Семинар сабақ тақырыбы: Қазақстан жолы 2050: "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"



бет1/2
Дата10.07.2017
өлшемі235,37 Kb.
#20988
түріСеминар
  1   2
Семинар сабақ тақырыбы:
Қазақстан жолы – 2050: "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"

Амирова Нұрбике Батырбекқызы - Атырау қаласы, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі



Семинар сабақтың білімділік мақсаты: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауындағы басым бағыттармен таныстыру,елімізді өркендетуге үлесін қосатын білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау.
Дамытушылық:  Жолдаумен таныса отырып, шығармашылық және дарындылық қабілеттерін шыңдай түсу.

Тәрбиелік: Келешегі кемел, болашағы жарқын мемлекетте өмір сүретіндігіне мақтаныш сезімін ояту.
Күтілетін нәтиже: Семинар қатысушыларына жолдаудың мақсат міндеттерін баяндап, белсенді жастарды тарту.
Семинардың тартымдылығы:
Жолдаудын өміршең екенін жастарға ұғындыру.
Семинар сабақтың  ғылыми маңыздылығы: Жолдаудағы бағыт бағдарлар туралы оқушылардың шығармашылық жұмыстарын таныстыру.

Таныстырылымдық шешім:
Семинар сабақты өткізу үшін мектептің мультимедия кабинеті таңдалды.

Семинар сабаққа 10-11-ші сынып оқушылары қатысты.



Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.1.Келген қонақтар мен қатысушыларды сабақ мақсаты және жоспарымен таныстыру.
“Мәңгілік ел” видео жүргізіледі.

Жүргізуші:

“Мәңгілік ел” талай тар заманды,зар заманды бастан өткерген біздің жұрт бүгінгі дәуірге жетті.Тарихты парақтасаң боласыз ба,әлде борыдай тозамыз ба деген қыл көпірден де өткен біздің жұрт. Енді ес жиды өзалдына ел болды.Бүгінгі ұрпақ мұраты сол елді біртұтас қуатты қалпы келесі ұрпақ еншісіне енгізу.

Президент осыны айтты: “Мәңгілік ел” болу жолындағы ел болып ұйысып, жұрт болып жұғысып, болашақтың ірге тасын бекіте түсу.

“Мәңгілік ел” идеясы кім-кімнің де көңілінен шыққаны даусыз.

Елбасымыз өз сөзінде “Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?”- деген болатын. Ол «Мәңгілік ел» идеясы.

«Мәңгілік ел» деп жариялаумен іс бітпек емес. Барлық буын бір кемеге бірігіп, бір мақсаттқа жұмылдырылғанда ғана нәтижесін бермек.

Елбасымыздың жыл сайынғы халқына жолдауы елін сүйсіндірген игі бастамаға айналды.Егемендік алғалы бері 18 –ші жолдауы. Биылғы жолдау несімен ерекшеленді.
Жолдаудағы 10 жаңалық. Видео

Жүргізуші: Жолдаудың бағыты мен бағдары айқын. Келешегіміздің кемел, болашағымыздың жарқын болуы үшін мына біздердің білімді, белсенді болуымыз әлбетте маңызды.

Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің 10-шы сынып оқушылары бұл жолдаудағы басым бағыттарға өз ойларын қосып, пікірлерін ортаға салды.





Армысыздар, арма ағайын! Мағжанның сенген жастары, болашақты бірге қалаушылар! Елбасымыз биылғы жолдауында Қазақстанның әлемдегi ең дамыған 30 елдiң қатарына кiру тұжырымдамасын ұсынды. Ең алдымен басым бағыттарды айқындады.

Бiрiншi. Инновациялық индустрияландыру трендiн түзеу және күшейте түсу маңызды деген. Бiзге дәстүрлi өндiрушi секторлар тиiмдiлiгiн арт­тыру маңызды. Бұлар – бiздiң бәсекедегi табиғи артықшылық­тарымыз. Бiзге мұнай-газ секторының экспорттық әлеуетiн сақтай отырып, басқару, өндiру және көмiрсутектердi өңдеудiң жаңа тәжiрибелерi керек,-деген еді елбасымыз.Бізде байлықтың бәрі бар. Бар болғаны игеру ғана. Біз елбасаның арманын жүзеге асырамыз. Мен бұл арманға сенемін.Еліміз қалыптасқалы бері көптеген істердің беті бері қарады. Кеше қалай ел боламыз деп уайымдап, ұстараның жүзіндей жұқарған қазағымның бүгінгі мәртебесі биік.
Стартегия! Иә,бұл жаһандық эканомиканың тайталасқа дайын болуы және бәсекеге қабілетті заманауи болмысты көрсету деп білемін. Елбасымыз өз жолдауында халықты игі істерге шақырды. Қазақстандағы патриотизм, тілдердің үштұғырлығы және ұлттық интервенция қарастырылды. Жалпы бұл стратегия жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның,әлемге деген жаңа көзқарасы мен саяси бағыты деп білемін.
Еліміз көк туды көкке көтеріп,олимпияда болсын тіпті басқа да сайыстарда Отанымыздың жігерлі және арыстандай айбатты екенін көрсете білуде.
Мен Отанымды жүрегіммен сүйемін. Анамның сүтімен,әкемнің айбарлығымен дарыған қасиет қой. Әрбір қазақ өз жері мен елін құрметтеп, кішкентай болсын үлесін қоса білуі міндет. Елбасымыз үлкен үміт сыйлады. Мен де отанымның өркендеп өрістеуіне үлесімді қосамын.

Тұқпатова Мейрамгүл – Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің 10 «а» сынып оқушысы. 


Ата-баба аңсаған ұлы мұрат жолы яғни осыныу тәуелсіздік деген асыл ұғымның жолында талай жан құрбан болды Қазақ аштықты да, жоқтықты да небір сұрапыл дүниені де көрді, бірақ, өмірге деген құштарлық пен азаттық аңсары-еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды. Міне, біз бүгін егеменді қазақ елінің ұландарымыз. Әлбетте, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың болашаққа, жас ұрпаққа артар сенімі мол. Бүгінде Қазақстан жаһанға аты әйгілі елдердің қатарында. Мұндай елдер қатарына қосылу жолында Елбасымыздың атқарған үлесі мол. Бұл жолдауда Қазақстанның агроөнеркәсiп кешенiн инновациялық бағытқа түсiру маңызды. Бұл – бiздiң дәстүрлi саламыз. Азық-түлiкке деген қажеттiлiк арта бередi. Бұл секторға инвестиция көбiрек салынады,- деді көшбасшымыз.



Сондай-ақ “Жасыл ел” экономикасын дамытуды басты мақсат етті. Еліміздің осындай бастамасының нәтижесінде 2050 жылы Қазақстан Еуропа елдерінен асып түсетіндей дәрежеге жетеді. Сонымен қатар адами құндылықтар артып, біз ойлағаннан да ерекше сәулетпен гүлденері сөзсіз.
2050 жыл! Қөз алдыма небір адам қолынан келмейтін ғимараттар, сонымен қатар халық саны едәуір артқан, уайым-қайғысыз ата-аналар мен бақытты балалар келеді!  Менің ойымша,сәулеті мен дәулеті келіскен қазақ елінің бағы үстем!  Елбасы салып берген дара жолдан жаңылмай, жас ұрпақ та биік белестерге жете берері сөзсіз.


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет