«Тазалық – саулық негізі» деп бекер айтпайды. Әр адам жеке бас тазалығын, орта тазалығын сақтаса ол денсаулықтың кепілі болмақ. Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.
ТАЗАЛЫҚ
ДЕНСАУЛЫҚ
ТАМАҚТАНУ
ТЫНЫҒУ
Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір – қоқысты жерлерде өсіп - өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс.
Гигиена
Адамның денсаулығы, еңбекке қабілетті болуы көбінесе үйдегі тұрмыс жағдайына байланысты. Сондықтан да үй тұрмысы, әсіресе оның тазалығы белгілі санитарлық –гигиеналық талапқа сай болуы қажет. Үй ішіндегі бөлмелер тұратын адам санына сай және әрқашанда құрғақ та жылы, күн сәулесі жақсы түсетін кең болуы керек. Сонымен бірге әр адамның жеке бас гигиенасын сақтау да үлкен талапты қажет етеді.
Гигиена - бұл денсаулықты қорғау және тазалық сақтау туралы ғылым.
Күн тәртібі
Күн тәртібі – бұл жұмыс пен тынығу уақытының ауысымын дұрыс бөлуге көмектесетін кесте. Күн тәртібі – бұл уақыт бойынша әрекеттерді тиімді және дәйекті түрде бөлу: тәулік бойы жұмыс пен демалысты кезектестіру.