Топ:СИБк-20-6
Орындаған:Мекембай М.
Қабылдаған:Төленова З.
Тақырып: Қазақстандағы кеңестік биліктің әлеуметтік- экономикалық және саяси өзгерістерінің ерекшеліктері
1.Ресейдегі ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері.
2.Алаш автономиясымен мен Қоқан автономиясының құрылуы және қызметтері.
3Тұтас Түркістан идеясының жеңіліс табуы. Т.Рысқұлов пен М.Сұлтанғалиев. Ұлттық автономиядан таптық автономияға Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы.
Әдістемелік нұсқаулар:
Бірінші мәселе бойынша:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақ даласына тигізген зардабын айта отырып, Ресейдегі дағдарыстың себептеріне тоқталыңыз.
- 1917 жылғы ақпан революциясының әсерімен болған Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістерді баяндайсыз;
- Ақпан революциясынан кейінгі бағыт алған қос биліктің орнауының мәнін түсіндіріңіз.
Екінші мәселе бойынша:
- 1917 жылғы ұлт мүддесін ту еткен бірінші және екінші жалпықазақ съезінің басты шешімдері мен маңыздылығына тоқталыңыз;
- Түркістан (Қоқан) автономиясы мен Алаш автономиясының құрылуына қандай оқиғалар түрткі болғанын баяндау барысында сәтсіздіктері, жеңілу себептері мен болашағына талдау жасаңыз.
Үшінші мәселе бойынша:
- «Т. Рысқұловшілдік», «М. Сұлтанғалиевшілдік», «Түрікшілдік» деп айдар тағылған Шығыс халықтарының ұлттық коммунизмнің жетекшілері: татар Мирсаид Сұлтанғалиев пен Тұрар Рысқұловтың түрік халықтарын біріктіру идеясының мазмұны мен мақсаты неде деп ойлайсыз;
- Т. Рысқұловтың Түркістан Түркі Коммунистік партиясы мен Орта Азия Түркі Социалистік Республикасын құру туралы идеясы мен саяси іс- қимылын анықтау арқылы большевиктер тарапына неге қолдауға ие болмағандығын айтыңыз;
- 1919 жылы 10 шілдеде «Қазақ өлкесін басқару жөнінде революциялық комитет туралы» шешімнің қабылдануы, 1920 жылы 26 тамызда Ленин мен Калинин қол қойған «Қырғыз (қазақ) АКСР құру тұралы» декрет негізінде кеңестік таптық мемлекет құрылды. Бұл қазақ мемлекетінің жаңғыруындағы күрделі кезеңдер және маңызды оқиға екенін айқындап, 1925 жылы 15 сәуірде Ақмешітте өткен Қазақ АКСР кеңестерінің V съезіндегі маңызды шешімдерді қорытындылау керек.
Бақылау сұрақтар:
1) 1917 жылғы ақпан төңкерісі Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне қандай өзгерістер әкелді?
2) Кеңес өкіметінің Алаш ұлттық автономиясы мен Қоқан автономиясына қатысты ұстанған саясатын сипаттаңыз.
3) «Түркі социалистік мемлекетін құрушылардың» тағдыры немен аяқталды?
Бақылау жауаптары:
1.Бірінші Дүннежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды.Әйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен жағдайда кірісті. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Бірінші Дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Erіс көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі — жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеліп соқты. Мал санының қысқаруы, ең алдымен, қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкін емес еді.Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. 1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды. Онда:“Азаматтар! Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мүшелері астана жұртшылығы мен әскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында қазіргі уақытта ескі режимнің қара күштеріне қарағанда анағұрым табысқа жетіп отыр. Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін құруға мүмкіндіктер туғызды. Осы мақсатта Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті бұрынғы қоғамдық-саяси қызметімен көзге түскен өкілдерден құрылған алғашқы кабинеттің министрлерін тағайындады”, - деп князь Г.Е.Львов басқаратын кабинеттің министрлері көрсетілді. Бұл кабинет өз қызметінде:
1) саяси, діни, қарулы көтеріліс және т.б. істер бойынша амнистия жариялауды;
2) сөз және баспасөз бостандығын жария етуді;
3) ұлттық, діни және сословиялық шектеушіліктерді жоюды;
4) елді басқару формасын, конституциясын айқындайтын жалпыға бірдей жабық, тікелей дауыс беру арқылы сайланатын Құрылтай жиналысына тоқтаусыз дайындық жүргізуді;
5) полицияны милициямен алмастырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бағындыруды және т.б. демократиялық негіздерді басшылыққа алатынын мәлімдеді. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: "…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды.
2.Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап съезд бір ауыздан қаулы қылады:Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға негізделді.Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады.Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады: “ осы күнде мемлекет ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін ешбір тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс ”.Сонымен, съезд Алаш автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдады. Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған, 2-жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай деп тебірене жазды: “... желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді.
Достарыңызбен бөлісу: |