Семинар №9 Тақырыбы: Қазақ тілі емле ережелеріне қатысты ұсыныстар



бет1/8
Дата20.05.2020
өлшемі469,83 Kb.
#70045
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
13-аптаның семинары (1)


Семинар № 9

Тақырыбы: Қазақ тілі емле ережелеріне қатысты ұсыныстар

Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар: Қазіргі қазақ жазуының латын графикасына ауыстыру мәселесі: ұсыныстар

Қазақ жазуының тарихында тағы бір маңызды белес тұр. Ол – графика ауыстыру науқаны. Науқан деп атауға тура ке-летін болса, расында да қазақ даласы үшін әліпби алмасты-ру әлеуметтік-саяси дәуірлердің ауысуына сай келетін немесе соны бекітетін, саяси экономикалық мәні бар, ұлт саясатының құрамдас бір бөлігі болып саналды. Бұған бүгінгі жазуымызға дейінгі дәуірлік әліпбилерімізге қарап көз жеткізуге болады. Бір қуанарлық жайт бұл мәселе бүгінде аяқасты, бір құрылтай мүшелерінің қатысуымен ғана шешіле салмай, көпшілік назары-на ұсынылып, әлеуметтік мәселеге айналуында. Бір қуанарлығы – жаңа әліпби бір ай ішінде қабылданып, (мысалы, орыс графикасына көшу 1939 жылдың 20 желтоқсанынан 1940 жылдың 15 қаңтарына дейінгі аралықта орындалды), оны қолданбағандар үкімет әліпбиін аяққа басқандар деп, жауапқа тартылатын, оны бақылау прокуратураға тапсырылатын (Ижанов З. Әліпби туралы архив не дейді // ҚӘ 7.07.00.), болмаса араб жазуынан латын жазуына көшердегідей, бір дауыстың формалды артықшылығымен (Қазақстан оқу комиссары Н. Зәлиұлы орнына қағаз жүзінде латын жазуын қолдаған артық дауыс берілген) мәселені шеше салу науқанының келмеске кеткені (Қамзабекұлы Д. Қазақ зиялыларының әліпби айтысы // ҚӘ 14.12.01.).

Міне, сондықтан әліпби ауыстыру үстірт, асығыс саясаттың араласуымен науқан түрінде өткізіліп келуі ендігі жаңа жазу – латын графикасына көшуде мәселенің экстралингвистикалық та, лингвистикалық та шарттарын өзара үйлестіре отырып қарастыруды міндеттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет