Кәдімгі жебір – Қазақстанда киікшөп деп аталатын кәдімгі жебірдің отаны – Жерорта теңізі. Хош иісті, бұтағы тармақталған көпжылдық бұта. Гүлдері жапырақ қолтығында шоғырланып өседі. Жемісі – 4 жаңғақша. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Дәрілік өсімдік, қақырық түсіреді. Сондықтан халықтық медицинада көкжөтел, бронхит ауруы кезінде ауызды шаюға қолданады. Құрамында эфир майы болғандықтан, тіс пастасына, тазартқыш сабынға қосады
Кәдімгі жебір
Жарғақты хиптис – ағаш түрі.
Күрделігүлділер тұқымдасы
Гүлді өсімдіктердің ең көп таралған тобы.
Қазақстанда күрделігүлділер тұқымдасының 700-ге жуық түрі өседі.
Бұлар – негізінен алғанда шөптекті, сүтті шырыны болатын өсімдіктер. Олардың шала бұталы, бұталы, ағаштекті түрлері де кездеседі.
Күрделігүлділер – көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Кейде біржылдық түрлері де кездеседі.
Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталған себетгүлден тұрады.
Пішіні, құрылысына байланысты себетгүлде тілше, түтікшелі, қосерінді, жалған тілшелі, шұқырақ тәрізді гүлдер орналасады.
Міне сондықтан да бұл топқа жататын өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады.