Сексенбай Жансая Мырзағалиқызы Пән/Сынып: қазақ тілі, 10-сынып. Т1 Қай аптаның нешінші сабағы 3-тоқсан, 1-апта, №1 сабақ



бет1/2
Дата20.09.2022
өлшемі178,51 Kb.
#150053
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
1-сабақ. Қаныш Сәтбаев ғылым –білім туралы




Мұғалімнің аты-жөні:

Сексенбай Жансая Мырзағалиқызы

Пән/Сынып:

қазақ тілі, 10-сынып. Т1

Қай аптаның нешінші сабағы

3-тоқсан, 1-апта, № 1 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Ү бөлім. Білім. Ғылым.Инновация. Тілдік жүйе және норма

Сабақтың тақырыбы:

Қаныш Сәтбаев ғылым –білім туралы.

Оқу мақсаттары:

10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу
10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу

Сабақ мақсаты:

Бағалау критериі:

  • Мәтіннің мазмұны мен құрылымын анықтап, көз жүгіртіп оқиды;

  • Мәтіндегі автор көзқарасын, көтерілген мәселені, факті мен көзқарасты зерделеп , зерттеп оқиды;

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?
10-сыныптың қазақ тілі пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: «Қаныш Сәтбаев ғылым –білім туралы»
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
• Қаныш Сәтбаев ғылым –білім туралы
Сенің меңгеретінің:

  • Мәтіннің мазмұны мен құрылымын анықтап, көз жүгіртіп оқисың;

  • Мәтіндегі автор көзқарасын, көтерілген мәселені, факті мен көзқарасты зерделеп , зерттеп оқисың.

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын бақылайды.



Презентация



3-5 минут

Жаңа сабақ

Мұғалім жаңа сабақты әр түрлі тәсілмен түсіндіреді.









1-3 минут



Тапсырмалар

Ой шақыру.

Білім. Ғылым. Инновация.
«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу, жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді. Жалпы, бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген мағынаны білдіреді.
Ал білім мен ғылым - ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады. Қазіргі дамыған заманда жастар білімді болуға тиіс, сонда ғана олар бәсекеге барынша қабілетті болып, өмірден оз орындарын таба алады.
1-тапсырма
Мәтіннің мазмұны мен құрылымына көз жүгіртіп оқыңыз.

Дескрипторы:

  • Мәтіннің мазмұнын түсінеді;

  • Мәтіннің құрылымын анықтайды.

Өзіңді тексер!
Мәтіннің мазмұны: Берілген мәтіннің авторы қазақтың тұңғыш ғалымы –Қаныш Сәтбаев.
Мәтінде автор ғылым мен білімнің қоғам үшін пайдасы туралы айтады. Шынайы ғалым болу үшін,
ғылым жолына түсу үшін ғалымдарған нені білу , нені жадына мықтап ұстау керектігі туралы ақпарат береді. Ғалымдарға өте пайдалы, парасатты ақыл-кеңесін береді.
Мәтіннің құрылымы: Мәтін алты абзацтан тұрады.
Кіріспе бөлімінде ғалымдардың заман талабына сай болуы туралы мәселе қозғайды.
Негізгі бөлімінде талмай ізденудің нәтижесі ғана ғалымды ірі қайраткер дәрежесіне жеткізетінін және жинаған білімін еңбекпен, тәжірибемен ұштастыра білудің маңызы зор екендігін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет