Серік Мырзалы философия оқу құралы


білімі ,  әртістің  өнер шеберлігі



Pdf көрінісі
бет412/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

білімі

әртістің 
өнер шеберлігі
, жазушының 
романы
, суретшінің 
суреті

сәулетшінің үй 
жобасы
, қолөнершінің 
сақинасы 
мен
шолпысы
т.с.с. 
Адамның әлеуметтік мәртебесі – оның істейтін ісінің тауар ретіндегі 
өтімдігі, ақшаға айналуы. Сонымен, адам қалтасындағы 
ақшасының 
қалыңдығымен
бағаланатын болды. Егерде адамның мәртебесі тек 
байлыққа келіп тірелсе, онда адамдардың арасында қатты бәсекелестік 
басталып та кетеді. Әлсіз, сайысқа шыдамағандар қоғамның шетіне 
шығып, өзін бейшара ретінде сезінеді. Пайда әкелмейтіннің бәрі есепке 
алынбайды. Мұндай жағдайда жақсы жасалған жеңіл машина нарықта 
өтеді де, композитордың жазған симфониясы, я болмаса реквиемі, 
ақынның өлеңі өтпей қалуы мүмкін. Достық, сүйіспеншілік, нәзіктік, 


485
абырой-намыс сияқты моральдық құндылықтар көп жағдайда «бос сөз» 
болып, ескерілмей қалады.
Қорыта келе
, мынаны айтуымыз керек: егер сіз осы қоғамда дұрыс 
ауқатты өмір сүремін десеңіз, онда 
қалаған мамандығыңызды терең 
де шығармашылық тұрғыдан меңгеруіңіз
керек, сонда ғана сіздің 
еңбегіңіз нарықта сұраныс табады, яғни сіздің қаражатыңыз болады. 
«Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» деген өмірлік бағдарлама сізді 
сәтсіздікке әкеледі. Сонымен қатар өмірдің мәнін тек ақша табуға әкеліп 
тіресеңіз, тағы да толыққанды өмірдің мән-мағынасын таба алмайсыз. 
Бұл жөнінде «Адам мәселесіне» арналған тараудан оқыңыз.
§ 2. Тарих философиясы
а) тарихты формациялық тұрғыдан талдау
Қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну жолында К.Маркс 
қоғамдық-экономикалық формация теориясын жасайды. Оның ойынша, 
ол – нақтылы-тарихи сатыдағы белгілі бір өндіріс тәсіліне негізделген 
қоғам. Формациялық тұрғыдан бүкіл адамзат тарихын талдай келе, 
К.Маркс келесі қоғамдарды ашады: алғашқы қауым, құлиеленушілік, 
феодалдық, капиталистік формациялар. Алайда адамзат тарихы 
болашақта коммунистік формацияны заңды түрде тудырады. Өйткені, 
оның ойынша, капиталистік қоғамның негізгі мақсаты – заттық
байлықты жинау, капиталды өсіру, ал тарихи сахнада өмір сүріп 
жатқан тірі адам – сол мақсаттың құралы ғана. Осы себепті К.Маркс 
капиталистік қоғамды қатты сынға алады. «Капитал ең тәтті 
шырынның өзін адамдардың бас сүйегіне құйып ішеді», …«адамдардың 
бір-біріне деген нәзік те жылы қатынастарын капитал мұзды суға 
батырады»,…«бұл қоғамда қартайып қайраты кеткен шал гүлденген 
жас әйелге үйленеді, өйткені бұл қоғамда бәрі де сатылады», – деп 
қорытады К.Маркс. Әрине, мұндай ахуалдың мәңгілік сақталуы мүмкін 
емес. И.Канттың «Адамды әрқашанда мақсат тұт» деген талабын 
жақсы білген К.Маркс, болашақта адамды негізгі мақсатқа айналдыра-
тын қоғам дүниеге келеді, ол – коммунизм деген тұжырым жасайды. 
К.Маркстің ойынша, бұл қоғамда жеке меншік толығынан жойылып, 
өндіргіш күштердің орасан зор дамуының нәтижесінде адамдар ара-
сында толық теңдік орнап, олардың барлық қажеттіліктері толығынан 
өтеліп, адамдар жан-жақты дамып гүлденеді, адамзаттың мыңдаған 
жылдар армандаған бақытты өмірге қолдары жетеді. Алайда ондай 
қоғамға жету жолында ең алдымен социалистік сатыдан өту қажет. 
«Күйреген капитализмді терістеп дүниеге келген бұл қоғамда әлі де 
болса таптар мен әлеуметтік әртүрлі топтар сақталады. Бұл қоғамда 


486
әр адамнан өз қабілетіне қарай, қайырымына еңбегіне қарай игіліктер 
бөлінеді», – деп қорытады К.Маркс.
Бүгінгі таңдағы К.Маркстің коммунизм теориясын сынаушы-
лар өздерінше оны «сілейте сынап», оған қарсы теріске ешқашанда 
шығарылмайтын деректер таптық деп масаттанады. Ондай «ғұламалар» 
әсіресе бүгінгі «либералдардың» араларында жиі кездеседі. Ол қандай 
деректер екен? 
Біріншіден, әр адамның барлық қажеттіліктерін толығынан өтеу 
үшін шексіз байлық өндірілуі қажет, ал оның ешқашанда болуы 
мүмкін емес, бұл дүниедегінің бәрі шектелген деген «даналықты» 
олар алға тартады. Осы арада дереу бізге мынандай ой келеді: 
Бүкіл дүниежүзілік қауым мойындаған аса дарынды ойшыл қазіргі 
кейбір майда қоғамтанушылардан да тайыз болғаны ма? Әрине, жоқ. 
Дүниедегінің барлығы шектелген, ол рас. Сонымен қатар бұл қағида 
адамға да қатысты. Мысалы, жеке адамға шаққанда жылына қанша 
ет, көкөніс, май, т.б. тағамдар керек екен? Ол шексіз бе? Әрине, шек-
телген. Басқа да адамға қажет материалдық игіліктерді де осы секілді 
қарастыруға болады. Бірақ бұл дүниеде шектелмейтін бір ғана нәрсе 
бар: ол – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет