Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет30/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Материалистік
бағыттағы философтардың көпшілігі дүниені 
адамның танып-біле алатынына ешқандай күмән келтірмейді.
Ал 
объективті идеализмге
келетін болсақ, олардың бір бөлігі 
дүниені танып-білуге болады десе, келесілері бұл мәселені теріс 
шешеді.
Адам дүниенің терең мәнін танып-біле алмайды, ол мүмкін емес 
деген көзқарасқа 
агностицизм
деген атақ берілді (a – теріс бөлшек, 
gnosіs – тану).
Осы ағымдардың ішіндегі субъективті идеализм ғана үзілді-кесілді 
біржақты шешеді: бізді қоршаған дүниені танып-білуге болмайды, 
өйткені ол – жоқ. Әрбір адамның ішкі жан дүниесінен шығатын өз 
дүниесі бар. Ал сыртқы, яғни адамға әсерін тигізіп жатқан, одан 
бөлек өмір сүретін дүние жоқ. Әрине, мұндай көзқарас, бір қарағанда, 
қарапайым қайсыбір адамның дүниетанымына қайшы келіп, сандырақ 
сияқты көрінеді. Бірақ философиялық деңгейде оны теріске шығару 
біршама қиындықтар туғызады.
Енді дүниетануды мойындайтын философияға келетін болсақ, олар 
келесі сұрақтарға жауап беруі қажет:
Адам дүниені қалай таниды?
Адам дүниені тану жолында қаншалықты дәрежеге көтеріле алады?
Тарихи тұрғыда бірінші сұраққа үш түрлі жауап берілді. Тарихи 
алғашқы пайда болған жауап – «қайсыбір таным тәжірибеден шығады». 
Мұндай танымдық тұжырымға 
эмпиризм
(emperіa – грек сөзі, тәжірибе) 
деген атақ берілді. Сонау көне заманда пайда болып, эмпиризм 
танымдық тұжырымдама ретінде XVII-XVIII ғ.ғ. қалыптасады. Соны-
мен, егер танымның негізгі қайнар көзін тәжірибеде деп мойындаса, 
ондай танымдық бағытты біз эмпиризмге жатқызамыз. Эмпиризмге өте 
жақын тұрған танымдық ағым – 
сенсуализм
(sensus – латын сөзі, сезім, 
қабылдау, түйсік). Сенсуализм таным үдерісіндегі сезімдік қабылдауды 
негізгі жол деп есептейді. Сенсуализмнің негізгі тұжырымдарының бірі 
мынадай: «Алғашқы сезімде болмаған – ақыл-ойда да жоқ».
Келесі таным теориясындағы ағым – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет