Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары


апта. Тақырыбы: Іс-әрекет пен қарым-қатынастағы жеке тұлға



бет4/26
Дата18.02.2023
өлшемі282,73 Kb.
#169282
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Оқу әдістемелік нұсқаулық (семинар) (2) (1)

3 апта. Тақырыбы: Іс-әрекет пен қарым-қатынастағы жеке тұлға
Жоспар:
1. Іс-әрекетте жеке тұлғаның дамуы: белсенділік, кәсіби және тұлғалық қасиеттердің дамуы
2. Қарым-қатынас және жеке тұлға
3. Қарым-қатынастың қызметі мен құрылымы
4. Қарым-қатынастың әлеуметтік жақтары: интеракция, перцепция, коммуникация.

Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекет бұл- әлеуметтік категория, өйткені ол адамның өмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі арақатынас бар. Бір жағынан, психика іс-әрекетте қалыптасады және көрініс танытады, екінші жағынан – психика іс-әрекетті реттеп отырады.


Іс-әрекеттің түрлері:
1. Ойын –баланың үлкен адам дүниесін бейнелеу, айналадағы дүниені тану жолы болып табылады. (сюжеттік-рольдік, конструктивтік, дидактикалық ойындар болады).
2. Оқу – еңбек әрекеттерін орындауға қажетті білімді, дағдыны және білгірлікті жүйелі игеру процесі.
3.Еңбек- адамдардың материалдық және рухани қажеттілігін қанағатандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет.
Іс-әрекеттің құрылымы. Іс-әрекет – бұл қоршаған ортаға белсенді қатынастың түрі, ол арқылы оны қоршаған адам мен дүниенің байланысы қалыптасады. Іс-әрекет арқылы адам табиғатқа , заттар мен құбылыстарға , басқа адамдарға әсер етеді. Іс-әрекетте өзінің ішкі қасиеттерін іске асыра отырып, ол заттарға субьект ретінде, ал адамдарға жеке тұлға ретінде қызмет атқарады. Заттар мен құбылыстар обьект ретінде іске асса , ал адамдар - жеке тұлға қызметін атқарады. Іс-әрекеттің құрамды бөлігі , жекелеген қызметі әрекет деп аталады. Адам әрекеті көп жағдайда саналы болады. Олар белгілі түрткілер бойынша іске асады және белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Әрекеттер сананың бақылауында болып отырады.
Әрекет толық саналы болып бөлінеді, онда алдына саналы мақсат қойылады, қозғалыстың тәртібі және бірізділігі белгіленеді және әрекеттің белгілі нәтижелері алдын-ала айқындалады.
Әрекет толық саналы болмауы мүмкін, онда мақсат, қозғалыс бірізділігі және бақылау жеткіліксіз саналы болуы мүмкін.
Икемділік, дағды және әдет. Икемділік – бұл білімді практикалық іс әрекетте қолданудың бекітілген тәсілі.
Қоршаған ортаны, табиғат пен қоғам заңдарын тани отырып, адам білімді меңгереді.Адамзат қоғамының дамуымен адамдардың білімі жетілдіріледі және өзгереді.Білім ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Кейінгі ұрпақ өзінен бұрынғы аға ұрпақтың қалдырған білімін мұрагерлікке алады,оны меңгереді.Меңгеру стихиялы түрде немесе оқытудың көмегімен іске асады.
Алған білімін адам оны өмірде, іс-әрекетінің тәжірибесінде қолдануға әрекет жасайды.Білімнің негізінде икемділік қалыптасады, білім тәжірибеде пайдаланылады.білім мен икемділік күрделі бағыныштылықта болады.Шәкірттер икемділікті меңгеру үшін санай, жаза, оқи білуі қажет, демек, оның білімі болу керек, оны қалай істеу керектігін білуі қажет. Білім алғаннан кейін, оны практикалық іс-әрекетте қолдануға үйренеді, онда икемділік қалыптасады. Жаттығулар үрдісінде, практикалық іс-әрекет барысында икемділіктер жетілдіреді, осыған байланысты іс әрекет те жетіледі.
