Семинарды тындаушылар саны: 18 Мерзімі: 23. 11. 2015 Мұғалім: Куталиева Канағат



Дата17.02.2017
өлшемі41,87 Kb.
#9487
түріСеминар
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары
Мектеп: Нұржау жалпы орта мектеп

Семинарды тындаушылар саны: 18

Мерзімі: 23.11.2015

Мұғалім: Куталиева Канағат

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы:

Рухани-адамгершілік білім беру педагогикалық үдеріс.


Мақсаты:«Өзін-өзі тану»пәні рухани адамгершілік білім мен тәрбие берудегі мұғалімнің ролін жете түсіндіру

Міндеттері: Білімділігі:Мұғалімге оқушы бойындағы рухани бастаудың көзі жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару керектігін түсіндіру

Дамтушылығы: Мұғалімнің оқушының ішкі жан тыныштығын ашуға бағыт беру.

Тәрбиелілігі: Мұғалімді ар-ұжданымен өмір сүретін, жағымды ойлайтын, өз борышын сезінетін, білім мен тәжірбиесін бала тәрбиесімен ұштастыруға тәрбиелеу.


Ресурстары:

(материалдары,көздері)



Семинардың жүру барысы:Ұйымдастыру бөлімі

Тыныштық сәті. /нұрға бөлену/

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Жоспар (жоспардың әрбір пунктін 3-5сөйлеммен ашу)

1.Мұғалімнің бойындағы асыл қасиеттермен құндылықтар.

Рухани адамгершілік білім беру педагогикалық үдеріс.Рухани адамгершілік білімнің маңыздылығы туралы Ш.Құдайбердіұлы кезінде ғалымдарға «ар-ұждан ілімін» әзірлеп оны барлық білім беру ұйымдарына міндетті пән ретінде енгізуге ұсыныс етсе,міне арманы жүзеге асты.Қазақстанның барлық мектептерінде өткізілетін өзін-өзі тану сабақтары ар-ұждан сабақтары.

2.Мұғалім қоғамға үлгі. Өзін-өзі тану пәні рухани адамгершілік біліммен тәрбие беруде мұғалімнің рөлі ерекше.Мұғалімдер кез-келген қоғамда жоғары сұранысқа ие,әлеуметтік ортаны қалыптастыру мұғалімнің қолында.Баланың бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды жарыққа шығарушы.Болашақ ұрпақты даярлайды «Адам»тәрбиелейді



3 Жанды білім немесе «Өзін-өзі тану» пәні және басқа пәндердің интеграциясы,сабақ құрылым үлгісі .Ұлы педагог шабыттандырушы Ш.А.Аманошвили осы сұраққа былай деп жауап береді. Жансыз білім дегеніміз мектеп табалдырығын аттамай жатып қалып қоятын, қызықтайтын білім Ал жанды білім әр баланы нұрландырады,шабыттандырады рухтандырып ойын жетелеп өмірді жаңаша құруға жетелейді. Мұғалімнің дүниетанымдық ұстанымы интерацияның барлық әдістемесінің негізі.Сабақ құрылымының үлгісі. Оқумен тәрбие негізінде 5 жалпыадамзаттық құндылықты оқушы бойына сіңіру

Әңгімелеу: «Звездочка на земле» бейнефильм

Топтық іс әрекет

1.Бейнефильм сізге қалай әсер етті

2.Бейнефильмнен өзімнің бейнемді көре алдым ба?

3. Қай ұстаздың еңбегін бағалар едіңіз?

4. Ишан сияқты бала өз сыныбыңда барма? Өзіңнің іс-әрекетіңді ортаға сал




Шығармашылық жұмыс.

«Қылқалам сөйлейді» баяу музыка арқылы кестіні жалғастыра сурет салып,қорғау.



Ән тыңдау

« Көңілді күн»

1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

Сенің думан тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

Қ-сы:


Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!


2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

Есігіңнен мен кіріп келгенімде

Қуандың ау балаша мені көріп.

Қ-сы:

Бүгін қандай тамаша



Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!


Талдау

Үй тапсырмасы.

«Звездочка на земле» фильмінен кейінгі өзіңнің ішкі әлемің эссе жазып келу.


Жиналыстың қорытынды сәті.

Соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен жіберіледі.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет