Семинар-тренинг «Жақсы әкесіз жақсы тәрбие болмайды»



Дата19.10.2019
өлшемі31,4 Kb.
#50275
түріСеминар
Байланысты:
әкелер конферен
ата-ана сауалнама, ата анага ойын, тренинг, тренинг, Ең мықты отбасы-2020, тренинг, ұстаздар күніне тақпақ, 29 сабақ.Метр, 28 сабақ.Өлшеу құралдары, 28 сабақ.Өлшеу құралдары, 30 сабақ.Центнер, 30 сабақ.Центнер, 9 сынып кунделик сырты, динамометр
«Әке- жауапты лауазым» семинар-тренинг

«Жақсы әкесіз жақсы тәрбие болмайды»

Н.М.Карамзин

Мақсаты:ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

Семинар-тренинг бағдарламасы:

Психолог:

-Қайырлы күн ,құрметті әкелер! Бүгінгі кездесуіміз нәтижелі болады деген пікірдемін.

Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасынан алады. Бала әке өмірінің жалғасы. Баланың қоршаған ортаға көзқарасын туғызып, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу әкенің міндеті. «Жақсы әке балаға өмірлік азық, жақсы ұл әулетке өмірлік қазық »-деген. Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі ата-анасысының қасын да өтеді. Ал сіздердің ата-ана ретінде үш рет мектепке баратындарыңызды естең шығармаңыздар. Бірінші рет-өзіңіз, екінші рет-балаңыз, үшінші рет немереңіз барады. Ендеше бүгінгі отырған әкелерге әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпін.



«Жіп орамасы» тренингі

Мақсаты: әкелерді дискуссияға белсене қатысуға шақыру, өз ойларын айтуға жаттықтыру.

Нұсқау: мына жіпті өздеріңізге қалауларыңыз бойынша үзіп алыңыз, енді осы жіпті саусақтарыңызға орай отырып, жіп таусылғанша өзіңіз, өз отбасыңыз, балаңыз, бала тәрбиесі жөнінде айтуыңыз керек.

Ұлы педагог В.А. Сухомлинский айтқандай: «Көптеген мамандықтар, кәсіптер бар: біреуі темір жолын салады, екіншісі үй салады, үшіншісі егін өсіреді, төртіншісі адам емдейді, бесіншісі киім тігеді... Бірақ ең универсалды, ең қиын және қайырымды жұмыс бар, бәріне ортақ әр жанұяда адамды қалыптастыру. Кез келген қызметкерді-күзетшіден министрге дейін немесе одан да қабілетті қызметкерге айырбастауға болады. Ал әкені сондай жақсы әкеге айырбастау мүмкін емес»

«Әке 1 сағат уақытынды сатып алайыңшы» видеролигін көрсету.

Бұған дәлел ретінде жаңа ғана залда жүрген балаларыңыз. Көңіл-күйлері көтеріңкі, «Мынау менің әкем қарашы, ал мынау менікі» деген сөздерді естідік.

1.Ұл бала мен қыз баланың мінез қасиеттері 6 жасқа дейін қалыптасады. Осы кезде әке қызға да, ұлға да жетекші рөлін атқарады. Жақсы әке әрқашан қызын мақтан тұту керек, «Қызым менің әдемі, қызым менің кімге ұқсаған» деген сөздер айтса, қызы өз сыртқы келбетіне қысымсыз қарайды. Әке бейнесі, әдеттегідей қыз өзін өмірлік жұбын іздестірген кезде қатты әсер етеді: Саналы, санасыз түрде таңдаған адамды әкесімен салыстырады, егерде ол бала бақытты жанұяда өссе. Мысалы:егерде әкесі жанұяда ақша тапса, сонда қыз бала өзін отбасын асырайтын жігітті іздейді. Ал ер бала біреулерге еліктеу арқылы қалыптасады.Ол өзіңе ұнамайтын адамнан ешқашанда үлгі алмайды. Суық мінезді әкелердің балалары көбінесе ұялшақ болады. Басқа ортамен араласқанда өзін ыңғайсыз сезінеді. Сондықтан олар аналарына жақын бола бастайды. Анасының қызығушылықтары мен мәнерлерін қабылдап алады.

Әке баласымен әрдайым сөйлесу керек. Сонда бала өзін ешкімге керек емес екендігін сезінеді.Тіпті қолы мүлдем босамайтын әкелер демалыс күнінің тең жартысын баласына арнау керек.



«Ауызша волейбол» тренингі

Нұсқау: Ата-аналарға доп лақтыру арқылы қызықты сұрақтар қойылады, ата-аналар жауабын тез айтып допты кері қайтарады.

Сұрақтар:



  1. Балаңыздың туған күні?

  2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

  3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

  4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

  5. Кеше сабақтан қандай баға алды?

  6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

  7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

  8. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

  9. Балаңызға қандай еркелететін сөздер айтасыз?

  10. Балаңыз сізді ренжіткенде қандай сөз бірінші ауызыңызға түседі?

  11. Балаңыздың арманы?

  12. Балаңызға жаңа жылда не сыйлайсыз?

Ситуациялық сұрақтар:

  1. Бір күні балаңыз таяқ жеп келді. Сіздің әрекетіңіз қандай?

  2. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс -әрекетіне көңілі толмайды: «Сен істей алмайсың, қолынан түк келмейді»- әрекетіне қалай қарайсыз?

  3. Балаңыз сабақтан «екілік» бағасын алып, үйге жылап кірді. Сіздің әрекетіңіз қандай?

Тыныштық сәті.

Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып-тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз. Сіз өте жайлы , тып-тыныш, сіз тек менің дауысымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда орман, көз алдыңызға елестетіңізші, яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба, оны өзіңіз таңдайсыз...

Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз, келе жатырсыз, алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз, сол жол кең бе, әлді тар ма, оны өзіңіз таңдайсыз.

Келе жатырсыз, алдыңызда әмиян жатыр, ол әмиянды аласыз ба, аламайсыз ба, оны өзіңіз білесіз.

Келе жатырсыз , алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе, оны өзіңіз білесіз. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе әлде қашып өтесіз бе, оны да өзіңіз шешіңіз.

Сіз әлі келе жатырсыз алдыңызда үлкен үй тұр. Ол үйге кірдіңіз бе әлде айналып өттіңіз бе, өзіңіз біліңіз.

Келе жатырсыз алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба әлде айналып өтіп кетесіз бе, өзіңіз шешіңіз

Енді алдыңыздан өзен көресіз, ол өзен жай толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма , оны да өзіңіз таңдайсыз.

Қорытынды:

Орман ол сіздің проблемаңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, сіздің проблемаларыңыз да сирек, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз, проблемаларын қиын, оны шешуге қиналып жүрсіз.

Жол-кең жол ол сіздің кеңдігіңіз, ашық мінезіңіз,қолыңыздағын аямай беруге дайын адамсыз. Тар жол- ол сіздің тарлығыңыз.

Әмиян-ол сіздің ақшаңыз, сіз әмиянды алсаңыз алдағы уақытта сіздің ақшаңыз көп болады. Егерде алмасаңыз қаржы жағынан қысыласыз.

Қақпа- қиындықтан өтуіңіз. Қақпаны ашсаңыз- кез- келген қиындықтан жай өтесіз. Бірақ төзімдісіз. Ал секіріп өтсеңіз- қиыншылықтан қиналмайсыз, күліп-ойнап жүретін адамдар қатарына жатасыз. Егерде айналып өтсеңіз- қиыншылықтан үнемі қашып жүресіз.

Үй – ол өзіңіздің жанұяңыз, үйге кіру сол үйдің қамын ойлаушысыз, кірмеу- үй шаруасына жоқ адамсыз.

Жылқы – аттың қасына жақындасаңыз , сіз бақытты адамсыз, айналып өтсеңіз, өмірге қанағат етпей жүрсіз.

Өзен- ол сіздің мінезіңіз. Жай болса-мінезіңіз жайлы, шулап, тасып жатса сіздің мінезіңіздің қаттылығы деп білесіз.



«Әке- жағымды тәртіптің үлгісі, әке-ол баланың қорғаны, әке ол-дос, әке ол- мұғалім, кез- келген заттан ешкім жасай алмайтын нәрсені ойлап тауып беретін жан»- дей отыра сіздердің алдарыңызда тұрған фольгадан балаңызға ойыншық жасап бересіз.

Бақ сыйлар балғын бала шағымызда

Ақ папа сіз биік нарымызда

Әкешім 100 жасаңыз, күліп-ойнап,

Аяулы анамызбен жанымызда-дей келе балаңыздың ыстық тілегін, өнерін тамашалап , сыйлығын қабыл алыңыздар!

Рефлексия: «Алма ағашы» жаттығуы. Әкелер бүгінгі семинар –тренингтен алған әсерімен бөлісіп, алма ағашына жемістерін жапсырады.
Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебінде 29 қараша 2016 жылы мектебіміздің педагог-психологы Ж.Е.Карсыбекова «Әке-лауазымды тұлға» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларының әкелеріне арналған семинар-тренинг өткізді. Бұл семинардың мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.Әкелер «Жіп орамасы» жаттығуы арқылы өзін, отбасын, баласын, бала тәрбиесі туралы айтты. «Әке 1 сағат уақытыңды сатып алайыңшы» видеролигі көрсетілді. Ситуациялық сұрақтар қойылды. Мектебіміздің директоры С.С.Карамурзин әкелермен бірігіп жағдаяттан шығу жолын айтып кетті. Әкелерге қызықты сұрақтар қойылу арқылы, баласын қаншалықты деңгейде танитыны анықталды. Семинар соңында оқушылар әкелеріне арнап өнерлерін

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет