3. Психотүзету (психокоррекция) және дамыту — түзету, өңдеу мақсатында нормадағы балаларды қарастырады, ауытқуы бар балаларды түзету іс – шараларын қарастырады. Психологиялық түзетудің мақсаты: балаларды жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылту, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту. Психолог жұмысындағы түзету-дамыту бағыты, қызметтің ең қиын тұсы. Сондықтан да бұл бағыт практик психологтан шеберлікті қажет етеді. Жұмыстың тиімді жолдары; Оқу үдерісінің ұйымдастырылуы; Сабақты түсіндіру тәсілдері; Мектептегі тәртіпті сақтау; Оқушы – мұғалім кикілжіңі; Бала – ата-ана қарым-қатынасы; Оқушы – оқушы қарым-қатынасы; Өзін-өзі тану мәселелері; Телефонмен консультация. |