Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -45 сағат СӨЖ 45 сағат


ВОЛЬТЕР (1694-1778) драматургиясы



бет57/108
Дата05.02.2022
өлшемі7,63 Mb.
#20083
түріСеминар
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   108
ВОЛЬТЕР (1694-1778) драматургиясы
Франсуа Мари Аруз кейіннен Вольтер деген жасырын атты қабылдаған ол «дворян мантиясынан» шыққан. Оның әкесі жағынан ата-бабасы бай буржуа болған, сондықтан да оларды осылай атаған.
Вольтер Бастилияда өзінің бірінші трагедиясы «Эдипті» (1718) аяқтайды.
Вольтердің жазғандарының ішінде жеңіске ие болған трагедиялары «Заира» және «Магомет».
«Заира» - бұл Отеллоның ағартушылық және классицистік түсіндірмесі. Вольтер өзінің бастауынан қанша алыс кетсе де Шекспирдің әсері бары сезсіз.
Вольтердің ағартушылық ойлары «Фанатизм немесе Магомет пайғамбар» трагедиясында анықталады. Бұл пьеса 1739 жылы жазылды.
Вольтер барлық әдеби жанрда жұмыс істеді, сөйтсе де өэін драматургпін деп есептеді. Ол елу терт драмалық шығарма онын ішінде трагедия, комедия, либретто т.с.с. бар. Осы санның ішінен тек он үш трагедиясы үшін «нағыз трагедия драматургі» деген лауазымға ие болды. «Эдип» трагедиясынан бастап ол театр үшін жұмыс істей бастады және алпыс жыл өткен соң «Ирена» (1778) трагедиясының алтыншы қойылымында Вольтерді ағартушылық пен театрға сіңірген еңбегін бағалап лавр жапырағынан жасалған венок тақты.
ДИДРО (1713-1784) драматургиясы
Дидроның үлкен өмір шындығының өзгешелігімен ерекшелентен пьесасы «Отағасы» (1758). Мұнда да рахымдылық жеңеді. Әкесі баласының теңі болмаса да, оның үйленуіне ешбір ішкі қарсылықсыз рұқсат береді. Буржуазиялық пайдакүнемдікке адами ізгіліктері қарсы шығады. Алайда пайдакүнем ол емес, тіпті буржуа Орбессон да емес. феодалдық мемлекетте өсіп тәрбиеленген және өзінің пасық жоспарларын соған сүйеніп жасайтын оның балдызы командор Овил болып шығады. «Асыранды ул» пьесасын ары қарай «Асыранды бала әңгімесі» трактаты, ал «Отағасы» пьесасын - «Драмалық поэзия женінде ой-толғаулары» жалғастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет