Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары



бет33/40
Дата24.05.2023
өлшемі333,45 Kb.
#177617
түріСеминар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40
Байланысты:
1-15 апта семинар жинағы

Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп сипаттайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабырқаңқы, сылбыр жүреді.
Флегматик темпераменті. Бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды, бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор адам. Нерв процестерінің тепе - теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдайда болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.
Меланхолик темпераменті. Бұл типтің өкілдері аса сезімтал, соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын жағдайдан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қатты қорқады.
Табиғатта екі бірдей адамды, жеке тұлғаны кездестіру қиын. Әрбір адамның жеке тұлға ретінде даралық ерекшеліктері қайталанбайды. Адамдар бір-біріне ұқсас болып келуі мүмкін. Адамдардың даралық — психологиялық ерекшеліктері әртүрлі болады.
Осындай тұрақты және адамға туғаннан берілетін психологиялық қасиеттер темпераменттің қасиеті болып табылады. Демек, темпераменттің қасиеттеріне ең алдымен туа біткен және даралық-өзіндік психикалық қасиеттер жатады. Тіпті ерте кезден бастап, темпераменттің төрт түрін кездестіре аламыз: сангвиникалық, флегматикалық, холерикалық және меланхоликалық.
Темперамент туралы ілім ерте кезде пайда болған. Ертедегі грек медицинасының көрнекті өкілі Гиппократ (б.з.д. V ғ) және оның шәкірттерінің айтуынша, адам ағзасының жағдайы негізінен адам ағзасында болатын шырындардың немесе сұйық заттардың сандық арақатынасына байланысты (қан, шырын, өт). Осы сұйық заттардың араласу пропорциясы грекше "красис" деп аталады. Рим дәрігерлері жүздеген жылдар кейін жұмыс істеген бұл ұғымды латынша temperamentum деп атады, кейін келіп "темперамент" термині шықты. Белгілі адам анатомы және дәрігері б.з.д. II ғ. өмір сүрген Гален алғаш рет темпераментті жан-жақты жіктей отырып, сипаттама берді. Ол темпераменттің санын 13-ке дейін жеткізді. Кейіннен бұл темпераменттің саны төртеуге дейін жинақталды. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұйық заттың басымдығына қарай сипатталды.
Ағзада сұйық заттардың бірігуінде қанның пропорциясы басым болса, сангвиникалық темперамент деп аталды (латын сөзі "сангвик" - қан); сұйық заттардың бірігуінде шырынның пропорциясы басым болса, флегматикалык темперамент деп аталады (грек сөзі "флегма" — сөл); сары өттің пропорциясы басым болса, холерикалық темперамент деп аталады (грек сөзі "холэ"-сары өт); қара өттің пропорциясы басым болса, меланхоликалық темперамент деп аталады (грек сөзі "мелайна холэ" - қара өт).
Біздер күнделікті жағдайда үлкендер мен балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін бақылай отырып, сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап беруі; көңіл-күйінің өзгеруі; сезіміндегі болатын өзгерістерден әрбір адамның жеке тұлға ретінде ерекше даралық ерекшеліктеріне көңіл аударуға болады. Бір адам тез әрекетке енетін шапшаң, өте қозғалғыш, сезімі тез өзгеріске ұшырайды. Жұмыста, еңбекте, оқуда және ойында белсенді. Кейбіреулері, керісінше, салмақты, сабырлы, өте баяу әрекетке енеді, сезімдері әлсіз, сырттай байқалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет