Кіріспе Бұл семестрлік жұмыстың мақсаты - байланысты құжаттардың барлығын топтастыру.Жер кадастрлық құжаттарды дайындау үшін жасалды.
Жер кадастры барысында суретке түсірулер мен тексерулер, жер кадастрын жүзеге асыру процесінде еліміздің біріңғай жер қорының құқықтық жайын, табиғи және шарушылық жағдайларын, жер пайдаланулардың әртүрлі ақпараттарын пайдаланады, осыларды үйренеді және талдайды.
«Кадастр» деген латын сөзі «caput», «податый», «берілетін зат» деген мағынаны білдіреді, «capіtastrum», «ие болған заттардың тізімі» деген мағынаны білдіреді. Осыған байланысты алғашқыда кадастр ие болған заттардың тізімін жазатын кітап болды. Есепке алу және бағалау объектісіне байланысты – жер, су, орман болып бөлінеді. Кадастрлық іс-жер учаскесі туралы құжаттар кіретін жаңа жер учаскелерін құружәне барларын қайта құру туралы іс.Жалпы бұл жұмыста мен Қызылорда облысы облысы Жаңақорған ауданы бойынша барлық жер кадастрлық құжаттарды дайындау жұмыстарын жасадым.Және құжаттарды жинақтау барысында ЖЕР кодексінен өзіме керекті баптар мен заңдарды пайдаландым.Жұмыстың негізгі мақсат – міндеті жер кадастрлық құжаттарды дайындау,кадастрлық істі жинақтау,елді мекен және ауылшаруашылық жерлеріне кадастрлық баға беру.Жер-кадастр құжаттамасы есепке алудың барлық деңгейлерiнде: базалық, мезгiл-мезгiл жаңартылатын және жыл сайын жасалатын құжаттаманы қамтиды.Жер-кадастрлық iс - жер учаскесiнiң қалыптасуы туралы iс, оған жер учаскесi туралы құжаттар кiргiзiледi.Мемлекеттiк меншiктегi жерлерден берiлетiн жер учаскелерiне жер-кадастрлық iстердi Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң шешiмдерi, Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiткен жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар негiзiнде жүргiзедi.Қалыптастырылған жер-кадастрлық iс жер учаскесiн жер-кадастрлық кiтабына жазу және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне жер учаскесi туралы мәлiметтердi енгiзу үшiн негiз болады. Бiрнеше жер учаскелерi бiрге қосылған кезде жаңа кадастрлық iсi ашылады, оған осы учаскелерге бұрын жүргiзiлген кадастрлық iстер жинақталады. Бiрiктiру нәтижесiнде құрылған жер учаскесiне жаңа сәйкестендiру құжаты дайындалады