«ALTYN QYRAN - ерекше дарын иесі» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚОШ КЕЛДІҢ!
Олимпиада 2-11 сынып оқушыларына барлық пәндер бойынша 2022 жылдың 05-14 желтоқсан аралығында өтеді
Олимпиадаға қатысу нәтижесінде:
Сүйіп оқитын пәндеріңе деген құштарлық артып, терең игересің;
Жігірленіп қана қоймай оқуға белсенділігің мен ізденісің артады;
Мұқияттылық пен еңбекқорлыққа тәрбиеленесің;
Логикалық ойлау өрісің өте жоғарылап, инттеллектуалдық деңгейің өседі;
Қазіргі қоғамның техниканың қарқынды дамыған тұсында цифрлық
сауаттылығың артады;
Жетекші ұстазыңның деңгейі артып, ұстаздық кәсіби өсуіне үлес қосасың;
Еліңнің, отаныңның болашағын жарқын ететін адал да, білімді, озық ойлы азамат болудың даңғыл жолына түсесің.
Ең бастысы бізбен бірге БІЛІМ ШЫҢЫН бағындырасың! Ең білімді, ең үздік оқушыға айналасың!
І. ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР 1.1. Олимпиадаға 2 - 11 қазақ-орыс сыныптар аралығындағы барлық сынып оқушылары қатыса алады.
1.2 Оқушы бір немесе бірнеше пәнге қатысуына болады.
1.3. Олимпиадаға қатысу туралы анкета формасын толтырған қатысушы Ережеде көрсетілген олимпиаданы өткізу тәртібі және қағидаларымен танысып Келіседі. Сайттағы Бекітілген Ерженің толық нұсқасымен танысуы шарт.
IІ. ӨТУ ТӘРТІБІ 2.1. Олимпиада 2022 жылдың 05-14 желтоқсан күндері https://bilim-shini.kz/kz сайтында 1 кезеңмен өтеді. (Сайтта олимпиада бөлімі 05 желтоқсан күніне бастап ашылады). 2.2. Олимпиада тапсырмалары 20 сұрақтан тұрады.
2.3. 20 тестті орындауға 50 минут беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу тоқтатылады. Сұрақтар артқа қайтпайды.
2.4. Олимпиадаға қатысу ерікті. Қатысу жарнасы бір пән үшін – 500 (Бес жүз) теңге. 2.5. Оқушы сынып бойынша өзінің сүйікті пәндерінің бірнешеуіне қатыса алады. Ол үшін төмендегі ватсап номерлеріне «Таңдаған пәнім - ????? бойынша қатысу үшін РҰҚСАТ ашып беруіңізді сұранамын» деп ЖСН және 2-ші пәнге төленген чекті, пән атын мына ватсап номерлерінің тек біріне ғана жіберуі керек.
https://wa.me/77754037284
https://wa.me/77013129906
ІІІ. ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ: 3.1. https://bilim-shini.kz/kz сайтына өту. Баннеріндегі Қатысамын батырмасын басу (сайт 05-14 желтоқсан тәулік бойы жұмыс жасайды). 3.2. Анкетаны ретімен қатесіз толтыру (Анкетаны дұрыс толтыру қажет. Диплом жазған мәліметпен шығады) 3.3. Жіберу батырмасын басу. 3.4. Төлем жасау беті ашылады, кез-келген төлеу картасымен (ата-ананың рұқсатымен) төлем жасағаннан кейін анкетада таңдаған пән бойынша Олимпиада тапсырмалары бірден ашылады. Сайттан шықпай, тапсырманы орындау шарт.
3.5. Сайттан төлем жасау қиындық туғызған жағдайда, 8775 076 78 76 Бахыткүл Е. Каспий голд номеріне 500 тг жарнаны аударып, Жарна төленгені туралы чекті және оқушы ЖСН-нін, таңдаған пән атын
https://wa.me/77754037284
https://wa.me/77013129906
ватсап номердің тек біріне жазып жіберу керек. «ТІРКЕЛДІ» деген жауап келгеннен кейін сайтқа кіріп, тестті орындауға болады.
3.6. Тестті орындау аяқталған соң, дұрыс жауаптар саны шығады.
3.7. Нәтиже батырмасын басып, марапат қағаздарды бірден сақтап алу керек.
IV. БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ
Белсенді қатысқан мектептер сыйлықтарға ие болады: ***300-400 оқушысы қатысқан мектепке КУБОК+Алғыс хат
*** 500-700 оқушысы қатысқан мектепке ПРИНТЕР МФУ, АЛҒЫС хат беріледі.
4.1. Бас жүлде – 20 дұрыс жауап. МЕДАЛЬ + ДИПЛОМ + Жетекші мұғалімге АЛҒЫС ХАТ + Ата-анаға АЛҒЫС ХАТ 4.2. І орын – 18-19 дұрыс жауап. Оқушыға І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ + Жетекші мұғалімге АЛҒЫС ХАТ + Ата-анаға АЛҒЫС ХАТ (электронды нұсқа) 4.3. ІІ орын – 15-17 дұрыс жауап. Оқушыға ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ Жетекші мұғалімге АЛҒЫС ХАТ + Ата-анаға АЛҒЫС ХАТ (электронды нұсқа) 4.4. ІІІ орын – 10-14 дұрыс жауап. Оқушыға ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ +Жетекші мұғалімге АЛҒЫС ХАТ + Ата-анаға АЛҒЫС ХАТ (электронды нұсқа) 4.5. 0-9 балл аралығы СЕРТИФИКАТ (электронды нұсқада
V. АППЕЛЯЦИЯ. Қатысушы оқушы келіспеушілік туындаған жағдайда олимпиада аяқталғаннан кейінгі күннің 18.00-не дейінгі уақытқа шағымын жібере алады. 8775 076 78 76
VІ. ҚОСЫМША СҰРАҚТАР ҮШІН https://wa.me/77754037284
https://wa.me/77013129906 осы ватсаптардың тек біріне ғана жазу қажет! ЕСКЕРТУ: *** Ватсапқа жазған сұрақтарға кері байланысты сабырмен күту қажет. Себебі өте көп сұрақтардың болуына байланысты жауап беру операторлар үшін уақыт алады. 24 сағат ішінде сұрақтарға міндетті түрде жауап беріледі. Қайта-қайта жазбау қажет, хабарлама чатта жоғары жылжып кетіп, кері байланыс ұзаққа солып кетуі де мүмкін.
***Сайтта КӨМЕК батырмасында бірнеше сұрақтарға жауап алу қолжетімді.
Сертификат, Диплом, Алғыс хаттарды жүктей алмай қалған жағдайда,Олимпиада тапсырмаларын орындап отырып, байқаусызда сайттан шығып кеткен жағдайда, КӨМЕК батырмасына барып, мәселені шешуге болады