Септіктер
Септік/Падеж
|
Жалғаулар/ Окончания
|
Соңғы дыбыс/ Конечный звук
|
Мысалдар/ Примеры
|
Атау
Кім? Не?
Кто? Что?
|
-
|
-
|
Қыз, қонақ, кесе
|
Ілік
Кімнің? Ненің?
Кого? Чего? Чей?
|
-дың, -дің
|
ж, з, и, й, р, л, у, ю
|
Қыздың
|
-тың, -тің
|
б, в, г, д, п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш
|
Қонақтың
|
-ның, -нің
|
дауысты/гласные, м, н, ң
|
Кесенің
|
Барыс
Кімге? Неге? Қайда?
|
-га, -ге
|
дауысты, ж, з
|
Қызға
|
-қа, -ке
|
б, в, г, д, п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш
|
Қонаққа
|
-на, -не
|
тәуелдік жалғау, ІІІ/ притяжательная форма, ІІІ
|
Кесесіне
|
-а, -е
|
тәуелдік жалғау, І, ІІ/ притяжательная форма, І, ІІ
|
Кесеме
|
Табыс
Кімді? Нені?
Кого? Что?
|
-ды, -ді
|
р, л, м, н, ң, у, ж, з, и, у, ю
|
Қызды
|
-ты, -ті
|
б, в, г, д, п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш
|
Қонақты
|
-ны, -ні
|
дауысты
|
Кесені
|
-н
|
тәуелдік жалғау, ІІІ/ притяжательная форма, ІІІ
|
Кесесін
|
Жатыс
Кімде? Неде? Қайда?
У кого? В ком? У чего? В чем? Где?
|
-да, -де
|
дауысты, ж, з
|
Қызда
|
-та, -те
|
б, в, г, д, п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш
|
Қонақта
|
-нда, -нде
|
тәуелдік жалғау, ІІІ/ притяжательная форма, ІІІ
|
Кесесінде
|
Шығыс
Кімнен? Неден? Қайдан?
От кого? Из чего? Откуда?
|
-дан, -ден
|
Дауысты, ж, з, й, р, у, л
|
Қыздан
|
-тан, -тен
|
б, в, г, д, п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш
|
Қонақтан
|
-нан, -нен
|
м, н, ң
|
Адаммен
|
Көмектес
Кіммен? Немен?
Кем? С кем? Чем? С чем?
|
-бен
|
Ж, з
|
Қызбен
|
|
-пен
|
б, в, г, д, п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш
|
Қонақпен
|
|
-мен
|
дауысты, р, л, м, н, ң, у
|
Кесемен
|
Септік жалғаулары бойынша тапсырмаларды орында: Ілік септік.
1. Берілген сөздерге дұрыс жалғауын қосып жаз.
Бөлме, керует, шаш, дәптер, қалам, ауыл
(- ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің)
2. Кімнің? сұрағына жауап беретін сөздерді белгіле.
Мынау Гүлнардың кітабы. Бибігүлдің әкесі қайда? Сабақтың аяғы қызық болды. Есіктің тұтқасы сынып қалды. Күннің көзі түсіп тұр. Ленаның көйлегі әдемі.
3. Берілген сөйлемдерді аударып, ілік септігіндегі сөздерді теріп жаз.
Это школа Жанар. Тетрадь ученика лежит на столе. Мяч Карима большой. Комната Алии чистая. Школьная библиотека открыта. Это книга Азамата.
Барыс септік
1. Берілген сөздерге барыс септігінің жалғауын қосып жаз.
Журнал, дала, сен, су, кітап, дүкен, қала, мектеп, ана, ауыл, үстел
2. Мына сөздерді қазақ тіліне аударып, қай септікте тұрғанын анықта.
В Омск, в аул, в город, к девушке, за мелом, к товарищу, к озеру, за учебником, за стулом, к Айжан, за водой.
3. Жақшадағы сөздерді барыс септігіне қойып жаз.
(к тебе) Әсет келіп тұр. Ол (взять учебник) келіп тұр. Біз (к вам) бара жатырмыз. (Им) сурет көрсет. Самат (домой) жат жазды. (На базар) бар. (В кино) барма, (на собрание) бар.
Табыс септік
1. Берілген сөздерге барыс септігінің жалғауын қосып жаз.
Бала, дәрігер, базар, дүкен, билет, жол, тамақ, кітап, сурет, көше
2. Кімді? Нені? сұрағына жауап беретін сөздерді анықта.
Ол кітапты оқыды. Самал дәптерді көшірді. Мен Асанды көрдім. Екіні екіге қос. Ол тапсырманы орындады. Мен мектепті жақсы көремін.
3. Берілген сөйлемдерді аударып, табыс септігіндегі сөздерді теріп жаз.
Я видел этот фильм. Я выучил уроки. Охотник поймал зайца. Сауле сварила суп. Я не брала твое письмо. Мы ждали поезд. Бумагу положила на стол. Я открыла дверь
Жатыс септік
1. Берілген сөздерге жатыс септігінің жалғауын қосып жаз.
Дәптер, қағаз, Асан, қыз, үстел, әже, сәрсенбі, әке, үй, көрші, тәрелке, ана, егіз, клуб, керует, еден, сөре.
2. Берілген сөйлемдерді аударып, табыс септігіндегі сөздерді теріп жаз.
Учебник у Асана. Тетради у меня. Моя бабушка в городе. Он в Астане. Цветы на столе. На улице темно.Зимой поедем в город.
3. Кімде? неде? сұрағына жауап беретін сөздерді анықта.
Оқытушы орындықта отыр. Қарлығаш бірінші қатарда отыр. Сыныпта оқушылар бар. Мұғалімде көп жұмыс бар. Дәптерде үй жұмысы жоқ. Жексенбіде серуенге барамыз. Жазда демаламыз. Сарада бор жоқ. Әкемде ақша жоқ. Үстелде түк жоқ.
Шығыс септік
1,Берілген сөздерге шығыс септігінің жалғауын қосып жаз.
Қағаз, есік, Асан, әке, үй, көрші, ана, клуб, керует.
2.Мына сөздерді қазақ тіліне аударып, қай септікте тұрғанын анықта.
От врача, из бумаги, из масла, от Алии, из Алматы, из овощей, из сахара, из мяса, от друга
3.Кімнен? Неден? сұрағына жауап беретін сөздерді анықта.
Мен мектептен келе жатырмын. Ол қаладан келді. Асан дүкеннен шықты. Ағаштан аспаптар жасайды. Мен үйден кеттім. Айманнан хат келді.
Көмектес септік
1. Берілген сөздерге көмектес септігінің жалғауын қосып жаз.
Жұмыс, орамал, кісі, сабын, жол, сіз, автобус, мұғалім, кеспе, дос.
2. Мына сөздерді қазақ тіліне аударып, қай септікте тұрғанын анықта.
Вместе с учителем, с другом, с гостями, с братом, со мной, с Каримом, с учителем, с отцом, с друзьями, с девушкой, с братом.
3. Кіммен? Немен? сұрағына жауап беретін сөздерді анықта.
Мен ұстазбен сөйлестім.Ботқаны қасықпен жейді. Жерді трактормен жыртады. Біз қайықпен жүземіз. Шегені балтамен қағады. Мен пойызбен келдім.
Достарыңызбен бөлісу: |