Курсты оқып-үйрену барысында студенттер: 1). Білуі керек: 1. Алғашқы қоғам тарихы пәні және міндеттері. Алғашқы тарихының бастау көздері. Археология, этнология және антропология деректері. Қосымша дерек көздері. Алғашқы қоғам тарихындағы дерек көздерінің маңызы. Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы. Алғашқы тұрмыстық қоғам туралы көне замандағы және ортағасырлардағы түсініктер. ХІХ ғ. алғашқы тұрмыстық қоғам туралы нақты білімдердің қорлануы және олардың жинақталуы.
Эволюциялық мектеп. Мәдени тарихи мектеп. Функционалдық мектеп. ХХ ғ. алғашқы қоғамдық археология мен палеантропология ғылымдарының дамуы. ХХ ғ. алғашқы тұрмыстық қоғамды тарихи-этнологиялық тұрғыдан реконструкциялау. Орыс және кеңестік дәуір ғалымдарының алғашқы тұрмыстық қоғам проблемаларын талдауға қосқан үлесі.
Алғашқы қоғам тарихын шежірелеу және дәуірлерге бөлу. Археологиялық, геологиялық және палеоантропологиялық дәуірлер. Тарихи-мәдени дәуір. Жалпы (тарихи-өркениеттік) кезеңдер. Кеңестік-ресейлік тарихшылардың алғашқы тұрмыстық қоғам тарихын кезеңдерге бөлуге қосқан үлесі.
Алғашқы қоғам тарихының жалпы және жекеленген мәселелерінің ғылыми түсініктемелерін талдауды үйреніп игеру.