Бірақ, білімі болғанмен, шәкір икемділіктерді меңгермеген болуы мүмкін.Мәселен, шәкірт қазақ тілінен грамматикалық ережелерді білу жеткіліксіз. Жаза бастағаннан шәкірт қате жібереді, ережелерді практикалық қызметке пайдалана білмейді. Икемділік тәжірибеде жаттығулар арқылы қалыптасады. Ұзақ мерзімді қажет етеді.Ол уақыт өткеннен кейін, өз бетімен жұмыс істей отырып,грамматикалық ережелерді қатесіз қолдана алады, демек, өз білімін тәжірибеде қолдана біледі.
Адамның негізгі іс- әрекет түрлері. Адамда әр-түрлі іс-әрекеттің пайда болуы мен дамуы күрделі де ұзақ үрдіс болып табылады.
Генетикалық бір-бірін ауыстырып отыратын және барлық өмір жолы барысында ғұмыр кешетін іс-әрекеттің 3
Түрі кездеседі: оқу, ойын, еңбек. Олар түпкі нәтижелері, ұйымдастыру бойынша түрткі (мотивация) ерекшеліктеріне бөлінеді. Баланың белсенділігі тек қана бірте-бірте даму барысында тәрбиелік ықпалдардың әсерімен саналы мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің түрлері арқылы аңғарылады.Өмірінің алғашқы жылдарында балада іс-әрекеттің қарапайым түрлерін меңгеру үшін алғы шарттар қалыптасады.Олардың ішінде алғашқысы ойын- өмірдің тамаша құбылыстарының бірі, бір қарағанда пайдасыз іс-әрекет сияқты көрінгенмен,аса қажетті.Ойын психология үшін өте маңызды және қиын проблема болып табылады. Психологияда балалар ойынының әртүрлі теориялары баршылық.
Ойын дегеніміз не. Бұл ең алдымен ойланылған іс-әрекет, басқаша айтқанда –түрткілердің бірлігімен ұйымдасқан, ойластырылған әрекеттердің жиынтығы.Демек,ойын іс-әрекет ретінде жеке тұлғаның қоршаған ортаға белгілі қатынасының көрінісі болып табылады. Мәселен, С.Л.Рубинштейннің айтуынша, ойын іс-әрекеттің туындысы, ол арқылы адам дүниені өзгертеді. Ойында алғаш рет баланың дүниеге әсер ету қабілеттілігі қалыптасады және байқалады, міне, ойынның негізгі, басты және жалпы мәні осында. Ойынның еңбекпен жалпы ортақтығы және оның айырмашылығы ең алдымен олардың түткілерінің ерекшелігінде.
Ойын іс-әрекеті мен еңбек әрекетінің арасындағы негізгі айырмашылық өз іс-әрекетіне басқаша қатынасына байланысты.
Баланың мектепке келуі және ол үшін оқу іс-әрекетіне енуіне қарамастан,бала ойынын тоқтатпайды.Дұрыс ұйымдасқан ойын бұрынғыша шәкірттің жағымды қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал етеді, ұжымды ұйымдастыруға, оны топтастыруға көмектеседі, достық және жолдастық сезімдерді тәрбиелейді.
Қарым-қатынас туралы түсінік. Қарым-қатынас бұл - тіл арқылы пікір алмасу. Тіл дегеніміз – адам қоғамының рухани өмірінде объективті өмір сүретін құбылыс. Тіл қарым-қатынас қызметін атқаратын белгілер жүйесі және ой қаруы болып саналады. Сөйлеу дегеніміз –тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Психологияда сөйлеуді сыртқы және ішкі деп екі формаға бөледі. Сыртқы сөйлеудің құрамына ауызша сөйлеу (диалогты және монологты) және жазбаша сөйлеу кіреді.
