Менеджер: Сәлеметсізбе, «Tensend халықтық жобасынан» хабарласып тұрмын, менің есімім Даниял. Сіздің есіміңіз кім болады?
Клиент: Сәлеметсізбе, есімім Айдар
Менеджер: Айдар мырза, қуаныштымын танысқаныма! Сізге хабарласып тұрған себебім, сіз Tensend қосымшасын жақында жүктеп, телефон номеріңізді қалдырдыңыз. Маған 3 минут уақытыңызды бөле аласыз ба?
Клиент: Иә, айта беріңіз.
Менеджер: Айдар, мырза, осы қосымшада онлайн білім алып, курстарды оқып жатырсыз ба?
Клиент: Иә, әрине.
Менеджер: Тамаша, Айдар мырза! Сіз осы қосымшада білім ала отырып, табыс таба алатыныңызды білесіз бе?
Клиент: Әрине, соны түсіндіріңізші.
Менеджер: Жақсы, ендеше сізге түсіндірейін. Сіздің қосымшаңызда, профиліңіз бар, сол сіздің жеке бизнес кабинетіңіз. Онда сату, статистика, маркетинг деген бөлімдер бар. Сату бөліміне қарасаңыз сіздің жеке сілтемеңіз бар, қасында бөлісу деген сөз бар, бөлісуді басқанда дайын смс пен сілтемеңіз мессенджерлерге жіберіледі. Сіз өз сілтемеңізді өзгелерге жіберіп, ол адам оны ашып, қосымшаны орнатып, кейін курсты сатып алса, сізге сол сатылымнан 20 % табыс түседі.
Осындай табыс көзі сізге қызықты ма?
Клиент: Әрине, қызықты.
Менеджер: Бұдан басқа да сіздің жұмысыңызды жеңілдету мақсатында маркетинг бөлімінде сізге қосымшаны жарнамалауға арналған дайын баннерлер мен видеороликтер бар, оларды кез келген мессенджерлерге жібере аласыз.
Клиент: Түсіндім, рахмет. Қазір қосымшамен жұмысты бастаймын.
Менеджер:Айдар мырза, сұрақтарыңыз бар ма?
Клиент: Бәрі түсінікті, рахмет.
Менеджер: Қазір бізде акция жүріп жатыр, 1 – мамырға дейін курстарға жеңілдіктер болып жатыр. Сізге whatsapp номеріңізге барлық ақпаратты жіберсем бола ма?
Клиент: Иә, жіберіңіз күтемін, рахмет.
Менеджер: Жақсы, Айдар мырза, менің номерімді сақтап алып, сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыз. Сау болыңыз.