Тақырыбы: «Дель арте» комедиясы және Гольдони, Гоцци драматургиясы. Ағарту дәуірінің театры. (XVIII ғғ.) Ағарту дәуірінің театры. (XVIII ғғ.) Ағарту дәуірінің театры. (XVIII ғғ.) Ағарту дәуірінің театры. (XVIII ғғ.) Дәріс мазмұны: «Дель арте» комедиясы құрылғаннан кейін екі ғасыр бойыИталияның драмалық театрының тарихында ешбір жаңалық болған жоқ.
Ағартушылық идеалогиясы барған сайын дамып елдің рухани дүниесін жаулап алды және бұған дейін қалыптасып қалған көэқарастарды ысыра бастады. Театр айналасында әдет-ғурыптар комедиясын құру негізгі мақсат етіп қойылды, Бұл арада өмірге деген ағартушылық көэқарасты қорғай отырып, италия көрермендерінің әдетінше айшықты қойылымды сақтап қалды. Біз білетін маска театрының актерлері суырыпсалмалықты және өз сөзін өзі ойлап табумен шектелген болатын. Олар әдеби мәтінді жаттауды қарастырмаған еді. Актерлер үнемі бір масканы киіп бір кейіпкерді ойнағандықтан, әртүрлі бейнелер жасау қиынға соқты. Театр өнеріне езгерістер қажет болды.