Семинар Блісбек Ақерке 136 топ Әлеуметтану Психология Этнопедагогика Физиология Философия Педагогика «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



Дата31.10.2022
өлшемі36,83 Kb.
#155766
түріСеминар
Байланысты:
семинар1 тмвр
Антибиотик


«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысы
1 семинар Блісбек Ақерке 136 топ

Әлеуметтану

Психология

Этнопедагогика

Физиология

Философия

Педагогика
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысы

Гигиена



Педагогика тарихы











«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысы

Педагогикамен байланысы

Бұл тәрбие теориясының іс жүзінде қолданылатын практикалық  саласы ретінде мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бағыттары мен принциптерін, формалары мен әдістерін анықтайды, зерттейді және тәрбиешілерге оны меңгертуде нақтылы көмек көрсетеді. Соған сәйкес тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі педагогиканың тәрбие теориясына негізделіп оқытылады.

Психологиямен байланысы

 Адамның психикалық процестерін зерттейтін ғылым саласы болғандықтан тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әртүрлі жастағы балалардың психикалық процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері танып білмей тұрып, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мұмкін емес. Сол үшін де ол психология ғылымымен өте тығыз байланыста болып келеді.

Этнопедагогикамен байланысы

Бала тәрбиесі тікелей ұлттық құндылықтарға бағытталса, оның мазмұны тәрбие жұмысын ұйымдастыруда міндетті түрде басшылыққа алынады.

Педагогика тарихымен байланысы

Әртүрлі тарихи дәуiрлердегi педагогикалық идеялар, пiкiрлер, көзқарастар мен тәрбиенiң даму тарихын зерттейтін ғылым саласы болғандықтан, сол дәуірлердегі бала тәрбиесіне қатысты озық тәжірибелермен таныса отыра, оның жетістіктерін бүгінгі таңда өзінде қарастыруды көздейді.

Әлеуметтанумен байланысы

Әлеуметтiк ортаның адамға ықпалын, адамның қоғамдағы жағдайын, әлеуметтiк мiнез-құлқын зерттейтiн ғылым ретiнде ол тәрбиеге байланысты әртүрлі әлеуметтiк құбылыстардың, ортаның мәнiн, ықпалын, заңдылықтарын жете түсінбей тұрып балалармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мүмкін емес.

Философиямен байланысы

Педагогиканың әдіснамалық негізі болып, тәрбие мен білім берудің заңдылықтарын жете ұғынуға ықпал етеді. Педагогикалық ізденіс бағыттары, білім беру мен тәрбиенің мағыналық, мақсаттылық және технологиялық сипаттарын анықтау және белгілеу негізінен философиялық көзқарастар жүйесіне байланысты болады.

Физиологиямен байланысы

Бұл тірі организмдердің механикалық, функционалдық және биологиялық қызыметтерін зерттейтін ғылым саласы болғандықтан, ол балалар мен жасөспірімдердің денесінің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын қарастырады (адам денесiнде болатын көрiнiстердi баяндайды (қан жүру, дем алу сықылды) (М.Жұмабаев). Демек, оларды білу әрбір педагог үшін балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қажетті буын болып табылады.

Гигиенамен байланысы

Бұл адам денсаулығы үшін өмір мен еңбектің қандай жағдайлары пайдалы, аурулардан қалай сақтануға, денсаулықты қалай күтуге және өмірді қалай ұзартуға болатынын түсіндіруге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет