семинар. Тақырыбы: Мәдениетаралық коммуникацияның даму тенденциялары.
Мақсаты: Әдеби-эстетикалық ойлардың пайда болу, даму, қалыптасу кезеңдері туралы алған мәліметтерді өз ізденістерімен толықтыру, бекіту. Әдебиет теориясына қатысты маңызды еңбектерге шолу жасату, маңыздылығын ұғыну.
Талданатын мәселелер мен күтілетін нәтижелер:
Ерте кезең мен орта ғасыр және қайта өрлеу дәуіріндегі эстетикалық ой-пікірлерді талқылау, өкілдері туралы білу.
Көне грек ойшылдарының әдемілік туралы ой-пікірлерінің маңыздылығына ден қою.
Орта ғасырдағы философиялық–эстетикалық ойлардың ерекшелігін салыстыра талдау.
Әл-Фарабидің “Поэзия өнері туралы» трактаттарындағы поэзия туралы байыптауларын таратып айту.
Ағарту мен классика ғасырындағы мәдениет пен эстетикалық ой-пікірлердің артықшылықтары мен жетістіктерін салыстыра талдап айту.
Әдебиет теориясына қатысты маңызды еңбектерді талдап, маңыздылығын ұғыну.
семинар. Тақырыбы: Тіл – мәдениетаралық коммуникация құралы. Мәдениетаралық коммуникация қарым-қатынас ретінде. Әдебиеттанудағы ғылыми мектептер. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
Мақсаты: Орыс демократтары мен қазақ демократ-ағартушыларының әдеби-эстетикалық көзқарастары мен пікірлері туралы мағлұматтарды өз ізденістерімен толықтыру, бекіту. Әдебиеттің халықтығы, ұлттық, интернационалдық сипаты жайлы түсініктерді ұғыну, көркем шығармалар арқылы дәлелдеу.