Сөйлеудің ең байырғы түрі- ауызша диалогтық сөйлеу. Диалог дегеніміз- екі немесе бірнеше адамның тікелей қарым-қатынас жасауы.
Монолог дегеніміз- бір адамның өз ойын, білімін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы.
Іштей сөйлеу – адамның өзімен-өзі сөйлесуі.Іштей сөйлеуде ой ағымы болады, әлдебір шешім туындап, әрекет жоспарланады. Іштей сөйлеу сыртқы сөйлеу негізінде қалыптасады.
Қарым-қатынастың құрылымы: коммуникативтік, перцептивтік және интерактивтік.
Коммуникативтік жағы – мәліметтермен алмасу.
Перцептитік жағы – адамдардың бірін-бірі қабылдауы.
Интерактивтік жағы- адамдардың бір-бірімен араласуы.
Қарым-қатынастың түрлері:
1.Жеке бастық қарым-қатынас – достық, жолдастық, жақындық қатынастарды білдіреді.
2.Ресми қарым-қатынас – басшы мен оның қарамағындағылардың қарым-қатынасы.
3.Көпшіліктік қарым-қатынас – көпшілікпен араласу (мейрам, митинг және т.б.)
Қарым-қатынастың деңгейлері:
1.Макродеңгей –ең құнды қарым-қатынастар;
2.Мезодеңгей – бір немесе бірнеше рет деңгейдегі қарым-қатынас;
3.Микродеңгей- сәлемдесу, көз қысу, мимика және т.б.
Ең алдымен адамның даралық әрекеті негізінде қарым-қатынастың атқаратын қызметтері туралы қысқаша айтуды жөн көрдік. Бұл қызметтер жан-жақты, бірақ негізінен қызметтердің үш түрін атап көрсетуге болады: ақпараттық-коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік және эффектілік-коммуникативтік. Осының негізінде қарым-қатынастың үш жағын бөліп қарастырады: ақпарат алмасу, жеке тұлға аралық өзара әрекет және адамдардың бір-бірін түсінуі. Қарым-қатынастағы ақпарат алмасу әрекеті туралы айтқанда, қарым-қатынастың коммуникативтік жағы деп түсінеді. Сөздің тар мағынасында коммуникация туралы айтқанда, ең алдымен адамдар бірлескен іс-әрекеттің барысында өзара әртүрлі елестетулермен, идеялармен, қызығулармен, көңіл-күйлермен және т.б. пікір алысады. Осының бәрін ақпарат ретінде қарастыруға болады.
Сондықтан да қарым-қатынастың коммуникативтік жағын қарастыруға ақпарат теориясы кейбір ережелерінің қолдану мүмкіншіліктерін жоққа шығармай, міндетті түрде негізгі мәселелерге мән беру қажет.
Коммуникативтік үрдісте тек қана ақпарат қозғалысы іске асып қоймайды, сонымен қатар белсенді ақпарат алмасу жүреді. Қарым-қатынастың әрбір қатысушысы үшін ақпараттың мәні ерекше рөл атқарады, ақпаратты тек қана қабылдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар түсінікті болуы керек.
Екіншіден, адамдар арасында ақпаратты алмасу сипаты белгілер жүйесі арқылы бір-біріне ықпал етуі мүмкін. Басқаша айтқанда, осындай ақпарат алмасу міндетті түрде әріптесіне әсер етеді. Коммуникативтік әсер ету бір адамның екінші адамға психологиялық әсері болып табылады.
Үшіншіден, ақпаратты алмасу нәтижесі ретінде коммуникативтік ықпал сол уақытта мүмкін болады, егер қарым-қатынастың екі қатысушысы қабылдаудың бірыңғай жүйесін меңгергенде.
