -> Учебные пособия по налоговому праву: Мухитдинов Н. Б., Найманбаев С. М., Серимов У. С., Сман Б. У. «Салықтық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік»
olderfiles -> Учебные пособия по вопросам финансового и валютного права: Мухитдинов Н. Б., Найманбаев С. М., Серимов У. С. «Қаржы саласындағы басқарудың құқықтық негiздерi»
olderfiles -> L. A. Zapekina School n 83 novokuznetsk 2008 Glad to See You, Boys and Girls! Let`s Start Learning


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет