ІІІ. Қорытынды
Мен зерттеу жұмысының басында, егер математика күнделікті өмірде ешкімге қажет емес ғылым болса, онда қарапайым адамға оның заңдылықтарын білу міндетті емес деп болжағанмын. Бұл пікірім дұрыс емес болды.
Математика тарихына көз жүгірте отырып, оның ғалымдардың бос қиялының жемісі емес, тікелей өмірдің қажетілігінен туындаған ғылым екеніне. яғни, «Математика барлық ғылымдардың патшасы» (К.Гаусс) екендігіне көз жеткіздім.
«Алдыңғы жақсы, артықы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсысы» -деп заңғар жазушы М.Әуезов айтқандай, бүгінгі алған мәліметтеріңіз өмірде пайдаға асуы тиіс. Қиын да болса математика ғылымының биігіне шыққан даналарымыз, жерлес математиктеріміз сияқты алдарыңа үлкен мақсат қойып, бар қиындықтан мойымай нәтижеге жете білуіңіз қажет. Дәл солардай дана академик болмағанмен, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бағып» қоғамға пайдалы азамат болу парызыңыз.
Мен зерттеу жұмысының басында , егер математика күнделікті өмірде ешкімге қажет емес ғылым болса, онда қарапайым адамға оның заңдылықтарын білу міндетті емес деп болжағанмын. Бұл пікірім дұрыс емес болды.
Математика тарихына көз жүгірте отырып, оның ғалымдардың бос қиялының жемісі емес, тікелей өмірдің қажетілігінен туындаған ғылым екеніне көз жеткізе аламыз.
Сандар арқылы адамның ой-санасының қалыптаса бастаған кезеңін , өмірге , қоршаған ортаға , өзіне деген көзқарасын байқаймыз. Сандар арқылы адамның қабілеті,ой- өрісі көрінеді.
Қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінде және салт – дәстүрінде, дүниетанымындағы сандарға байланысты ұғым – түсініктерін зерделеп, зерттедім.
Математиканы оқып – үйрену есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез – келген проблеманы шеше білу, өз қабілетіңізді жетілдіре алу үшін қажет. Сондықтан, «Мен ақша санаймын, өз кірісім мен шығысымды есептей білемін, одан өзге математиканың маған қажеті шамалы» деуге болмайды. Егер олай десеңіз, адам өмірінің мәнін түсінбегеніңізді көрсетесіз, өмір деп отырғаныңыз шын мағынасында өмір емес, жай ғана тіршілік болады. Біз тек сол үшін жаратылмағанбыз, бізге ақыл – сана сол үшін берілмеген. Біз өз өмірімізді мағыналы қылып, барлық жетістіктерге жету үшін табиғатты, бүкіл білімді пайдалана білуіміз керек.
Зерттеу барысында әдебиеттерді оқып, ізденіп және мамандық иелерімен кездесіп тәжірибе жұмысын жүргізу арқылы, өткізген сауалнаманың қорытындысына қарап «Математика — біздің өмірізде маңызды орын алады » -деп тұжырымдадым.
«Ғылым математиканы пайдалану арқылы жетіледі» - дей келе, менің сыныптастарым мен достарым өздері дұрыс қорытынды шығарып, өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтынын, математика пәні қандай қиын болса да, ол пәнге деген көзқарастарын өзгертер деп үміттенемін. Қазақстанның болашағы нұрлы, жоспарлы жан-жақты білімді болар еді деген сенімдемін. Математиканы еш уақытта күнделікті өмірден бөліп алып тастай алмайтынымызға көз жеткіздік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. С. Х. Сираждинов, Г.П. Матвиевская. Ал- Хорезми- выдающийся математик и астроном средневековья. Москва. «Просвещение», 1983.
2. Г.И. Глейзер. История математики в школе. IX-X классы. Москва. «Просвещение» 1983.
3. Б.В.Гнеденко. Математика в современном мире. Москва. «Просвещение» 1980.
4. Қырық қазына.Ә.Доспамбетов-Алматы 1997
5. «Математика және физика» журналдары 2009- 2016ж.
6. Интернет материалдары.
Достарыңызбен бөлісу: |