Төртіншіден, адамзат коммуникациясы жағдайында әлеуметтік және психологиялық сипаттағы ерекшелігі бар коммуникативтік кедергілер пайда болуы мүмкін. Бір жағынан, осындай кедергілер қарым-қатынас туралы бірыңғай түсініктің жоқтығынан, екінші жағынан, кедергілер негізінен таза психологиялық сипатта болуы мүмкін.
Кез-келген ақпаратты беру белгілер арқылы болуы мүмкін, дәлірек айтқанда — белгілер жүйесі. Вербалдік және вербалдік емес коммуникация деп бөледі, бірақ соңғысын тағы да бірнеше түрлерге бөледі: кинестетика, паралингвистика, проксемика, визуалдық қарым-қатынас. Олардың әрқайсысы өзінің жеке меншік белгілер жүйесін құрайды.
Психология ғылымы жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үш деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Жеке адамаралық қарым-қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен , көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылданған:
1) конъюктивті – адамдарды жақандататын, біріктіретін, бірлескен іс-әрекетке итермелейтін сезімдер;
2) дизъюнктивті – адамдарды бір-бірінен аластататын, біллескен іс-әрекеттен қашқақтататын сезімдер.
Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж. Морено (1958) ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады. Социометрия негізінде нақты іс-ірекет кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын (жақтыру, жақтырмау) анықтауға болады. Дегенмен , топты толық зерттеу үшін тек социометрия әдісі жеткіліксіз болып табылады.Кеңестік психологияда қарым-қатынасты бір жағынан, іс-ірекеттің бір түрі , екіншіден, іс-әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғымда қолдану басым.Қарым-қатынастың іс-әрекетке кіріктірілуі оған қатысышылардың әрекеттерін «үйлестіріп» немесе «үйлестірмей» іске асырады. Мұндай үйлетірушілік қарым-қатынастың ерекше әсер етушілік функциясымен байланысты. Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбінесе оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) – қарым-қатынасқа түсішушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы.Интерактивті жағы –қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекетесуін ұйымдастыру, яғни білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік) . Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.Перцептивті жағы – қарым-қатынасқа үсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі) , соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы.Сонымен қатар, жеке адамаралық қарым-қатынас: императивті, манипулятивті және диалог болып бөлінеді. Императивті қарым-қатынас – авторитарлы, директивті (өктем) түрде қарым-қатынасқа түсушіге жасалынатын әсер. Бұл жағдайда қарым-қатынас партнері — әсер етілетін объект, «пассивті» обхект болып есептелінеді.Көптеген іс-әрекетте, мәселен, әскери өмірде, кейбір шытырман, қиы-қыстау жағдайларда осындай қарым-қатынас қажет.Мұндай қарым-қатынастың орынсыз, этикаға сыймайтын кездері де болады. өте жақыфн адамдар арасында, тәрбиелік, педагогикалық, т.б. қарым-қатынастарда.
Манипуляция –қарым-қатынас партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен , достық, жолдастық, сүіспеншілік саласында орынсыз. Императивті және манипулятивті қарым-қатынасты біріктіріп, монологтық қарым-қатынас деп сипаттауға болады.А.А.Ухтомскийдің айтуынша, адам өз маңайындағыларды басқа адам емес, өзінің «сыңарлары» деп қабылдайды. Өзіне деген бағдардан басқа адамға деген бағдарға көшетін қарым-қатынас түрі – диалогты қарым-қатынас.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Тәжібаев Т.Т. Жалпы психология. Алматы, «Қазақ университеті», 1993.
2. Аймауытов Ж. Психология, 1995.
3. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы, Білім, 2005.
4. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы, «Эверо», 2005.
5. Джакупов С.М. Психология позновательной деятельности. Алма-Ата, 1992г.
6. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002.
7.Жақыпов С., Бердібаева С. Психологиялық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу тәсілдері. Алматы, 1998.
8. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы, 1992.
9. Сейтәлиев Қ. Жалпы психология. Алматы, Білім, 2007.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет